Қызылорда қалалық білім бөлімі.
№253 орта мектеп.
«Бастапқы әскери дайындық» пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Қ.Т.Толымбетовтің
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша
«Ашық сабағы».
Тақырыбы: «Тактикалық дайындық : «Жарылмайтын және жарылатын инженерлік бөгеттер.
Танкіге және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар»
.
«Дене тәрбиесі» әдістемелік бірлестік отырысында қаралып мақұлданған
« 8» қараша 2016 жыл протокол № 2 .
«Дене тәрбиесі»әдістемелік бірлестік төрағасы: Е.Отаров.
Қызылорда 2016 жыл
Сабақ тақырыбы: Тактикалық дайындық. «Жарылмайтын және жарылатын инженерлік бөгеттер.Танкіге және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар».
Жаңа сабақ сұрақтары:
1.Инженерлік бөгеттердің арналу мақсаты және олардың тактико-техникалық сипаттамасы.
2. Танкіге қарсы ТМ-62М минасының жалпы құрылысы мен тактико техникалық сипаттамасы, жұмыс істеу принципі.
3. Жаяу әскерге қарсы ПМН-2 минасының құрылымы, тактико-техникалық сипттамасы, жұмыс істеу принципі.
4.Инженерлік бөгеттерді залалсыздандыру және олардан өту.
Қазіргі заманғы ұрыстан инженерлік бөгеттер бөлімшелердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге бұрынғысынша маңызды рөл атқаратын болды.
Инженерлік бөгеттер қарсылыстың ілгерілеуін бөгеу, маневрін қиындату, адам күші мен техникасын шығынға ұшырату, өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады. Инженерлік бөгеттер әскерлердің ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады, оларды табиғи бөгесіндермен де ұштастырып командирдің шешіміне сәйкес жасайды. Инженерлік бөгеттерді шептер бойынша (әскерлер шептердің алдынан) және бағыттар бойынша жасайды; олар қарсылас үшін күтпеген жерде болуы және өз әскерінің қимылын шектемеуі керек.
Инженерлік бөгеттер минажарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер болып сараланады, танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы болып бөлінеді.
Минажарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы (шоғыры) мен жеке миналар түрінде жасалады.
Минажарылғыш бөгеттер жасау үшін танкке қарсы (ТҚМ), жаяу әскерге қарсы (ЖҚМ) миналар, сондай-ақ жарылғыш заттардың (ЖЗ) зарядтары қолданылады, минажарылғыш бөгеттермен бір кешенде сигналдық миналар (СМ) қойылуы мүмкін.
Танкке қарсы миналар танктерді және де басқа да ұрыс машиналарын жою үшін қолданылады. Олар танк және басқа ұрыс техникасы жүріп келіп, басқан кезде жарылатын шынжыртабанға қарсы, түпастыға қарсы болып бөлінеді.
Жалпы құрылысы: Танкке қарсы миналар корпустан (металл, ағаш, пластмасса), жарылғыш зат зарядынан, жарылғыштан және аралық детонатордан тұрады. Танкке қарсы кейбір миналардың түбінде жә
не бүйір бетінде миналарды алынбайтын жағдайға қойған кездегі жарылғышқа арналған бұрандалы тұтандырғыш ұялар болуы мүмкін.
Танкке қарсы ТМ-62М миналарды МВЧ-62 жарғышымен қолданылуы мүмкін.
Әрекет принципі: қалқаншасын басқан кезде ол төмен түседі? Оның М-1 детонатор-капсюлі бар төлкесдетонаторға тіреледі; одан әрі басылғанда мұрындықтар қиылып шарлар соққышты босатады; ол соққы серіппесінің әсерімен детонатор-капсюлі тесіп,оны және минаны жарады. Танкке қарсы ТМ-57 миналары МВ-57 жарғышымен қолданылады Минаның әрекет принципі: қойылған минаның үстінен басқан кезде мұрындық қиылады, шарлар соққышты босатады; соққы серіппенің әсерімен соққыш капсюл-детонаторды теседі де, ол да мина да жарылады.
Танкке карсы ТМК-2 кумулятивті минасы танктің не басқада ұрыстық техникасының астында жарылады.
Жаяу әскерге қарсы миналар адам күшін жою үшін қолданылады. Олар фугас (ПМД-6М,ПМН) және жарықшақты (ПОМЗ-2М, ОЗМ-72 және МОН-50) болып сараланады.
Жаяу әскерге қарсы ПМД-6М миналары МУВ, МУВ-2 және МУВ-3 жарғыштарымен қолданылады.
Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М миналары жарықшақты миналары МУВ, МУВ-2 немесе МУВ-3 жарғышымен қолданылады.
Минажарылғыш бөгеттерді білдіретін тән белгілер:
Танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы миналанған алаңдар, мина шоғырлары мен жеке миналар: миналар орнатылғаннан кейін топырақтың жинастырылмағандығы: миналар мен жарғыштардың ұмыт қалған (шашылған) орамалары, қағаз затбелгілер; қалып қойған құрал-сайман, миналау құралдары; сілтемелер мен қоршаулар; маңайында төмпешіктердің, қылтиған қадалардың, орнатпа және керме қазықтардың, баулардың, сымдардың болуы; миналардың үстіне бүркемелеген қабаттың төңірекке тән қөріністерөзгішілігі; мина қою кезінде жүрген минаорнатқыштардың шынжыртабандардарының (доңғалақтарының) бороздалары мен іздері.
.Жою әдістері. Сым кермелермен орнатылған жаяу әскерге қарсы қолданылатын жарықшақты миналарды жою бауының ұзындығы 30-50 метр тарбақтармен жүзеге асырылады.
Тарбақты тексерілетін жерге (миналанған алаңға) кезектесіп алға лактырып кейін суйрейді. Миналардың бар екенін жарылғандарынан қарап анықтайды.
Танкке карсы миналанған алаңда кермелі бар жаяу әскерге қарсы миналар орнатылған болуы мүмкін. Миналарды тралдау және жою үшін инженер-саперлік бөлімшелерден іздеу және жою құралдары сама-сай неғұрлым дайындалған бөлімшеге тағайындалады;
Олар әуелі жаяу әскерге қарсы миналарды тралдайды, одан соң танкке қарсы іздеп бастайды.
Танкке қарсы миналар тарбақтармен белгіленген орындарға жиналыс, батырма зарядтармен жойылады.
Жарылмайтын инженерлік бөгеттер мақсатына қарай танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы бөгеттер деп сараланады.
Танкке қарсы бөгеттер танкке қарсы олар, эмкарптар, контрэскарптар, бағандар( ағаш, металл, темірбетон, тас), орманда бөренелерден, су қоймаларында мұздан жасалған тосқауылдар, елді мекендерде арандар, баррикадалар, қар үйінділері, тау беткейіндегі мұз жолақтары, өзендер мен су қоймаларда суаттар, су жаймалары, сондай-ақ ағаш үйінділері, тауларда, елді мекендерде жасалған үйінділері, тауарда, елді мекендерде жасалған үйінділер жатады.
Жаяу әскерге қарсы бөгеттер ауыстырмалы және тұрақты болады.
Ауыстырмалы сым бөгеттер негізінен өтпелерді, бөгеттердің бұзылған тұстарын жылдам жабу үшін, сондай-ақ басқа да бөгеттер жасау қиын болған жағдайларда қолданлыда. Оларды әдетте күнілгері жасап, дайын күйінде орнатылатын жерлерге жеткізіп қояды (онша еленбейтін сым торлар, тікенді және тегіс сымнан жасалған тез орнатылатын бөгеттер, шиыршықтар, арандар).
Тұрақты бөгеттерге биік және аласа қазықтармен бекітілген сым торлар, сым қоршаулар, ілмектер мен тұзақтар, ормандағы бөгеулер, түбірлер мен бұталарды тікенді сыммен шалмалау т.б жатады.
Шөл дала және елсіз таулы жерлерде «қасқыр қамбарлар», қыста беткейлерге мұз қатыру қолданылады.
Танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттер бөлек-бөлек те, бір-бірімен ұштастырып та қолданылады; оларды минажарылғыш бөгеттермен және белгі беретін құралдамен күшейтуге болады.
Жарылмайтын бөгеттер жасаған кезде оларда өз әскерлерін өткізуге арналған өтпелер қалдырады, ал бұл өтпелерді тез бітеу үшін қажетті құралдарды (ауыстырмалы бөгеттер не машиналар) дайындап қояды.
Жарылмайтын бөгеттер бүркемелеу үшін бөгеттердің негіздерін (бағандарды, арандар мен қазықтарды) бүркемелер сырлау, жасанды перделер қолдану, алдамшы бөгеттер жасау пайдаланылады.
Қорытынды бөлім:
Жаңа сабақты пысықтау сұрақтар:
1.Инженерлік бөгеттердің арналу мақсаты?
Инженерлік бөгеттердің түрлерін айтып беріңдер?
Инженерлік бөгеттердің жұмыс істеу принципі қандай?
ТМ-62М минасының құрылымы және арналу мақсаты не ?
ТМ-62М минасының жұмыс істеу принципі қандай?
ПМН-2 минасының құрылымы және арналу мақсаты?
ПМН-2 минасының жұмыс істеу принципі қандай?
Инженерлік бөгеттерді залалсыздандыру және жеңу жолдарын айтыңыз?
Үйге тапсырма:
«Алғашқы әскери дайындық» оқулығы .Алматы:Мектеп,2011ж.
Тактикалық дайындық: 3-тарау.§7;§8. 85-92 беттер.