Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Презентации  /  6 класс  /  Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
20.05.2020

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі   Сабақттың мақсаттары: - қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі

Сабақттың мақсаттары:

- қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

– қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;

Тәуке хан Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен- тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығыныңбилік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.

Тәуке хан Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ

хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі

– қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-

тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ

хандығыныңбилік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке

ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне

араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын.

Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның

саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде

бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді.

Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын

мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін

танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл

ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.

Тәуке хан Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Елдің бірлік- берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке,қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады.

Тәуке хан

Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен

айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда

сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп

дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын

реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Елдің бірлік-

берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар

арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты.

Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта

жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы

Әйтеке,қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық

би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі

екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара

қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға

айналған атақты билердің болғанын айтады.

Тәуке хан Халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды. Қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтанбилік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі.

Тәуке хан

Халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі

дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді

ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта

игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының

жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Сол

себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой

үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман

болып қалды.

Қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр

кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде

қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау

1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың

қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын

қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның

немересі Цеван Рабтанбилік басына келген кезде де

толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің

өзінде 1711-1712, 1714, 1717

жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың

болғаны белгілі.

Тәуке хан Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.

Тәуке хан

Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс

болды.

Тәуке хан Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз- Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан ол қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты міндеті деп санады.

Тәуке хан

Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-

Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін

бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке

хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен

құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Халық зердесінде

Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой

үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп

еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы

А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері

Ликургпен теңеген.

Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін

қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан ол қазақ

қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет

құруды басты міндеті деп санады.

Тәуке хан Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тәуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды. Билер кеңесі қазақ елінің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Тәуке ханның тұсында ―Билер кеңесінің‖ құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер енді.

Тәуке хан

Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті.

Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын

ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне

тарту Тәуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды.

Билер кеңесі қазақ елінің ішкі және сыртқы саясатына

қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер

шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік

биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Тәуке

ханның тұсында ―Билер кеңесінің‖ құрамына атақты Төле

би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет,

Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы,

Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер енді.

Тәуке хан Билер кеңесінің билік ауқымы зор болған. Бұл органның шешімі негізінде ғана Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді шешуге құқықты болған және билер кеңесі қабылдаған заңдар мен шешімдерді жүзеге асырып отырған. Сонымен қатар «Билер кеңесі» хандық билікті шектеу құқығына ие болған. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған. Тәуке хан ел билеуде атақты қазақ билеріне арқа сүйеп, олардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін көтерді. Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен, Түркістан мен Сайрам жеріне орналасқан Битөбе, Мәртөбеде шақырылған.

Тәуке хан

Билер кеңесінің билік ауқымы зор болған. Бұл органның

шешімі негізінде ғана Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді

шешуге құқықты болған және билер кеңесі қабылдаған

заңдар мен шешімдерді жүзеге асырып отырған. Сонымен

қатар «Билер кеңесі» хандық билікті шектеу құқығына ие

болған. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған.

Тәуке хан ел билеуде атақты қазақ билеріне арқа сүйеп,

олардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін көтерді.

Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында

орналасқан Әңгірен, Түркістан мен Сайрам жеріне

орналасқан Битөбе, Мәртөбеде шақырылған.

Тәуке хан Жыл сайын Ташкент қаласының маңындағы Күлтөбеде үш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп тұрған. Бұл халық арасында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп аталды. Тәуке хан қазақтың жыраулары мен шешендерінің және шежірешілерінің басын қосып, қазақтың мақал-мәтел, шежірне, аңыз-жырларын жинаған. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру- тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген. Бұл тарихта Орта Азияда өмір сүрген көшпелі хандықтарда болып келген салт еді. Жаңадан таққа отырған хан өзіне қарасты тайпалардың таңбасын белгілеп беріп отырған. Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосты, жеке-жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың бөлектенуіне тежеу салып, Қазақ хандығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуір күшейтті.

Тәуке хан

Жыл сайын Ташкент қаласының маңындағы Күлтөбеде үш

жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп тұрған. Бұл

халық арасында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп

аталды.

Тәуке хан қазақтың жыраулары мен шешендерінің және

шежірешілерінің басын қосып, қазақтың мақал-мәтел,

шежірне, аңыз-жырларын жинаған. Сонымен қатар қазақ

халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-

тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап

белгілеген. Бұл тарихта Орта Азияда өмір сүрген көшпелі

хандықтарда болып келген салт еді. Жаңадан таққа отырған

хан өзіне қарасты тайпалардың таңбасын белгілеп беріп

отырған. Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі

тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын

қосты, жеке-жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың

бөлектенуіне тежеу салып, Қазақ хандығының ішкі бірлігін

бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуір

күшейтті.

Жеті жарғы Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырды. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.

Жеті жарғы

Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де

тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса

отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының

тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді

биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа

жолы», «Есімханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын

жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде

«Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырды. «Жеті

жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен

белгілі. Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық

құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар

туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің

барлық жағы түгел қамтылған.

Жеті жарғы баптары  Мемлекет ішінде тұрақсыздық жасағысы келген адам қатаң жазалансын.  Түрік халықтарының мүддесін сатып, мемлекетке залал келтірген адам өлтірілуге тиіс.  Кімде-кім ел (мемлекет) ішінде жазықсыз адамды өлтірсе, сол өлтірілуі тиіс.  Кімде-кім басқаның әйелімен күнә жасап, неке заңын бұзса, сол адам заң алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс.  Кімде-кім алыс жорыққа немесе бәйгеге дайындалып, даладағы жайылымда тұсаулы тұрған сәйгүлікті ұрласа, сол өлтірілуі тиіс.  Кімде-кім төбелес үстінде басқа адамды жарақаттаса, сол мынандай жағдайларға байланысты жауапқа тартылуы тиіс. а) Кімде-кім бір адамның көзін шығарып жіберсе, оған қызын беруі тиіс, ал қызы жоқ болса, қызға берілетін қалың мал мөлшерінде құн төлесін. б) Кімде-кім біреудің қол-аяғын зақымдаса, құнына өз атын төлесін.  Кімде-кім біреудің атын немесе құнды затын ұрласа, ол оған он есе мөлшерде құн төлейтін болсын.

Жеті жарғы баптары

 Мемлекет ішінде тұрақсыздық жасағысы келген адам қатаң жазалансын.

 Түрік халықтарының мүддесін сатып, мемлекетке залал келтірген адам

өлтірілуге тиіс.

 Кімде-кім ел (мемлекет) ішінде жазықсыз адамды өлтірсе, сол өлтірілуі

тиіс.

 Кімде-кім басқаның әйелімен күнә жасап, неке заңын бұзса, сол адам

заң алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс.

 Кімде-кім алыс жорыққа немесе бәйгеге дайындалып, даладағы

жайылымда тұсаулы тұрған сәйгүлікті ұрласа, сол өлтірілуі тиіс.

 Кімде-кім төбелес үстінде басқа адамды жарақаттаса, сол мынандай

жағдайларға байланысты жауапқа тартылуы тиіс.

а) Кімде-кім бір адамның көзін шығарып жіберсе, оған қызын беруі тиіс,

ал қызы жоқ болса, қызға берілетін қалың мал мөлшерінде құн төлесін.

б) Кімде-кім біреудің қол-аяғын зақымдаса, құнына өз атын төлесін.

 Кімде-кім біреудің атын немесе құнды затын ұрласа, ол оған он есе

мөлшерде құн төлейтін болсын.

Жеті жарғы «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. «Жеті жарғы» — жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. «Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды.

Жеті жарғы

«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды

білдірген. «Жеті жарғы» — жеті әдеттік құқықтық жүйеден

тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың

жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала

тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар

арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін

қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін

қолданылды.

Тапсырма §48-49 оқу мазмұндау, 194 беттегі 1,2,3 тапсырма орындау

Тапсырма §48-49 оқу мазмұндау, 194 беттегі 1,2,3 тапсырма орындау

-80%
Курсы повышения квалификации

Историко-краеведческая деятельность как средство достижения метапредметных результатов в современном обучении и воспитании

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (548.01 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт