Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Мероприятия  /  7 класс  /  Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.

Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.

Биыл ?лкен мереке.Т?уелсіздік ал?анымыз?а 25 жыл толды.Т?уелсіздік бізді? е? басты ба?ытымыз.1991жылы 16желто?сан-тарихта?ы ?лы к?н.Б?л к?н ?аза?стан ?зіні? т?уелсіздігін жариялайды.Т?уелсіздікті? ?алыптасу жылдарында ?аза?стан Республикасы к?птеген жетістіктерге жетті ж?не еркіндік,бірлік,т?ра?тылы?,г?лдену сия?ты негізгі ??ндылы?тары ?алыптасады.Азатты? ?аза? хал?ыны? ежелгі арманы еді.

30.11.2016

Содержимое разработки

1 жүргізуші

Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін біз сіздермен «Ұлы дала тарихы» атты койылымдық кешімізге қош келдіңіздер!

2 жүргізуші

Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.

1 жүргізуші

Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.

2 жүргізуші

Енді осы тарихи кезеңдерге шолу жасап көрейік

XV ғасырда қазақ халқы қалыптасып болды. Оның негізін құраған Үйсін, Қоңырат, Керейт, Маңғыт, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Әлімұлы, Дулат және басқа да көптеген рулар мен тайпалар. 
1) XV ғасырдың 50-60-жылдарында Қазақ хандығы құрылды. Оған ұйтқы болған, алғашқы қазақ хандары деген жоғары атаққа ие болған Жәнібек пен Керейді қарсалыңыздар  (5 «А» сынып)
1 жүргізуші

Қазақ хандығы тез ұлғайды. XVI ғасырдың басында оның жер көлемі едәуір кеңейіп, халқының саны бір миллионнан асты. 
2) Қазақ хандығының – мемлекетінің XVI – XVII ғасырларда ұлғайып, нығаюына үлес қосқан: Қасым хан ,Хақназар хан , Есім хан мен Тәуке хан қарсалындар(5 «Б» сынып)

2 жүргізуші

3) Қазақстан жеріндегі ортағасырлық ғалымдар: Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.), Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр), Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр), Ахмед Иассауи (ХІІ ғасыр), Мұхамммед Хайдар Дулати, Жалайри Қосынұлы қарсаыңыздар

(5 «В» сынып)

1 жүргізуші

XVI ғасырдың соңынан бастап 1755 жылға дейін қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық, тәуелсіздік үшін шайқасты. 1755-жылы Жоңғар мемлекеті біржола жеңілді, тарихтан аты өшті. 
4) Жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылар: хандар – Тәуке, Әбілқайыр (Кіші жүз ханы)

Абылай; билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке; (5 «Г» сынып)

2 жүргізуші

5) Батырларларымыз– Қабанбай, Бөгенбай, шапырашты Наурызбай кележатыр

(6«А» сынып)

.

1 жүргізуші

1731-1917 жылдар аралығында Қазақстан Ресей империясы қоластында болды. Кіші жүз «еркімен» қосылды, қалған жердің бәрін жаулап алды. 
Ресей империясы Қазақстанда екі жүз жылдай отарлау саясатының барлық қитұрқы әдіс, тәсілдерін қолданды, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің дамуына барынша кедергі жасады

6) ХІХ ғасырдағы қазақтың белгілі ағартушы ғалымдары: Шоқан Уәлиханов

Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев (6 «Б»сыныбы)
2 жүргізуші
7) Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы 1836-1838 жылдары Исатай мен Махамбет, 1837-1847 жылдары Кенесары хан, 1916 жылы А. Иманов, Ә. Жангелдин, Ә. Жанбосынов т.б. басшылық еткен, ұлт азаттық қозғалыстар болды. (6 «В»сыныбы)

1 жүргізуші
1917 жылы Қазанда Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнады, ол өкімет 1990 жылға дейін өмір сүрді. 
8) ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында қазақ халқының бақытты келешегі, ұлттық тәуелсіздігі үшін күресуші үлкен зиялы топ қалыптасты. Олардың басшылары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рұсқылов, Мұхамеджан Тынышбаев т.б. болды. (6 «Г» сынып)

2 жүргізуші

9) 1941-1945 жылдардағы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткені үшін 500-дей Қазақстан Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бұл жоғары атақты Л. И. Беда, С. Д. Луганский, Т. Ж. Бигелдинов, И. Ф. Павлов екі мәрте алды.

Әлия мен Мәншүк Кеңестік Шығыс Қыздарынан алғаш реет Кеңес Одағының Батыры атағын алды. (7 «А» сынып)

1 жүргізуші

Социалистік Еңбек Ері - шаруашылық пен мәдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері үшін еңбекте ерекше көзге түсіп, өздерінің аса үздік жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, халық шаруашылығын өрге бастыруға, ғылым мен техниканы дамытуға, КСРО-ның күш-қуатын нығайтып, даңқын шығаруға ат салысқандары үшін ең жоғары құрметті атақ - Социалистік Еңбек Ері белгісін алған еңбеккерлер.

9)Бұлар Ыбырай Жақаев,Шырынкүл Қазанбаева,Ұлбала Алтайбаева,Жадыра Таспанбетова аталарымызбен- апаларымыз(7 «Б» сынып)

2 жүргізуші

- Сүрінген бабам сан рет,
Космосқа қарай барам деп.
Қойынында мылқау тірліктің
Қандай сыр барын білем деп,
Адами қиял осылай, аспанға ұшып, әрі ұшты,
Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.-дей отырып 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан « Союз ТМ - 13»кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.Тоқтар Әубәкіровтің ғарышты бағындырғанына биыл 30жыл

(7 «в» сынып)
2 жүргізуші

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.
Қайрат:

Күнадан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар! (7 «Г» сынып)

 

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала тарихы» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. 
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

-80%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания истории в условиях реализации ФГОС СОО (ООО)

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. (20.68 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт