«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Тәуелсіздіктің жалынды жастары»
эстафеталық жарыс
Шамалған бекеті,2016
Уақыты:15 00
Өткізілу орны: спорт зал
1Жүргізуші:Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Елбасы Н, Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі -тікелей жастардың қолында.
2жүргізуші:Олай болса, бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Жаңашамалған ауылдық округінде жас мамандар арасында өткізілген «Тәуелсіздіктің жалынды жастары» атты эстафеталық жарысымызды ашық деп жариялаймыз.(Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады).
1жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз
Мықты болсын еліміздің керегесі
Жүректе намыс оты лапылдаған
Күш-жігері жастардың сарқылмаған
2жүргізуші:
Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық
Өзімізді құрсаудан да босаттық
Ақтадық біз ата-баба үмітін.
Қолда қазір көк ту менен бостандық
1жүргізуші: Жарыстың шарттарымен таныс болыңыздар.
Жарысқа Жаңашамалған округі аумағында орналасқан мекеме қызметкерлері қатыса алады. Бірыңғай спорттық киімде болуы тиіс. Әр команда жарысқа 2-ұл, 3-қыз жүйесі бойынша қатысу міндетті. Жас айырмашылығы 18-29 жас аралығында болуы тиісті.
2жүргізуші: Сайыс бөлімдерімен таныс болыңыздар:
І тур – Таныстыру сайысы (команда мүшелерін түрлі бағытта таныстыру)
ІІ тур – «Кенгуру» сайысы (үлкуен гирь доппен секіріп барып, тапсырма орындау)
ІІІ тур – «Тәуелсіздіктің жаклынды жастары» шығармашылық сайыс. Әр команда сол жерде тақырыпқа сай плакат жасайды. Жасаған плакатын ауызша қорғайды.
ІҮ тур – «Кім жылдам» сайысы (секіргішпен барып баскетбол добымен қайту)
Ү тур – Үй тапсырмасы (Әр команда тақырыпқа сай өз өнерлерін көрсету)
Ендеше әділ-қазы алқаларымен таныс болайық.
1.________________________________________
2. _______________________________________
3.________________________________________
1жүргізуші: Олай болса командалармен таныс болыңыздар
1Бәрібаев ---------------------------------------
2. Байсалбаев--------------------------------------
3. ҚОМ-------------------------------------------------------
4. Алтынсарин-------------------------------------------------
5. ЖҚОМ----------------------------------
2жүргізуші:
Тәуелсіздік мақтанышым
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған – дей келе сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.
І тур – Таныстыру сайысы (команда мүшелерін түрлі бағытта таныстыру)
1жүргізуші:
Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы – дей келе сайысымыздың 2ші кезеңіне кезек береміз. ІІ кезең – «Кенгуру» сайысы (үлкуен гирь доппен секіріп барып, тапсырма орындау)
2жүргізуші:
Жеткен арман –жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін
Олай болса сайысымыздың 3ші кезеңімен таныс болыңыздар: ІІІ кезең – «Тәуелсіздіктің жаклынды жастары» шығармашылық сайыс. Әр команда сол жерде тақырыпқа сай плакат жасайды. Жасаған плакатын ауызша қорғайды.
1жүргізуші:
Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің
Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің
Қолға қонған бақ құсындай аялаған
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің
Тәуелсіздік бас арманы болған екен,
Атамыз бен бабамыздың сол ертеден
Арманына жету үшін күрескені
Тарихта шежіре боп қалған екен
Келесі кезекті сайысымыздың 4ші кезеңіне береміз: ІҮ кезең – «Кім жылдам» сайысы (секіргішпен барып баскетбол добымен қайту)
2жүргізуші:
Қазағымның рухы сол заманда сынға түскен
Жаулары сырттай оны сынап жүрген
Толқымалы сол кезеңде бабамыз
«Қазақ» атын мәңгі сақтап қалған екен
Кезекті сайысымыздың 5ші кезеңімен таныс болыңыздар.Ү кезең – Үй тапсырмасы (Әр команда тақырыпқа сай өз өнерлерін көрсету)
1жүргізуші.
Байлығы мол байтақ жерім кең
Дүниедегі елу елмен керегең тең
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі
Құтты болсын тәуелсіздік мерекең!
2жүргізуші: би---------------------------
1жүргізуші: ән---------------------------
2 жүргізуші Әділ-қазы алқамызға сөз берейік.
1 жүргізуші:
Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы
Жеткен арман –жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін
2 жүргізуші:
Осымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Жаңашамалған ауылдық округінде жас мамандар арасында өткізілген «Тәуелсіздіктің жалынды жастары»атты эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!


Тәуелсіздіктің жалынды жастары (19.04 KB)

