Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Мероприятия  /  8 класс  /  Тақырыбы: "Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу." 8 сынып

Тақырыбы: "Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу." 8 сынып

Бүгінгі сабақта: • ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдайсыз; • деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдайсыз.
14.11.2021

Содержимое разработки

Шахидулла Датбек Маратұлы

8 сынып 28 сабақ

Қазақстан тарихы

ID код СТ2111128



Уақыт

Спикер мәтіні

Қолданылған видео, жазба, таныстырылым слайдтары


Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу.


1 слайд



Бүгінгі сабақта:

  • ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдайсыз;

  • деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдайсыз.

Зерттеу сұрағы: Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың артықшылықтары қандай болды?

2 слайд



Біз оқу мақсаттарына жету үшін алдымен өткен сабақта айтып өткен «Әскери коммунизм» саясатының белгілерін есімізге түсірейік. Бейнежазбаға көңіл аударайық.

https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/8-synyp/askeri-kommunizm-sayasatynan-zhanga-ehkonomikalyq-sayasatqa-koshu?mid=3e1665a0-ced2-11e9-85d8-2b8290da4467

Уақыты:

0.59-1.55


Қазақстан экономикасы «әскери коммунизм» саясаты шеңберінде жүргізілген шаралардан күйзеліске ұшырады. Азамат соғысының мұктаждықтары үшін азық-түліктің, металл мен отын қорларының көп бөлігі жиналып алынды. Өнеркәсіп әскери мұқтаждықтарға жұмыс істеп, нәтижесінде ауылшаруашылығына машиналар мен жабдықтар 2-3 есе аз берілді. Жұмыс күшінің ауылшаруашылық мүліктері мен тұқым қорларының жетіспеушілігі егістік көлемдерінің қысқаруына әкелді. Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы түсімі 45-ға азайды.

3слайд


Қазақстандағы жағдай тым ауыр болды. Қазақстандағы мемлекет меншігіне алынған 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда, Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, көмір 5 есе қысқарды, мыс кенін өндіру мүлдем тоқтады. Мұнай кәсіпшіліктері тоналды, ірі кәсіпорындар: Риддер кеніштері, Екібастұз көмір

қазбалары, Спасск байыту фабрикасы және т.б. тоқтап қалды.Теміржолдар отынның жетіспеуінен және жолдардың бұзылуынан жұмыс істемеді.

4 слайд


Республиканың ауылшаруашылығы, әсіресе малшаруашылығы құлдырап кетті. Мал басының саны кеміді. Орал губерниясында eгicтік аудандар қысқарды.

5 слайд



Шаруашылық қиыншылықтар 1921 жылғы егіннің шықпай қалуымен және оның салдарынан Қазақстанның елеулі аумағын аштық жайлауға байланысты шиеленісе түсті. Бейне жазбаға назар аударайық.

https://youtu.be/JtyiiQ9j9Wc

Ашаршылық

Уақыты:

6.20-7.49


Нәтижесінде ауылдар мен деревнялардың халқы наразылық білдіре бастады және 1920-1921 жылдары шаруалардың толқулары республиканың елеулі аумақты қамтыды.

6 слайд





1921-1922 жылдары жер-су реформасы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жүргізілді. Жер пайдалануда кедейлерді дәулетті (бай) шаруашылықтармен теңестіру, қазақтардың артықшылықтарын жою қажеттігі аудандарда жер мен суды қайта бөлуге әкелді. Жер-су реформасын жүргізу туралы шешім Түркістан АКСР Кеңестерінің съезінде қабылданды. Жер-су реформасын жүргізуге А.Розыбакиев, О.Жандосов және т.б. белсене қатысты.

7 слайд



Жетісуда 1916 жылғы көтерілісті басып-жаншу кезінде тартып алынған 460 мың десятина жер қазақтарға қайтарып берілді. Сонымен қатар бұрынғы офицерлік және қоныс аударушыларға арналған бос телімдер есебінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы қазақ және орыс халқына жер үлесін беру үшін ауданы 1 млн десятинадан астам жер қоры жасалды. Бұл өзгерістер 1916 жылы Кытайға кеткен 300 мың босқын қазақтың қайтып оралуына әкелді.

8 слайд


1921 жылы кедейлердің «Косшы» одағы құрылып, оның мүшелері жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. «Косшы» одағы еңбекшілердің саяси сауаттылығын және мәдени деңгейін арттыра отырып, кедейлердің жер үлестерін алуына жағдай жасады. Қазақстан кедейлерінің «Косшы», «Нарлы» одақтарында Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Ж.Берібаев және т.б. жұмыс істеді.

9 слайд


Жаңа экономикалық саясат: мақсаты және мазмұны.

Экономикалық дағдарыс, аштык, халық толқулары үкіметтің алдына экономикалық саясатты шұғыл қайта қарау міндетін қойды.

1921 жылы 8-16 наурызда РК(б)П Х съезі өтті. Онда жаңа әкономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің негізі мақсаты - қираған шаруашылықты қалпына келтіру, большевиктер халыққа уәде еткен социализмді құру үшін материалдық-техникалық

және әлеуметтік-мәдени негіз жасау болды. ЖЭС-тің мәні нарықтық қатынастарды дамыту мүмкіндігін жасауда еді. ЖЭС социализм құру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған уақытша саясат ретінде қарастырылды.

10 слайд


ЖЭС-тің әлеуметтік міндеті: әлеуметтік шиеленісті жою;

Кеңес өкіметінің жұмысшылар мен шаруалардың одағы түріндегі әлеуметтік базасын нығайту саналды.

11 слайд





ЖЭС тің экономикалық міндеті: қирап-бүлінудің одан әрі шиеленісуін болдырмау; дағдарыстан шығу және шаруашылықты қалпына келтіру еді.

12 слайд


ЖЭС-тің саяси міндеті: қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және социалистік қоғам құру үшін қолайлы жағдайлар жасау болды. Сонымен қатар ЖЭС сыртқы саяси байланыстарды қалпына келтіруді, халықаралық оқшаулануды болдырмауды көздеді.


13 слайд



ЖЭС-тің негізгі мазмұны:

  • "әскери коммунизм» саясаты кезеңінде нұқсан келтірілген тауар-ақша қатынастарын қалпына келтіру:

  • экономикаға нарықтың белгілерін енгізу;

  • қалпына келтіру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қызмет

  • көрсету саласының кәсіпорындарын жеке адамдарға сату;

  • жалға алу мен жалдамалы еңбекке рұқсат ету;

деревня мен ауылда азық түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру (азық-түлік салғырты кезінде астықтың 70%ына дейін, азық-түлік салығы кезінде 30 алынды).

14 слайд



Азық-түлік салығын енгізу ЖЭС-тің жалғыз ғана іс-шарасы болған жоқ. Нарықтық қатынастарға рұқсат етті. Сондай-ақ жерді жалға беруге де рұқсат етілді. Тұтынушылық, ауылшаруашылық, мәдени-кәсіпшілік кооперация дамыды.

Мемлекет өз басқаруына шаруашылық есепке көшірілген неғұрлым ірі кәсіпорындарды ғана қалдырды. Қалған кәсіпорындардың бәрі жекеменшікке өтті.

Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді. Азық- түлік пен тауарларды бөлудің карточкалық жүйесі тоқтатылды.

15слайд



Жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігімен еңбекке жұмылдыру да жойылды. Tayap ақша қатынастары қайта енгізіліп, жеке саудаға рұқсат етілді.

1921-1924 жылдары қаржылық реформа шеңберінде банктік жүйе құрылды. 1921 жылдан бастап ақша реформасы жүргізіле бастады. 1922 жылдың соңында айналымға орнықты валюта - кеңестік қызыл ақша (червонец - 10 рубль) шығарылды.

16 слайд



17 слайд



18 слайд



19 слайд



20 слайд



Қорытынды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдадыңыз;

деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдадыңыз.

21 слайд



-80%
Курсы повышения квалификации

Архитектурные стили и направления: от древности до наших дней

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы: "Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу." 8 сынып (118.04 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт