Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Мероприятия  /  6 класс  /  Тақырыбы "Менің Отаным"

Тақырыбы "Менің Отаным"

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сайыс-сабақ

18.05.2017

Содержимое разработки

«Менің Отаным-Қазақстан»

(сайыс-ойын)

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.


Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала – Қазақстаным.

Қайырлы күн қымбатты ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі апталығымыздың алтыншы күні өткізгелі отырған 5-кластар арасындағы «Менің Отаным-Қазақстан» атты сайыс-ойынымызға қош келдіңіздер. Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.

Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.

«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет. 25 жылға жуық тарихы бар Қазақстан мемлекеті бүгінде өркениеті, мәдениеті, әдебиеті дамыған мемлекеттер қатарында. Көк аспанмен астасқандай көк туымыз, еңселі елтаңбамыз, ауенді әнұранымыз бар біз бақытты ұрпақпыз. Ата-баба аңсап кеткен тұғырлы тәуелсіз елміз.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Ендеше, алдарыңызға еліміздің болашақ бозторғайларын шақырайын. Өздерінің жаттаған тақпақтарымен бөліссе. 5 «б»-класс оқушылары және 5 «а» класс оқушылары. (Сайысқа оқушыларымыз екі топ болып қатысады ). Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.

І.Тапқыр болсаң, тауып көр (мақалды аяқтау)
ІІ.Ұтымды сұрақ, ұтқыр жауап
(сұрақ-жауап)
ІІІ.Үй тапсырмасы (үйден дайындаған өнерін көрсету)
IV.Қисыннан қиыстырып...
(берілген сөзден бірнеше мағынасы бар сөздер құрастыру)
V.Сен білесің бе? (мереке күндерін анықтау)

VI.Адасқан әріптер (орны ауыстырылып берілген сөздерді құрастыру

Сайыс шарты түсінікті болса, іске сәт! Сайысымызды бастаймыз.

Бірінші тур. Мақалды аяқтау.

Екінші тур.

5 «б»-класс оқушыларына:

1.Қазақтың батырларын атаңдар?

2.Астана қаласы қай жылы астана болды?

3.ҚР Мемлекеттік Рәміздері?

4.Мемлекеттік Ту неге көк түсті?

5.Қазақтың ақындары кімдер?

6.Тәуелсіздігімізге неше жыл?

7.Әнұранның авторлары?

8.Қазақстанда неше облыс бар?

9.Біздің туған қаламыз?

5 «а»-класс оқушыларына:

1.Қазақстандағы теңіздер?

2.Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

3.Астана қаласының символы?

4.Тудың авторы?

5.Елтаңбадағы шаңырақ қандай мағына береді?

6.Қазақ халқының ертегілерін атаңдар?

7.Елбасымыз кім?

8.Қазақстан қандай мемлекет?

9. «Отан» сөзінің синонимі?


Үшінші тур. Оқушылардың өздері дайындап келген үй тапсырмасына кезек берейік.

Бізге көрермен боп келіп отырған оқушыларымыз да отан туралы өлеңдер жаттаған екен, соған кезек берсек.

Төртінші тур. Қиыннан қиыстырып. «Қазақстан» сөзінен бірнеше мағыналы сөздер құрастыру.

Бесінші тур. «Сен білесің бе?» Мереке күндеріне сәйкес сөздер табу.

Алтыншы тур. «Адасқан әріптер»

9 мамыр жасыл шырша, аппақ қар

1 қыркүйек алтыбақан, көже

22 наурыз бейбітшілік, сарбаздар

1 желтоқсан ана тіл, мемлекеттік тіл

1 маусым алғашқы қоңырау

22 қыркүйек Елбасы

31 желтоқсан балалар, ойыншықтар




1 мамыр соңғы қоңырау

8 наурыз мейірімді мұғалімдер

1 қазан аналар, әжелер

25 мамыр ұлттар татулығы

30 тамыз батырлар, ер-азаматтар

16 желтоқсан ата-заң

7 мамыр егемендік, еркіндік


Алтыншы тур. «Адасқан әріптер»

ШЫМКЕНТ—ТЕНШЫКМ

ҚЫЗЫЛОРДА--ДЫЗЛҚАОЫР

СЕМЕЙ--ЕСЙЕМ

АЛМАТЫ—ЫЛТАМА

ҚОСТАНАЙ—ОЙТҚАНАС

АТЫРАУ—ЫУАРАТ



ӨСКЕМЕН—ЕНӨКМСЕ

АҚТӨБЕ—ӨАБЕҚТ

ҚАРАҒАНДЫ—ЫАҚРАҒДАН

КӨКШЕТАУ—УӨТЕШКАК

ТАРАЗ—ЗТАРА

ЕКІБАСТҰЗ—ЗЕКАСІБТҰ

Осымен сайысымыз аяқталды. Ендігі кезекті әділқазы мүшелеріне береміз. Өз шешімдерін шығара берулеріне болады. Ал біз әзірге көрермендермен ойын ойнай тұрамыз.


Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...

(Әділ қазылар шешімімен жеңімпаз топты марапаттаймыз). Арнайы уақыт бөліп келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар!


20 орта мектеп-лицейі





Менің Отаным - Қазақстан

(сайыс-ойын)

















Ақтөбе 2015-2016

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Эффективный руководитель образовательных организаций

Продолжительность 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
19800 руб.
3960 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы "Менің Отаным" (17.67 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт