Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  4 класс  /  ТАҚЫРЫБЫ: Сөз таптары

ТАҚЫРЫБЫ: Сөз таптары

Жұмбақты жатқа жазу барысында каллиграфиялық ережелерді сақтайды. Жұмбақтағы түсініксіз сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды ҚБ: Түрлі түсті қарындаш арқылы арқылы 8-жаттығу. (Ж) 6-7 жаттығуды оқи отырып,мəтіндерді салыстыру. КБ: Ұсынылған мəтіндердің арасында қандай айырмашылық бар? Ұқсастық бар ма? Ойыңды дəлелде. Қай мəтін көркем мəтінге жатады? Ал ғылыми-танымдық мəтінге ше? ҚБ: Түрлі түсті қарындаш арқылы арқылы Сергіту жаттығу «Күн, жер, су» ойыны. «Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді. «Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.«Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді. 9-жаттығу. (Ұ) Жұмбақтар тауып жазу. сүңгі, жаңғырық, тұман, бұршақ сөздерінің бірі туралы тауып жазу. Айтқаныңды айнытпай, Қайталайды өзiңе Тiл қатқанмен қаймықпай, Көрiнбейдi көзiңе. (жаңғырық) Дескриптор: Сын есім, сан есім, етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын тауып, өз жауаптарын жұптасып дəлелдейді КБ:Сөз таптары қай сөзбен байланысып тұр? ҚБ: Мадақтау сөздері арқылы арқылы
24.06.2020

Содержимое разработки

САБАҚ: Қазақ тілі Мектеп: №42 «Ақжар» шағын жинақты жалпы орта мектебі


ТАҚЫРЫБЫ: 66-сабақ. Сөз таптары

Күні: 13.01.2020ж

Мұғалімнің есімі: Маликова Г.А

Сынып: 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.4.2.6 – сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау; 4.2.5.1 – дереккөздерден (мəтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мəнмəтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар жасай алады: Сөз таптарын еске түсіріп, ажырата алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:Тірек-сызбаны пайдаланып, сөз таптарының сұрақтарын ажырата алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Сөз таптарын ажырата алады.

Зат есімнің, етістіктің, сын есім мен сан есімнің сұрақтарын біледі. Дереккөздерден ақпарат табады.

Жаңа сөздің мағынасын анықтайды.


Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

Электронды тапсырмалар.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Сөз таптары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал туғызу.

Даламдай кең пейілім (құшақтарын ашады).

Жүрегім толы мейірім (жүрек тұсын қолымен ұстайды).

Мен үшін жоқ уағың (қолымен кіші дегенді көрсетеді).

Бəріңе ортақ шуағым (екі қолын көтереді).

Мақсатты қою

– Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

– сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтаймыз – дереккөздерден (мəтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мəнмəтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалаймыз









Ортасы

6-жаттығу. Мəтінді оқып, өзіне түсініксіз сөздерді белгілеу.

Сөздіктен кестедегі сөздердің мағынасын анықтап,сөз таптарына ажырату

Сөздер

Менің білуімше

Сөздікпен анықтағаным

Қай сөз табы

қапырық

ыстық

Жаздың ыстық күндері

Сын есім


Кемпірқосақ қай кезде пайда болады?

– Күннің жарығы дегенді қалай түсінесің?

КБ:Мəтіннен қандай сөз таптарын кездестіруге болады?

ҚБ: Түрлі түсті қарындаш арқылы арқылы

7-жаттығу. (Ұ) Жұмбақты оқып, жатқа жазу.

Жарқылдан соң жаңағы,

Суға бөкті бар алап.

Көкте түрлі жолақты

Өрнек құрды ғаламат

Шешуі: кемпірқосақ. Дескрипторы:

Жұмбақты жатқа жазу барысында каллиграфиялық ережелерді сақтайды.

Жұмбақтағы түсініксіз сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды

ҚБ: Түрлі түсті қарындаш арқылы арқылы

8-жаттығу. (Ж) 6-7 жаттығуды оқи отырып,мəтіндерді салыстыру.

КБ: Ұсынылған мəтіндердің арасында қандай айырмашылық бар? Ұқсастық бар ма? Ойыңды дəлелде. Қай мəтін көркем мəтінге жатады? Ал ғылыми-танымдық мəтінге ше? ҚБ: Түрлі түсті қарындаш арқылы арқылы

Сергіту жаттығу «Күн, жер, су» ойыны. «Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді. «Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.«Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді.

9-жаттығу. (Ұ) Жұмбақтар тауып жазу. сүңгі, жаңғырық, тұман, бұршақ сөздерінің бірі туралы тауып жазу.

Айтқаныңды айнытпай,

Қайталайды өзiңе

Тiл қатқанмен қаймықпай,

Көрiнбейдi көзiңе. (жаңғырық)

Дескриптор:

Сын есім, сан есім, етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын тауып, өз жауаптарын жұптасып дəлелдейді

КБ:Сөз таптары қай сөзбен байланысып тұр?

ҚБ: Мадақтау сөздері арқылы арқылы


Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Аяқталуы


«Сəйкестендіру» тесті арқылы сөз таптарының сұрақтарымен байланыстыру

КБ:«Микрофон» ойыны арқылы əр сөз табының ережесін айтып, бірнеше сұраққа жауап беру. Сұрақтар:

– Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

– Сұрақтар арқылы сөз табын анықтауға бола ма?

– Сұрақтар арқылы ереже құрастыруға бола ма?

ҚБ: Мадақтау сөздері арқылы арқылы

«Табыс ағашы». Сабақтағы өз іс-əрекетіне кері байланыс жасау. Сабақтағы тапсырмаларды орындау мүмкіндігіне қарай табыс ағашының тиісті жапырақтарын бояу.

«Жасыл жапырақ» – барлық тапсырмалар дұрыс орындалды. «Сары жапырақ» – қиындықтар кездесті.

«Қызыл жапырақ» – қателер көп.


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?



























-80%
Курсы повышения квалификации

Информационные технологии в работе учителя начальных классов: создание дидактических материалов к уроку с помощью программного обеспечения SMART Notebook

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
ТАҚЫРЫБЫ: Сөз таптары (29.31 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт