Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  9 класс  /  Тақырыбы: "Есірткі түбі – ажал " 9 сынып

Тақырыбы: "Есірткі түбі – ажал " 9 сынып

Мақсаты: 1) нашаның адам өміріндегі (жалпы тіршілік атаулыға) қасіреті, адамның ішкі ағзаларына келтіретін зардаптарымен таныстыру. 2) «Ғасыр дерті» деп аталуына түсінік бере отырып сақтану жолдарын, салауатты өмір сүру шарттары (мәдениетке, білімге, өз-өзін шынықтыруға т.б) қалыптастыру.
21.11.2021

Содержимое разработки

Есірткі түбі – ажал


Мақсаты: 1) нашаның адам өміріндегі (жалпы тіршілік атаулыға) қасіреті, адамның ішкі ағзаларына келтіретін зардаптарымен таныстыру.

2) «Ғасыр дерті» деп аталуына түсінік бере отырып сақтану жолдарын, салауатты өмір сүру шарттары (мәдениетке, білімге, өз-өзін шынықтыруға т.б) қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні: наша туралы айтып, оқып берген жаңалықтардан көңілге түйгендерін ортаға салып, өз ойларын толық мағынада айта білуге, осы білгендерін жора-жолдас, досы, жақынына теріс жолға түспеуіне насихат ретінде айта отырып, нашаның қасіретті құрығынан қорғауға өз үлесін қоса білуге үйрету.

Коррекциялық жұмыс: 1) есте ұстау қабілетін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту;

2) саналығын, ерік-жігерін орнықтылыққа тәрбиелеу, еліне, Отанға құндылықтарды бағалай білуге үйрету.

Көрнекілігі: тапқырлық суреттер, мақал-мәтел, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Барысы.

1.Кіріспе.

2. Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызып жарыс түрінде өткізу.

3. Тәрбиеші екі топқа кезек сұрақ береді, жауабын білмесе сол сұрақ екінші топқа қойылады, дұрыс жауап есепке алынады.Ойын соңында қорытынды шығарылады. жақсы жауап бергендер аталып өтіледі.

4. Денсаулық туралы, нашағабайланысты (жаман қылыққа байланысты) мақал-мәтелдер айтылады.

5. Ақын-жазушылардың есірткі туралы жазған өлеңдерін оқытып, оқушылар тарапынан талдау жасалынады. Оқушылардың түсініктері ортаға салынады.

6. Қорытынды.


Кіріспе.

Қазіргі кезде елімізде ұрпақтарымыздың өсіп-өнуіне, қалыпты өмір сүруіне кедергі жасап отырған кеселдің бірі – нашақорлық, арақ пен темекі. Бүгінгі тәрбие жұмысында ел ішіне індет болып енген нашақорлыққа тоқталамыз. Кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастар арасында есірткіні қолданудың етек алуы ерекше алаңдау туғызуда. Ұлтымызды алаңдатып, ұрпақты, адамдарды кісілік қасиеттен айыратын тажал дертке қарсы күрес отбасынан, мектептен, жәнеи саналы әр адамзаттың өз жүрек түбінен шығуы тиіс. Есірткімен, нашақорлықпен бүгінгі таңда дүние жүзі болып күресуде. Жасөспірімдер жақсыға да, жаманға да тез еліктегіш, сондықтан бүгінгі тәрбие жұмысы осы қатерлі дерт туралы, одан сақтану, алдын алу шараларының бірі.



Оқушыларға берілетін сұрақтар


  1. Есірткі қашан және қай жылы мемлекеттерде пайда болды?

Есірткіні өтеерте заманнан-ақ пайдаланған. Оның құрамындағы удың әсері басты айналдырып, миды әлсіретеді. Осыны дінбасы және емші, көріпкелдер өз қажетіне, бұқараны айтқандарына сендіруге, санасын өздеріне бағындыруға пайдаланады.

Есірткі ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанда өте ерте заманнан-ақ қолданылған. Бұны иіскеп немесе шеккен адамдар көңілденіп, ауырғандар ауруын сезбей, бей-жай көңілді күй кешкен, жаралары тез жазылған.

  1. Кокаин есірткесін кім ойлап тапқан?

Неміс ғалымы Альберт Ниман.


  1. Есірткі жасайтыншөптесін өсімдіктердің түрлерін атаңдар.

Қарасора,мак,кока, (Латын Америкада өсетін шөп.)


  1. Осы аталған шөптерден жасалатын есірткі түрлерін атаңдар.

Қарасорадан: гашиш,марихуана, «план» нашасы; кокаин мен мактан: морфий, апиын, героин, лаудаум, марихуана.


5)Есірткіні алғаш кімдер, қалай пайдаланды?

Үндістер және латынамерикалықтар. Кока өсімдігінің жапырағын шайнап, сөлін жұту арқылы бей-жай күйге еніп, уақытша көңіл –күйлері көтерілген.


6)Есірткінің ең улысы қайсысы және уының мөлшері қаншалық?

Ең улысы – гашиш, уының мөлшері 30-40%


7)Қолданған есірткі түріне қарай ол адамдарды қалай атайды?

1) Иіскейтіндер: токсикоман,нюхачи.

2) Гашиш шегетіндер: нашақорлар.

3) Теистер, чефиристер: өте ашы етіп ішетіндер.

4) Морфистер: денесіне, тамырына ине шаншып егеді.


8) «Эйфорин» деген не?

Бұл есірткі қабылдаған адамның бей-жай көңіл-күйі, барлық қиындықтарды ұиытып өзімен-өзі маужыраған күйін медицина тұрғысында эйфорин деп атайды.


9)Есірткіні ұзақ қолданудан табатын аурулардың түрлері.

Басы, барлық жүйке жүйесі ауырады, бұлшық еттері қатты шаншып ауырып, жанын қоярға жер таппайды. Сіңірлері тартылып, тынысы тарылып демігеді. Көзіне құбыжық елестеп, құлағына айқай-шу, өзіне ұрысқан дауыстар үздіксіз естіледі.



10)Есірткі қабылдайтындар ауру ма, әлде қоғамға қауіпті адамдар ма, қаншалықты қауіп-қатер келтіреді?

Олар әрі ауру, әрі қауіпті адамдар. Олар – қоғамға өте қауіпті адамдар. Есірткіні өзі шегіп қана қоймайды, олар өзгелерді де өздерінің қатарына тартады. Есірткі табу үшін адам өлтіруге дейін барады, міне оның қауіптілігінің шегі.


11) Қазақстан бойынша есірткіге тәуелді адамдардың жалпы санын салыстырмалы түрде айтыңдр.

2001 жылы 30мың, 2002 жылы 45 мың, 2003 жылы 48 мың, бұл сандар тіркеуге алынғандар, ал тіркелмегендердің білу үшін осы сандарды 6-7 –ге көбейту керек.


12) Есірткі шегушілердің жас шамаларын атаңыз.

1) 27%-ы 12-16 жастағы балалар.

2) 42%-ы 17-26 жас аралығында жастар.


13)Заң орнындағы қызметкерлер күресінің нәтижесі қандай?

2004 жылы 8 мың қылмыс тіркелген. Жамбылда 4 т, Павлодарда 2т есрткі тіркелген.

2004 жылы қыркүйек айында тәжіктердің, өзбектердің, қазақтардың есірткі саудасындағы ірі үш топ ұсталып 26т. Есірткі тәркіленді.


14) Неге «Ғасыр обасы» деп аталады, есірткі шегетіндердің, арақ ішетіндердің СПИД ауруына шалдығуыныңықтималдығы қаншалықты көрсеткіште? Оларға құқық қорғау ұйымы мен дәрігерлек көмектер қандай?

Есірткі, арақ қабылдаған адам өзінің не істегеніне есеп бере алмайды, тәртіпсіз, кездейсоқ кездесулер, лас орта, міне сондықтан олар бірінші ретте жұқпалы ауруларды қабылдап, таратушы рөлін атқарады, олардың қуіптілігі де осында. Өз еркімен емделмесе зорлап емдеу тәсілі қолданылады. Егер қашып кетсе құқық қорғайтын қызметкерлер көмек береді.

15) Есірткі көп тараған елді-мекендерді атаңдар.

Теміртау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай,Жамбыл, Алматы, Өскемен. Талдықорған т.б.


16) Есірткі не үшін медицинада қолданылады, қандай жағдайда және қай түрі?

ХХ ғасырдың басында медицина саласында хирургияда наркоз ретінде «Морфий» қолданылған. Ауырған адамның жан азабын жеңілдетуге, тыныштандыруға пайдаланылған.




17) Танысың, досың, туысың есірткі шексе сен не істейсің, бірге шегесің бе, әлде теріс айналып кетесің бе, тастауына ықпал етесің бе?

Бұл сұрақ өте қиын, бұл жерде адамның ерік жігері билейді, өз басым есірткінің қасіретін оқып білгендіктен одан арылуға қолдан келгенше көмек беруге тырысамын. Тіптен көнбесе, ешкімге айтпай емдейтін орынға хабар беремін деп ойлаймын, ол есірткі шегіп ессізденгенше емделіп адам болғанын қалар едім.


18) Салауатты өмір сүруді кім қалай түсіндіреді, ол үшін не істеу керек?

Салауатты өмір сүру – ол адамгершілік нормаларына сай өмір сүру.

  1. Тәртіпті, таза, ұқыпты жүріп тұру.

  2. Толық, жан-жақты білім алып, өз денсаулығына қамқорлық жасауын.

  3. Ата-анаң, жора-жолдасыңмен сыйластықта болып демалысыңды дұрыс ұйымдастыра білу(кино,тертр,серуен,кітап оқу,өнердің әр түрімен шұғылдану т.б

  4. Бос уақытта әр түрлі үйірмелерге қатысу (спорт,музыка,би,сурет т.б)


Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерді екі топ бірі бастап, екіншісі аяқтайды (екі топ бірінші жартысын айтуда ауысып отырыды).

Оқушылар ақын-жазушылардың есірткі,арақ туралы жазғандарын айтады, екінші топ мағынасын түсіндіреді (алмасып отырады).


Есірткі мен арақты аттатпа!

1-оқушы: Ермегі есірткі,ішкені арақ,

Тұрсаң бір қарап.

Жүрген теңселіп көшеде,

Ауылда,қалада.

Жасы мен кәрі,

Көрмеген болар көрсе де бәрі.


Шығарып ұрыс,

Мұным деп дұрыс

Кетіреді үйден береке,

Намысты таптап,

Ұяттан аттап.


Балалар мұңды.

Есірткі шегіп есіріп,

Әкесі айтады «жырды» мас болып.

Кімге сыр айтсын,

Жыламай қайтсын,

Жанарға ыстық жас толып.




2-оқушы: Зияны сонша

Есірткі мен арақты қойса,

Адамдар ұтар қуамда.

Азайып қылмыс,

Жақсарып тұмыс,

Қосылар бауыр бауырға.


Қазағым халқым,

Бұзылмай салтың,

Ұлтыңды жерге қаратпа.

«Мешкейсің» деген жақсы ат па?

Есірткі мен арақты таста,

Жаңа істі баста.

Осылай достым,

Сөзімді қыстым

Нашақор мен маскүнемдер алса санатқа.

Қолыңнан келсе,

Құдай бір берсе, есірткі мен арақты

Ғасырдан ғасыр аттатпа!

Саттар Үсенбекұлы

3-оқушы: Індет

Басы боп қасіреттің, қайғының да,

Құмарлық құлашын кең жайды мұнда.

Адасқан ақылынан талай сорлы,

Жүр малтып ақыреттің айдынында.


Бой алдырға есірткі мен ішімдікке,

Не дерсің көңілі күпті көпшілікке.


Білмейтін есірткі шегіп есірген,

Араққұмар ағаынның

Мұнысы есірлік пе,

Естілік пе?

М.Құманалин.


4-оқушы:Ақ жолдан ауытқымай қарыс қадам,

Ел едік мал қайырып, нан ұстаған.

Не сұмдық, ібілістің ізін бағып,

Адами қасиеттен алыстаған.


Есірткі шегіп есіріп,

Арақ іштік көпіріп.

Жасымыз бен кәріміздегі

Жынды су мен көкнар

Қырқып түсті..

Адами қасиетті бәріміздегі.

Тажалдан бас тартатын түріміз жоқ,

Дерт болып жабысса да тәнімізге.

Өліспей беріспейтін бұл заманда

Адамның ата жауы наша менен арақ екен.


Оқушыларға бірнеше сұрақтар беріліп ойларын қорытқызып, өмірдегі жаман әдет – қылықтарды саралай білуге жетелеу.

Сұрақтар

  1. Нашақорлық әлеуметтік (көпшіліктің) ауру дегенге келісесіңдер ме, егер келіссеңдер себебін түсіндіріңдер.

  2. «Ұрпақтар тамырына балта шабар кесел» дейді неліктен?

  3. Қалай ойлайсыңдар, бұл дерттен арылудың жолдары бар ма, болса қандай, атап айтыңдар? (Әркім өз пікірін айтады).


5-оқушы: Жарлының байлығы,

Денінің саулығы.

6-оқушы: Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

7-оқушы: Еңбектен асқан ем жоқ,

Аурудың алдын ал.


Қорытынды.

  • Бүгінгі тәрбие жұмысы барысында адам үшін өз денсаулығынан қымбат еш нәрсе жоқ екендігі белгілі болды. Бұл жеке адамдардың ғана емес, мемлекеттің де баға жетпес байлығы.

Дәрігер мамандардың айтуынша қазір есірткіні 11-13 жастан бастап қабылдағандар тексерілу тізімінде, демек ұрпағымыз өспей жатып өшуде, бұл ұрпақ тамырына балта шабар кесел емей немене?! Сондықтан нашақорлыққа қарсы күрес жалпы халықтық сипатта болуы керек. Сондай жағдайда ғана бұл індеттің беті қайтарылатыны даусыз.

Қазақстан есірткі тоқтаусыз тасымалданатын белдеуде жатқанын біздер ешқашан естен шығармауымыз керек. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мынадай бір жәйтті айта кетелік. Құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік комитеті контрабандалық жолмен тасымалдаған есірткіні тәркілеу кезінде 3 тоннаға жуық марихуана, 125 килограмм есірткі Чапаев поселкесінің 47 жастағы тұрғынан 800 килограмм есірткіні қолға түсірген. Міне бір контрабандалық тасымалдауда осындай есірткі әкелінуде, көп болып күзетке тұрмасақ,еліміз Қазақстан емес есірткістан болып кетуі сөзсіз. Сондықтан да есірткі туралы, оның адам баласы өміріне тигізетін кеселі туралы естен шығармауымыз керек. Есірткі шегетіндер бірте-бірте мейрімсіз, өзімшіл,тасбауыр, есалаң болып, өзіне-өзі қол жұмсайтын болады.Ел, ұлт болашағына балта шабылды деген осы емес пе!? Көпшілік болып есірткінің таралуына қарсы тұрып, нашақорлықтың алдын алмасақ, ретең бәрі кеш болады. Есірткі таратушылар арқылы ел болашағына нұқсан келіп, адамзат саулығына тигізер кесепаты мол ауру жайлайды.

Үлкендер өздері тарапынан салауатты өмір салтын құрып, өсер ұрпаққа үлгі болуы керек. Үлкен-кішіміз имандылыққа бет бұруымыз шарт, барлық істе ауызбірлікте, отбасында ынтымақ пен тазалықты сыйластықта өмір сүріп, ұрпақ болашағына қырағылықпен қарауымыз керек. Ал жастар жағы құймақұлақ болып, айтылған жақсы тәрбиені дәріптеп өссе екен деймін.










-75%
Курсы повышения квалификации

Профориентация: теория и практика

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы: "Есірткі түбі – ажал " 9 сынып (28.7 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт