Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Планирование  /  9 класс  /  Тармақталу алгоритмдерін программалау

Тармақталу алгоритмдерін программалау

Саба?ты? та?ырыбы: Тарма?талу алгоритмдерін программалау Саба?ты? ма?саты: Білімділігі: О?ушылар?а Паскаль программалау тіліні? тарма?талу операторлары туралы т?сінік беру; теорияда ал?ан білімдерін практикада пайдалана алу?а ?йрету. Дамытушылы?ы: Компьютерлік сауаттылы??а, бірлесе ж?мыс жасау?а, ??ыптылы??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу. Т?рбиелігі: Тарма?талу операторларын пайдаланып, компьютерде есеп шы?ару да?дыларын ?алыптастыру; логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту. Саба?ты? типі: аралас саба? Саба?ты? к?рнекілігі: Электронды? о?улы? 9 сынып, интерактивті та?та, тапсырмалар жазыл?ан карточкалар, слайд.

05.05.2017

Содержимое разработки

Пән: информатика Сабақ №11 Күні:17.11 Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерін программалау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің тармақталу операторлары туралы түсінік беру; теорияда алған білімдерін практикада пайдалана алуға үйрету.
Дамытушылығы: Компьютерлік сауаттылыққа, бірлесе жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Тармақталу операторларын пайдаланып, компьютерде есеп шығару дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық 9 сынып, интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған карточкалар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Білімнің өзектілігі және білімдерін тексеру.
«Тест» сұрақтары арқылы еске түсіріп, білімімізді тексеріп өтейік:
Паскальда бағдарламаны орындау:
а) compile
ә) run
б) user screen
в) file
2. Меншіктеу операторы дұрыс жазылған:
а) a:=z+5
ә) a*x3+b:=0
б) z:=z+1, 4
в) a: b - sqr(4)
3. «integer» типінің диапазоны неге тең:
а) - 2147483648... +21474833647
ә) - 32768... +32767
б) - 127... + 127
в) - 1. 7*10308... - 1. 7. 10308
4. Қабырғалары a, b, c үш санға тең үшбұрыштың болатындығын тексеретін дұрыс шартты көрсет:
а) a b+c) or (b a+c) or (c b+a)
б) a b+c
в) дұрыс жауабы жоқ
5. Логикалық тип:
а) integer
ә) string
б) boolean
в) byte
6. [F9] Borland Pascal - да қандай қызмет атқарады:
а) бағдарламаны жабу
ә) сақтау
б) орындау
в) компиляциялау
7. sqr(x) нені есептейді:
а) х - тің квадратын
ә) х - тің абсолюттік шамасын
б) х - ті кубтайды
в) х - ке, s - ті көбейтеді
8. Паскаль тілінде Х санының бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады:
а) INT(X)
ә) ABS(X)
б) ABC(X)
в) TRUNC(X)
9. Паскальда нәтиже алу операторын көрсет:
а) PRINT
ә) WRITE
б) OUTPUT
в) READ
10. «а» айнымалысын енгізу операторы.
а) read(a)
ә) write(a)
б) input(a)
в) print(a)


ІІІ. Жаңа сабақ:

Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер, then(зен) – онда, else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE.

Толық оператордың жазылу түрі: 

{егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}

IF  

THEN  

ELSE ; 

ІІ топ   Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады. Қысқа оператордың жазылу түрі: 
IF  

THEN  ; 

IF шартты операторы: IF(егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін  өзгертетін  мүмкіндіктің ең кең тараған  тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы:

IF сөзінен соң  жазылатын өрнек түрінде  берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (boolean- бульдік)  типте болады. Егер ол шарттың мәні  TRUE  ақиқат болса, онда THEN (онда)   ELSE (әйтпесе)  сөзінен кейінгі  2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда шарт мәні FALSE(жалған) болса, онда  ELSE сөзінен кейінгі   2- оператор орындалып, 1-оператор орындалмайды. IF  операторы бірінің ішіне бірі кіріп, қабаттасып  та орындала береді.

Блок-схема

Тармақталу командасы

Алгоритмдік тіл



1-серия

2-серия

шарт

иә

жоқ



егер 

онда 

әйтпесе 

бітті



Паскаль тілі


IF шарт THEN серия ELSE серия



Алгоритмдік тіл

Блок-схема


IV. Практикалық жұмыс:


=

Тең

Үлкен

Кіші

=

Үлкен немесе тең

Кіші немесе тең

Тең емес

Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер деп атайды.

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

№1 тапсырма. Берілген сан х нақты саны х0 - ге тең болса, онда х - ті екіге арттыр, әйтпесе х - ті екі еселе.
Есептің программасы:
Program esep_1;
Var x, y: real;
Begin
Readln(x);
If x0 then y:=x+2 else y:=2*x;
Writeln(‘y=’, y);
End.

№ 2 тапсырма.  Пернетақтадан  трамвай  билетінің  нөмірі  (1 орынды 6 сан) е нгізіледі.  Билеттің  «бақытты» нөмір  екенін  анықтайтын программа құру керек. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3  цифрының  қосындысына тең.
Program esep_2;
Uses crt;
Var x, y, z, a, b, c, S, S1: real;
Begin
Clrscr;
Writeln(‘bilet nomerin engiz…’);
Readln(x, y, z, a, b, c);
S:=x+y+z;
S1:=a+b+c;
If S=S1 then writeln(‘bakitty nomer’) else writeln(‘bakitty nomer emes’);
End.

№ 3 тапсырма. Екі санның үлкенін табатын бағдарлама құру
Program esep_3;
Uses crt;
Var x, y, max: integer;
Begin
Clrscr;
Writeln(‘Eki sandy engiz…’);
Readln(x,y);
If xy then max:=x else max:=y;
Writeln(‘Eki sannyn ulkeni = ’, max);
End.


№ 4 тапсырма. N натурал саны берілген. Егер n саны тақ және оны екі еселегенде алынған сан 32767 - ден кем болса, онда ол санды 2 - ге көбейтіңдер. Басқа жағдайда санды өзгеріссіз қалдырыңдар.
Program esep_4;
Uses crt;
Var n: integer;
Begin
Clrscr;
Write(‘n - ді енгізіңдер: ’);
Readln(n);
If (n mod 2=1) and (n then n:=2*n;
Writeln(‘n=’, n);
Readln
End.
V. Сабақты қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы: тақырып 3.5 , 104 бет оқу



-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тармақталу алгоритмдерін программалау (44.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт