Бекітемін: ____________ Мерзімі: 11.04.2018 ж
Мектеп: «№ 3 жалпы білім беру орта мектебі»КММ – сі
Пәні: «Өзін – өзі тану»
Сыныбы: 4 «Е»
Сабақтың тақырыбы: «Табиғатқа қамқорлық»
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: қайырымдылық, талаптылық
Сабақтың мақсаты: Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру. Табиғат байлықтарын бағалауға, сақтауға, табиғатты аялай білуге үйрету. Міндеттері:
| Көрнекіліктер: АКТ слайд, А 4 қағаздар түрлі-түстіқаламдар стикерлер,смайликтер суреттер.
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны
| Сабақ барысын талқылау |
Тыныштық сәті: - Балалар денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздерімізді жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алайық. Денелерімізді бос ұстайық. Айналадағы барлық тіршілік иелерін аялап, қоршап, қамқорлап жатқанымызды сезінейік. (Осылайша 2 мин. отырады, үнтаспадан табиғат әуені ойналады.) - Балалар, енді көзімізді ашайық. Табиғатқа қамқорлық жасағанымызды көз алдымызға қалай елестеттік? Күтілетін жауаптар: - Мен сынып қалған ағашты байлап, оған қамқорлық жасап жатқанымды елестеттім. - Мен гүлдерге су құйып жатқанымды елестеттім. Табиғат – адам үшін адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан-жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау – біздің адами борышымыз. | |
Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар үйден жаттап келген М.Байсариеваның « Мен де балғын гүлмін» өлеңін айтады. |
|
Дәйексөз «Біз ата – бабамыздан табиғатты мұраға, Ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық» Халық даналығы
|
|
Әңгімелесу сұрақтары:
|
|
Ойын «Табиғатты қорғай білеміз бе?» Сұрақтарға ойланып жауап бер 2. Жолда ағаштан құлап түскен балапанды көрдім 3. Саяхаттан қайтарда бізде бірнеше босаған ыдыстар қалып қойды. Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. | |
Жаңа ақпарат |
|
Тренинг ойын «Табиғатпен сырласу». Отырған орындығымыз арқылы табиғатқа саяхат жасаймыз. Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Сулар мөп - мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан мөлдір бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз. |
|
Мәтінмен жұмыс |
|
Ойын – жаттығу «Әріптер сөйлейді» бұл ойында қатысушыларға әріптер жазылған парақтар беріледі. Қатысушыға сұрақ қойылған кезде өз әрпіне байланысты жауап беруі керек. Егер оқушы кідіріп қалса басқа оқушы ойынды жалғастырады. |
|
Шығармашылық топтық жұмыс. 1 топ. Актерлер – Осы мәтіннен немересі мен атасының ата жұртына барған жерін сахналап шағын көрініс көрсетеді. 2 топ. Журналистер Бұл топ осы мәтіннен сұрақтар әзірлеп,басқа топ оқушыларынан сол сұрақтар бойынша жауаптар алады. 3 топ. Суретшілер. Бұл топ осы әңгіме мазмұнына сәйкес,атасы мен немересінің еккен ағаштарының бес жылдан кейінгі суретін салып,жария етеді. 4 топ. Сарапшылар. Бұл топ осы топтарға бағасын береді |
|
Кім жылдам? |
|
Жұмбақтар Қ.Баянбаев Қар кетіп, қыр көгерді, Қыс қиқуы көбейді. Жерге дән сеуіп, Қорадан жас төл өрді.
Күн ысып, су жылынып, Егін басын тұр иіп. Жеміс тердік бақшадан, Жеңімізді түрініп.
Дала тегіс сарғайды, Шаруа қысқа қамаданды. Күн қысқара басталды, Тауға тұңғыш қар жауады.
Сұлық жатыр ақ дала, Сирек жортқан аң ғана. Көтеріп бір аяғын, Қаздарым тұр аулада. | Шешуі: Көктем, жаз, күз, қыс. |
Үйге тапсырма Э.Шимнің «Көктем иісі» мәтінін оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу. | 126 – бет |
Тыныштық сәті Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім». Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін! |
|