Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  6 класс  /  Тапқырлар сайысы

Тапқырлар сайысы

Повторение пройденного материала в игровой форме.

24.02.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Тапқырлар сайысы

Сабақтың мақсаты: Алғырлыққа, ұшқыр ойлап тез шешім шығаруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: ізгі ниетті адалда еңбек қор сезімтал болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы: тапқырлар сайысы атты кешіміз ашық деп жариялаймыз (әділ қазылар алқасын сайлау)

І. Амандасу рәсімі

ІІ. Үй тапсырмасы: «Мақал – мәтелдер мен жұмбақтар» 7 өнерін көрсетеді. Әділ қазылардан ұпай сұрау.

ІІІ. «Жұмбақтар» 5-6 сынып өнерін көрсетеді. Әділ қазылардан ұпай сұрау.

ІV. «Ширақтық шапшаңдық бөлімі» логикалық есептер шығару 8 сынып өнерін көрсетеді. Әділ қазылардан ұпай сұрау.

V. «Мақал-мәтелдерді жалғастыру» 9 сынып оқушылар өнерін көрсетеді.

VІ. Қортындылау: Бұл кім?

а) өз өмірінде 40 тонна тамақ жейді

б) дүние жүзіндегі ақылды жыртқыш

в) қуаты орта есеппен 2,2 вт (адам)

VІІ. Әділ қазылар шешімін тыңдау

  1. Ұраны сәлемдесу

ІІ. Оқушылар үй тапсырмаларына өздерінің жаттап келгкен жұмбақтарын жасырып мақал мәтелдермен жарысу.

ІІІ. Жұмбақ жасыру

  1. Жұрттың бәрі оны сүйеді, бырақ қарағысы келмейді. (күн)

  2. Барма, жоқпа оны білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүрмейсіің. (ауа)

  3. Өз еркіне жібересің, дүниені бүлдіресің (от)

  4. Жоқ өзінде баста, қаста мойында ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

  5. Суға саласың батпайды, отқа салсаң жанбайды. (мұз)

  6. Өмірдің бұл шырағы, әр жүйрік көрген. (көз)

  7. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап)

  8. Заманда Пушкиндер

Бас киімғып киген

Кейінен ол дене-Техника еншісіне тиген

Призманы біздерге

Атам-деп атады

Көп болса саны Қуатыда артады

Тау болсада жүгіңіз

Қиналмастан тартады

Бұл қай фигура екенін кәне кім айтады. (цилиндр)

  1. Қыздары қазақтың сәукеле деп киген

Күлдіргілерде киеді

Көрермендер сүйген

Бекіу үшін тетікті

Толтыру үшін кетікті

Алғашқы түрі өзгеріп

Қиықта болып кетіпті (конус)

  1. Санға қосып аласың

Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады

Көп адамдар сол санға Шекесінен қараған

Сан өсін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған (ноль)

  1. Санау үшін малды талды

Ертеден мұра болып қалады

Көбейтіп бөліп азайтып қосамыз

Күнделікті ол санды (натурал сан)

12.Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланамыз күнделікті жарық үшін. (тоқ)

13. Жалғыз бағыт білері

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді

Бырақ өзі көрмейді.

14. Туыстарын шетінен

Өбеді де бетіне

Бала шаға ұсағын

Бауына қысады (магнит)

15. Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп)

16. Тар шеңберді айналып

Тұр құдықта байланып

Қаға берер таңдайды

Әдетінен танбайды (сағат)

17. Ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында түрлі түсті жарық шақтарына жіктелуінен пайда болған тамаша көрніс (кемпір қосақ)

18. Жіпке іліндім мен өзім, кіп кішкентай күн көзін. (электр шамы)

6- сынып оқушылары өнер көрсетеді:

ІV. Ширақтық шапшаңдық

  1. Үш санына байланысты ырым жоралғы білесіз? ( үш тәтті, үш арсыз, үш жүз, т.с.с)

  2. Жеті санына байланысты не білесіз? (жеті күн, жеті қазына)

  3. Сан есімі бар бір неше мақал айт. (бас екеу болмай бас екеу болмайды, екі жүзді пышақтан сақта)

Математикалық логикалық ойлау:

  1. Алпыс үш метірлік бөренені жарты метірден неше бөлікке бөледі. (үш жүз)

  2. Күлшат 106 литр су майды 5 литр және 7 литр ыдыстарға құйды. Неше 5 литірлік неше 7 литірлік ыдыс қажает? (10 ыдыс 5 литр, 8 ыдыс 7 литр)

  3. Бір кемпір: Сапырып-сапырып сарманға бер

Құып-құйып құрманға бер

Есіктегі екеуге бер

Төрдегі төртеуге бер

Өзің іште маған бер-деген екен мүны естіген ұрылар:-қой мұнымыз бекер болар бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен кетейік-деп кетіп қалыпты кемпір тапқырлығы мен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу. (10 адам 5 ұры)

4.Сегіз литр ыдыс толы сүт бар, 3 және 5 литтрлік ыдысты пайдаланып 4 литр сүтті қайтып құйып алды.

5. Санамақ: Түйе бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге ойлап қой (17)

V. мақал-мәтелді жалғастыру

1. Өзге елге сұлтан болғанша ...(өз еліңе ұлтан бол)

2. Ер бір өледі....(қорқақ мың өледі)

3. Білекті бірді жығар ....(білімді мыңды жығады)

4. Қына тасқа бітеді .....(білім басқа бітеді)

5. Екі аяқты бажа тату .... ( төрт аяқты бота тату)

6. Сиыр сипағанды білмейді ...(жаман силағанды блмейді)

7. Арпа бидай ас екен....(алтын күміс тас екен)

8. Әлсіз ат сүріншек ....( ақылсыз адам еріншек)

9. Жүз сомың болғанша ...(Жүз досың болсын)

10. Ердің екі сөйлегені өлгені ...( еменнің илгені сынғаны)

11. Екі тілді білген адам ... (екі адам)

12. Алты жыл аш болсаңда ... (ата-анаңды сила)

13. Бір күндік жолға шықсаң ...(Үш күндік азық ал)

14. Жүзден біреу шешен ... ( мыңнан біреу көсем)

15. Отыз күн оразаның бір күн айты бар ... (ар қылған жақсылығыңның бір қайтуы бар)

16. Елу жылда...(ел жаңа)

17. Еріншектің. .... ( ертеңі таусылмас)

VІ. Қортындылау: 9 сынып өнерлерін көрсету.

VІІ . Әділ қазылар шешімін тыңдау.









































Ата-баба дәстүрі асыл қазына

Қазақ әйелдері

Ұлттық мәдениет тарихын зерттеу қай халықтың табиғи қажеттілігіне туындайтын белгілі. Ол халық ақыл-ойының қайнар көзі, мәдениеттің алтын қоры болып есептелінеді. Қазіргі кезде халықтың өткен өмірін тереңірек оқып білуге мол мүмкіндік алып отырамыз. Қазақ қаумдастығында алған ар-намыс, бедел белесін ашып көрсетуге кең жол ашылды, жалпы алғанда әйелдер мәселесі тарихы шым шытырық оқиғаларға толы, өте күрделі мәселелердің бірінен саналады. Атап айтсақ қазақ әйелдері өздерінің өмір тіршілігінде әр түрлі жағдайларға байланысты едәуір дәрежеге емін еркіндеу болды. Олар әйелдің беделін түсіретін кемісітушілікке ұрындыратын әдеп-ғұрыптың шырмауына мәлімдейтін түсінік жоқ. Азия Республикаларын мекендеген өз халықтарының әйелдеріндей пәренжемен бетін бүркемелеп жүрмеді. Баяғы заманда қазақ әйелдері тіпті отбасының тірегі аталған елбасталған ерлеріне өз үкімін жүргрізіп келген. Мысалы: қахарлы Құнанбай кейбір күрделі мәселе жөнінде, әсіресе Абайға қатысты жайттарға келгенде Зеренің айтқандарын екі етпей орындаған. Біздіңше, қазақ әйелдерінің теңдігі, әділдікте өмір кешуі некен-саяқ, сирек көрініс болған. Мұны халық даналығынан туындаған тұрмыс тіршіліктің айнасы есептелінетін маржан сөздердің мазмұнынан да айқын аңғарамыз. Атам қазақ қыз туғанда «өрісін кеңейтеді» деп қуанған. «Әйел үйдің көркі, еркек түздің көркі», «жақсы әйел ырыс, жаман әйел-ұрыс», «әйел жерден шыққан жоқ, ол да еркектің баласы, еркек көктен түскен жоқ, әйел оның анасы» , «Орта жолда атың тастамасын, орта жаста қатының өлмесін» , «Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық- ақжаулық, үшінші байлық- он саулық», «Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді» , «Жерді шым біріктіреді, елді қыз біріктіреді» - деп айта беруімізге болады. Мұсылман отбасыларда өзге халықтар сияқты ер баланың дүниеге келгеніне шексіз қуанған. Соған қарамастан олар қыз баланың отбасындағы орнын айрықша санаған. Қазақтар ерте заманда-ақ қыздарына мейірін төккен, оларды «күн түсірмей, жел қақтырмай» - дегенлей мәпелеп өсіруге мән берген. Қолында барін қызының үстіне кигізген, жақсы мінез құлыққа тәрбиелеген. «Жат жұрттыққа жаратылған бала» деп ең сәнді, ең бағалы заттардан екіншісін ерте бастан әзірлеп отырған. Қазақтар қызын ата-ана үшін «қонақ » деп санаған. Ұзатылып барған жерінде жас келін біразға дейін еркін жүрген. Ол жас шағынан өзіне шамалас қыздармен абысын – жеңгелерінің қамқорлығына көз қырына алынған . Оның үстінен көпке дейін қыз киімінде шешпеген, осының өзі- ақ оған жас келінге жаңа отбасындада құрметпен, жанашырлықпен, сыйластықпен қарағандығын көрсетеді. Тек алғашқы бала өмірге келгеннен кейін ғана қыз кезіндегі бас киімін өзгертетін болған. Жас келін алғашқы нәрестесінен кейін ғана барған жеріндегі әйелдердің ортасына еніп, үй шаруасының күйттеуіне етене араласа бастайтын болған. Мынандай жайтты ерекше атап өтер едік, отбасылық қуаныш –ренішке қатысты өткізілетін жиналыстарда жас келін бұрындары жазылып келгендей үйдің отымен кіріп күлімен шығатын күңі болған жоқ . Керісінше өзге де әйелдер сияқты күтілудің аяқ-табақ саласында жұмыстарына білек түре араласқан. Бұл істе олардың қайсы бірі тіпті, пәрменді ұйымдастырушы ретінде танылған. Тұрмысқа шыққанан кейін арада 2-3 жыл өткен соң жас отбасы өз алдына отау тігіп, жеке отау етіп шығарған . Осы кезден былай қарай жас келін өз үйінің толық қожасына айналады. Қазақ отбасы атам заманнан бері жас келінді осындай баурмалдық, туыстық қатынасқа тәрбиелеген мұны «Ағайын тату болса-ат көп, абысын тату болса- ас көп» деген мақалдың мазмұнынан аңғарамыз. Мұны талдап, айтар болсақ, от басының басшысы-ер адам, асыраушы ретінде танылған, ал әйел болса , сол табысты үй ішінде ұқсатқан. Кейін жылдар өтіп, бірнеше балалар өсіріп ел ішінде жақсы қырымен көрінген әйелдерді ері «Бәйбіше» -деп оның отбасындағы орнын асқақтата көтеріп отырған. Олар өзінің ақылдылығымен, жақсы мінез- құлқымен, қолының ашықтығымен балаларын жақсы тәрбиелеп өсіргендігімен, туыстар арасын жақындастыра түсетіндігімен ерекшеленген. әр түрлі дау-дамайлық жағдайда олармен ақылдасып отыруды ерлері де, тіпті ауыл-аймақтың азаматтары да өздеріне ар санамаған. Сондай ақ жүн түту, ұршық иіру, кіимді- жасауға, киіз басу, сырмақ жасау өрнек құрып , кілем тоқу және басқа істермен де айналысқан. Су әкелу, кесте тігу кеудеше, шәлі тоқу тағы басқа осы тәрізді қол өнер жұмыстар мен көп жағдайда қыздар шұғылданған. Мұндай өнерді ісмер әжесі мен анасы үйретіп отырған. Қыз бойында қалыптасқан бұл өнер оның ұзатылып барған жерінде де өзінің жалғасын тапқан. Жас келінге қонақ күтіп, дастархан жаю мен оны жинап алу, шәй құю, күн сайын үй ішін жинастыру сияқты жұмыстардың жай- жапсарынан хабардар етіп, жөн сілтеп, ақыл- кеңесін аямай қажетті жерінде қол ұшын беріп отырған. Қазақ отбасындағы мына бір жайыт назар аударуға тұрарлық. Баласымен әйелі ренжісіп қалса, үй иелері мұның кінасын баласынан көріп, келінге шаң жуытпайтын болған. Өршіп кетпес үшін балаларына ақыл кеңес беріп тәртіпке шақырған. Қазақ әйелдерінің от басында беделінің жоғары болуын нағашы жұртының оларды ерекше қадыр- құрмен тұтатындығында көреміз. « Нағашы жұрттан өсіп-өнгенбіз» - деген аталы сөз осындай салт-дәстүр негізінде айтылса керек . Біздіңше, қазақ отбасында қыздарды тәрбиелеу жүйесі де ата-ана қыздарын ер балаларынан өзгеше қараған. Оң тәрбиелеу ісі де ер балаға қарағанда басқашалау болған. Мұнда оны отбасылық өмірге икемдеу басым орын алған. Бұл жерде әженің орнын ерекше атап өтер едік. Ол отбасындағы ұлы тұлға, оның өмірлік тәжірибесі мол – көпті көрген , көп жайтты жадына сақтаған. Сондықтан жас ұрпаққа, әсіресе қыздарға ұсынарда, берерде ұшан –теңіз әжесі атанатындай егде әйелдердің сиреп кеткендігі бар.

Қазақ халқы қыздарын ұлтттық дәстүр аясында тәрбиелеп келеді. Қазақ қыздарының мінез-құлқы мен жұріс-тұрысындағы қазыр бір көріп жүрген өзгерістерге мектептерде, оқу орындарында жүйелі түрде тәрбие беріп, салтымызды сақтап қалу басты міндетіміз.














































Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы

Сабақтың мақстаы: Оқушылардың ой үшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылығы: Үйымдастырушылық қабылеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пән қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге

Сабақ түрі: Топтық сайыс түрінде

Сабақ әдісі: Ойын түрінде

Сабақ барысы:

Жүргізуші: Уа қалайық қалайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп аңдысып

Шабыттасып шалқысып

Есеппенен ән салып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шеруін шашайық

Мұнда қызық табылар

Жаңылпаш-жұмбақ тағы бар

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар сіздерді озық ойлы оқушы атты кешімізді көруге шақырамыз. Әділ қазылар алқасын сайлайық

Жүргізуші:

Біреудің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты стейтін миы бар

Енді әр команданы ортаға шақырамыз.

Кештің өту тәртібімен танысамыз

  1. Мақал-мәтел

Ердің екі сөйлегені өлгені

Еменнің іилгені сынғаны


  1. Екі тілді білген адам екі адам

  2. Бір күндік жолға шықсаң үш күндік азық ал

  3. Алты жыл аш болсаңда ата-анаңды сила

  4. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл

  5. Отыз күн оразаның , бір күн айты бар

Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар

  1. Ұлықпан Хакім мың жасапты әр мәжілісін бір жылға санапты

  2. Жерді екі жыртқан екі есе өнім алады

  3. Шындық он екі қабат шынжырды үзеді

  4. Жүзден біреуі шешен мыңнан біреу көсем

9-сынып оқушысы Жанат Айнагүл анаға арнау өлеңі

ІІ. Жұмбақ:

1.Қос құлақты жүз тісті, жүзінен бырақ із түсті (ара)

2. Жүз мұйізі бар үстінде киізі бар (Кигіз үй)

3. Екі қатар тал шарбақ күндіз алыстайды қабыспайды түнде қабысады жабысады (екі кірпік)

4.Бұлбұлдың екі құлағы бар бір басы бар салдырған сегіз жерден таңбасы бар Бұлбұлды жолға салып айдағанда салатын неше түрлі жорғасы бар (Домбыра)

5. Еңкеймесе екі бетін кір басар еңбектенсе екі бетін нұр шәшар (Кетпен)

6. Доп емес дөңгелек емес ұқсас бырақ достарым фигура ол негізгі жауапты қостадым. (Шеңбер)

7. Шеңбер доп емес доп сияқты доп емес доп деп шеңберді ойлама шеңбер ол емес (Дөңгелек)

8. Бүтін сан бөлшек сандар барлығыда бар онда бұл қандай сан оң теріс сан бәрі осында (рационал сан )

ІІІ. «Математиканың қажеті бар қажеті жоқ»-деген пікір сайыс әр команда капитандары (8-сынып оқушылары өнер көрсетеді)

Жүргізуші:

2030-дың бағдарлы биігі

Білімнің еншісі мұны әр кім біледі

Сондықтан достар ау, дарынды қарайық

Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді

ІV бір минуттық жорға сайысы

  1. Қандай таңбалар геометриялық таңбаларды кішірейтуден шыққан (Үш бұрыш парелел, перпендикуляр)

  2. Шаршы формалы шоколат тоғыз бөліктен тұрады осы шаршы бөліктерді жеке-жеке бөліп алу үшін неше рет сындыру керек ( төрт)

3.35нешеге тең (243 тең)

4. алманың жартысы неге ұқсас (Екіші жартысына ұқсас)

5.П-саны иррационал әлде рационал саны (иррационал)

6. 50-ді 0,5 бөліңдер (100)

7.(Сағат неше рет соғады?) сағат бір сағатта соғады үлкен тілі нешені көрсетсе, сонша рет соғады сонда 12 сапғатта нешерет соғады (78)

8. Күн көзі жылына неше рет шығады (365 күн)

9. Үш ат шегілген күйде бір сағатта 15 км шауып өтті әр бір ат қандай жылдамдықта шауып өтті (15)

10.Бір таңбалы санға дәл осындай санды тіркеп жазса қанша рет өседі (11)

11. Екі тілді білген адам ...(екі адам)

12. Алты жыл аш болсаңда ...(ата-анаңды сыйла)

13. Бір күн жолға шықсаң ... ( үш күндік азық ал)

14. Жүзден біреу шешен ... (мыңнан біреу көсем)

15. Отыз күн оразаның бір күн айты бар ... (әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар)

16. Елу жылда ... (ел жаңа)

17. Еріншектің ... (ертеңі бітпес)

VІ. Қортындылау: 9-сынып өнер көрсетеді.

VІІ. Әділ қазылар шешімін тыңдау











-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тапқырлар сайысы (29.33 KB)

Похожие файлы

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели