Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»
Мақсаты: Баланың үйдегі орны туралы түсінігін қалыптастыру. Баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру. Баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: «қауіпсіздік мектебі», абай бол, үлкенді сыйла.
Көрнекіліктер: қауіпсіздік ережелері жайлы плакат.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі |
-Адам үшін қандай тамақ пайдалы? -Дәрумендердің адам ағзасына қандай пайдасы бар? -Дәрумендер қандай тағамдарда болады? -Отбасы деген кім?
Отбасы мүшелерінің суреті беріледі. -Ата-әжелеріңді күту керек! олар жылы сөзден қуат алады. -Ата-анаңды сыйла, оларды күт, ренжітпе, қайда болсаң да олардың жанынан табылуға тырыс. -Бала өз бөлмесін жинақы ұстауға жауапты. -Әр бала өз ойыншығын, төсегін, кітаптарын жинай білуі керек. -Ойыншық-әр баланың үлкен досы. Олар таза, бүтін және өзінің арнайы орнында болуы керек. -Шашты үнемі тарап жүру керек. Біреудің тарағымен таранба. -Аяқ киім де тазалықты талап етеді. Дәрігер Салауаттың кеңесі: 1. Әке-шешеңді, ата-әжеңді сыйла, оларды күт, ренжітпе. 2.Ауланың және үйдің тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес.т.б Д/о: «Егер отбасымда біреу ауырып қалса, мен өзімді қалай ұстаймын?» Тәрбиешінің әңгімесі «Бала Салауаттың бір күні». Салауаттың анасы үйде жоқ болғандағы оқиға. Ол анасы келгенде үйдегі қауіпсіздік ережелерін есіне түсіргенін айтты. Анасы Салауаттың ақылдылығына риза болды. Ал біз сендермен үйдегі қауіпсіздік ережелерін келесі сабағымызда өтетін боламыз. Тәрбиеші балаларға дәптердегі тапсырмаларды орындауды ұсынады.. | Балалар өз ойларын айтады.
Балалр сұраққа жауап береді.
Балалар суреттерді топтастырады.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Балалар әрігер Салауаттың кеңесін тыңдайды.
Балалар өз ойларын білдіреді.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
| Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі | -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. | Балалар өз әсерлерін айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Таза, жинақы жүруді.
Нені игереді : Баланың үйдегі орны туралы түсінікті.
Нені біледі: Балалар үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуды біледі.

Балалармен әңгімелесу.
Тақырыбы: «Мен және менің отбасым» (21.95 KB)

