Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Планирование  /  Дошкольникам  /  Тақырыбы: «Дәрумендердің пайдасы»

Тақырыбы: «Дәрумендердің пайдасы»

Ма?саты: Балалар?а д?румендерді? пайдасы ж?не ма?ызы жайлы т?сінік беру. Есте са?тау, ойлау ?абілеттерін арттыру, зейіндерін шо?ырландыру. ?з а?засын к?туге т?рбиелеу.

14.05.2017

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Валеология

Тақырыбы: «Дәрумендердің пайдасы»

Мақсаты: Балаларға дәрумендердің пайдасы және маңызы жайлы түсінік беру . Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, зейіндерін шоғырландыру. Өз ағзасын күтуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: дәрумендер.

Көрнекіліктер: сары май, ірімшік, бауыр, қызанақ, шие, қызыл алма, шабдалы, өрік, сәбіз суреттері, төрт себет (қатты қағаздан жасалған).

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы






Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

Тәрбиеші балаларды көрші ел-Дәрумендер еліне баруға шақырады.

-Қалай ойлайсыңдар, бұл неге Дәрумендер елі деп аталады екен? Тұрғындары нені жақсы көреді?

-Дәрумендер- балалар денсаулығының күшті болып

көмектесетін заттар.

Тәрбиеші дәрумендер туралы әңгімесін айтады.

Жұмбақ жасырады:

Шашы жердің бетінде,

Өзі жердің астында. (Сәбіз)

-Сәбізде А дәрумені көп кездеседі. Бұл дұрыс өсуге және көздің жақсы көруіне көмектесетін дәрумен.

Сәбіздің суретін көрсетіп, өлең оқиды.

Сәбіз бізге керекті,

Дәруменді береді.

Пайдалансаң оны көп,

Көзің жақсы көреді.

Тақтаға азық-түліктердің суреттерін іледі.

-Ал, мына жерде В дәрумендері тұрады. Олар ми мен бүкіл ағзамыздың жақсы жұмыс істеуі үшін өте маңызды.

Тақтаға суреттерді іледі.

-В дәрумені бұршақ, қарақұмық, сұлы жармаларында, сонымен қатар ірімшекте, балықта, қара нанда кездеседі.

Сергіту сәті.

-Енді С тобының дәрумендерімен танысайық. Бұл дәрумендер ағзамызды әртүрлі аурудан қорғап, қан айналатын тамырларымыздың берік болуына көмектеседі.

Жұмыс дәптерінен жеміс-жидектерде, көкөністердің суреттерін қарап, балалардан оларды атап берулерін сұрайды.

-С дәрумені көптеген жеміс-жидектерде, көкөністерде кездеседі. Ал пияз туралы не айта аласыңдар?

- Қазір біз Д дәруменімен танысамыз. Бұл дәрумен біздің сүйегіміздің берік болуы үшін өте қажет. Олар өсімдіктекті емес, жануартекті азықтарда кездеседі, мысалы: ет, бауыр, жұмыртқа, сары май, ірімшік (аталған азықтардың суретін тақтаға іледі).

-Біздің ағзамыз қабылдайтын дәрумендер жыл мезгіліне байланысты болады. Жылдың басқа мезгілінде дәрумендерден тапшылық көрмеуіміз үшін, олар дәріханаларда түйіршік дәрі ретінде сатылады. Сендер оны білесіңдер,үнемі пайдаланып жүрсіңдер (көрсетеді)

Тәрбиешінің хабарламасына қызығушылық танытады.

Сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.


Жұмбақ шешеді.

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.





Балалар құрамында А дәрумені бар азық-түліктерді атап шығады.

Балалар құрамында В дәрумені бар азықтарды атайды.

Сергіту сәтін жасайды.





Азық-түліктерді, жеміс-жидектерді атап шығады.


Пиязды көп жеген,

Ауырмайды екен.


Балалар 4 топқа бөлініп, «Дәрумендер себетін» жинайды.


Рефлексия

-Балалар, саяхатымыз осымен аяқталды.

Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: дәрумендердің, дәрумен кездесетін азықтардың аттарын.

Нені игереді : дәрумендерді пайдаланудың маңызы туралы түсінікті.

Нені біледі: пайдалы азықтарды бұзылып кеткен азықтардан ажырата білуді.




-80%
Курсы дополнительного образования

Основы косметологии

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы: «Дәрумендердің пайдасы» (14.57 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт