Ибрагимова Тоты Жунусовна
бастауыш сынып мұғалімі
№56 мектеп-лицейі, Астана қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
1. Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым туындыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйретуу.
2. Сөздік қорларын дамыту.
3. Бір-біріне көмекке әрқашанда дайын болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, салыстыру, оқулықпен жұмыс, жаттығу.
Сабақтың барысы:
І. Өтілген материалды тексеру, қайталау.
Күрделі сөздер туралы алған білімдері арқылы жасалған түрлеріне мысалдар келтіріледі. Мұндай сөздер екі сөзден құрылғанымен, екеуі бірігіп бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын айтады. Күрделі сөздің жалаң сөзден айырмашылығын айтқызу.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Қос сөздің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы айырмашылығын таныту мысалдарды салыстыру арқылы жүзег асырылады. Қос сөздердің тіліміздегі жаңа сөз жасаудағы басты тәсіл екендігіне оқушылардың көздерін жеткізе түсіндірген жөн.
Мысалы: Бет-аузын екі білегімен кезек-кезек сүртті.
Бұл сөйлемдегі бет-аузын, кезек-кезек сөздерін басқа түсті бормен жазып қойған жөн.
-Сөйлемдегі басқа түспен жазылған сөздердің құрамы қандай?
-Қалай жасалып тұр?
-Бетін сүртті деп айтсақ, қандай мағынаны білдіреді?
Бетін сүртті немесе аузын сүртті деп, бұларды жеке-дара күйінде айтсақ, тек бетін не аузын сүртіп қойғанын аңғарамыз. Ал бет-аузын сүртті деп қосарлап айтсақ, жалпы жинақтау, көптік мағынада жұмсалғанын білеміз. Сөйтіп, бет-аузын дегенде оған маңдау да, бет те, мұрын да, ауыз да, иек те жатады. Демек, екі сөз қосарланып келгенде, олар жеке айтылуына қарағанда, кең ұғым білдіреді. Сол сияқты кезек сөзінің түбір тұлғада білдіретінін бір ғана қимылдық ұғымын кезек-кезек деп қосарлап айтылғандағы көптік ұғымымен салыстыра түсіндіру керек. Кезек-кезек дегенде, қимылдың әлденеше рет қайталанғанын білдіреді. Сол сияқты гүрс етті, бір заттың құлағанын білдіреді, гүрс-гүрс етсе, құлаудың бір рет емес, бірнеше рет, үсті-үстіне болғанын білдіреді.
Қос сөздердің мағыналарына осылайша жан-жақты талдау жасату арқылы екі түбір қосарланып келсе, екінші бір жаңа мағыналы сөз туатыны туралы қорытынды жасалады.
Осындай дайындық жұмысынан кейін оқулықтағы жаттығу жұмыстары арқылы ары қарай білімдері кеңейтіледі.
1-жаттығуда берілген қосарланып жасалған күрделі сөздердің құрамындағы түбір сөздердің жеке тұрғандағы мағынасы мен жаңа сөз жасалғаннан кейінгі мағыналарын оқушылар салыстыра отырып түсіндіреді. Олардың қалай жасалғанына, арасына қойылған дефиске назарларын аудару
Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздің қос сөз деп аталатынын оқушылар өздері қорытындылап айтады.
2,5-жаттығулардың барлығы оқушылардың қос сөздер туралы білімдерін тереңдетуге арналған. Олар қос сөздерді сөйлем ішінен табады, мағыналарын анықтайды, сөйлемдер құрастырады, біріккен сөздермен салыстырады. 5-жаттығу арқылы қос сөздерді тауып, тыныс белгісін өздері қойып үйренеді.
Әртүрлі мысалдар орындау арқылы қос сөздердің тілімізде жиі қолданатынына және олардың тұлғалары мен беретін мағыналары да сан түрлі екеніне, сөздің әсерлі бола түсетініне көздерін жеткізу.
Үйге тапсырма 6-жаттығу
Бағалау

Тақырыбы: "Қос сөздер" (15.59 KB)

