Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Тәуелсіз елім-Қазақстан

Тәуелсіз елім-Қазақстан

  • Баланы отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке: салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу;
  • достық қарым-қатынасты қалыптастыру,
16.01.2019

Содержимое разработки

Қалалық білім бөлімі

№ 1Мектепке дейінгі авторлық гимназия























Интеллектуалдық ойын

«Тәуелсіз елім – Қазақстан»

















Дайындаған тіл мамандары:

Темирханова Н.А. Танашева М.А.

Тулегенова В.Т. Сапаргалиева А.К





























2018 жыл



Интеллектуальдық ойын

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім -Қазақстан»

Мақсаты:

  • Баланы отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке: салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу;

  • достық қарым-қатынасты қалыптастыру;

  • баланың тілдік қорын жетілдіру;

  • балалардың өз отанына деген білімдерін кеңейту;

  • елдің тарихына балалардың қызығушылықтарын арттыру;

  • Рәміздерге, тілге, Отанға, туған елге, жерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.



ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранымен басталады.

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бой армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік» күні мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.



Тәуелсіздігімді алар жолда қаза тапқан аға-апаларымызға 1 минуттық үнсіздік.



Ойынымыз 5 турдан тұрады. Әр топтан 2 бала қатысады. Ұпай сандары бөлімдеріне байланысты әр түрлі бағаланады.

  1. Бәйге

  2. «Сөз асылы-мақал»

  3. Тез ойла!

  4. Сөз шебері

  5. Жорға

Сіздердің жүйріктіктеріңізді анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.Садырова Ш.Ф

2.Камиева А.Б

3.Султанова Н.Д

4. Темирханова Н.А.



Ойынға қатысушыларымызға сәттілік!!!



I бөлім. Бәйге. 10 жеңіл сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші жауап берсе, сол топ 10 ұпаймен бағаланады.

  1. Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)

  2. ҚР қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)

  3. 1 желтоқсан қандай мереке?

  4. 16 желтоқсан қандай мереке? ( ҚР-ның Тәуелсіздік күні)

  5. ҚР-ның мемлкеттік тілі қандай тіл? (қазақ тілі)

  6. ҚР Елордасы қай қала?(Астана)

  7. Әсем қала....(Алматы)

  8. Қазақстанда тұратын қандай ұлттарды білесіңдер?(қазақ, орыс, корей, татар, өзбек т.б)

  9. ҚР-ның Елбасы кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  10. Ақ Орда қай қалада орналасқан? (Астана қаласында)

  11. Бәйтерек қай қалада? (Астана қаласында)

  12. Біз қай қалада тұрамыз? (Атырау қаласында)

  13. Мұнайлы қала ..... (Атырау)



1.«Звездочка» ересек тобы ән «Тәуелсіздік ел-ұраны»



II бөлім. 2. «Сөз асылы-мақал»

Балалар мақалдың жалғасын табады. Егер бала мақалдың жалғасын дұрыс тапса, ұяшықтың сыртындағы сан ол топқа ұпай саны болып қосылады. Жасырынған сөзді үш тілде айтады. Пиктограмма

  1. ..... алтын қазына.(кітап, книга,book)

  2. Өнер алды ..... тіл. (қызыл, красный, red)

  3. Кісінің көркі ....... емес, білім. (киім, одежда, clothers)

  4. Көз қорқақ, ............. батыр. (қол, рука,hand)

  5. ........ отбасынан басталады. (отан , родина, country)



2.«Подсолнушек» ересек тобы «Тәуелсіздік» күніне тақпақтар оқиды.



III бөлім. «Тез ойла»! «Қазақстанрәміздері» балалардың жауабы ұяшық сыртындағы ұпай санымен бағаланады. Кубизм стратегиясы

  1. ҚР-ның рәміздерін екі тілде ата.

1 желтоқсан қандай мереке?

16 желтоқсан қандай күн?

  1. Еліміздің жүрегі

Жеріміздің жүрегі.

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі?

(Астана)

Туымыздан күн қарап Күлімдейді әлемге

Күнмен бірге қандай құс

Қанат қаққан әлемге

(Қыран құс)

  1. Қазақтың ұлттық аспабы. Домбыра туралы шағын әңгіме

  2. Оң қолды жүрек тұсына қойып, тік тұрып орындалатын ән.

  3. ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранның авторлары кім? Сөзін жазған: Әнін жазған:

  4. Тудың авторы кім? ҚР-ның Мемлекеттік Туында не бейнеленген?

  5. Елтаңбаның авторы кім? ҚР-ның Мемлкеттік Елтаңбасында не бейнеленген?

  6. 3.«Күншуақ» ересек тобы би арнайды.

  7. IV бөлім. «Сөз шебері» топтар суреттерді таңдап алады, әр суретті 10 дейінгі ұпай санымен бағалаймыз.

  8. «Қыс мезгілі» бойынша суреттер беріледі.

  9. 4.«Светлячок» ересек тобы «Ұлттық ойындар» өткізеді.

  10. V бөлім .Жорга. Соңғы бөлімнің әр сұрақтың жауабы 10 ұпаймен бағаланады. Егер бір топ білмесе, екінші топ жауап беріп, өз тобына ұпай санын қоса алады.

  1. М.Өтемісұлы-қазақтың батыры, әйгілі ақыны, күйші.

  2. Құрманғазы Сағырбайұлы-күй атасы, күйші

  3. Д.Нүрпейісова-күйші, ақын

  4. А.Құнанбаев-ағартушы, жазушы, ақын

  5. Т.Әубәкіров-ҚР-ның тұңғыш ғарышкері

  6. Т.Мусабаев- ҚР-ның ғарышкері

  7. Ф.Оңғарсынова-жазушы, ақын

  8. Қ.Рысқұлбеков-желтоқсан оқиғасының құрбаны

  9. Л.Асанова-желтоқсан оқиғасының құрбаны

  10. Ж.Нәжімеденов-ҚР-ның Әнұранының авторы, жазушы, ақын

  11. Ш.Қалдаяқов-ҚР-ның Әнұранының авторы , композитор

  12. Н.Ә.Назарбаев –ҚР-ның президенті

  1. Осымен тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім-Қазақстан!» атты интеллектуалдық ойынымыз аяқталды.

  2. Қазақ елім!

  3. Туды жастық дәуірің

  4. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын

  5. Тәуелсіздік құтты болсын ағайын!

  6. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.

  7. «Құлыншақ» тобынан «Қазақстаным» әні

  8. Желтоқсан құрбандарының видео фильмдері

  9. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

    1. Топтар

    1. Бәйге

    1. Полиглот

    1. Тез ойла

    1. Сөз шебері

    1. Жорға

    1. «Светлячок»

    1. «Подсолнушек»

    1. «Звездочка»

    1. «Құлыншақ»

    1. «Күншуақ»

-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие человека от рождения до смерти: психология развития и возрастная психология

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тәуелсіз елім-Қазақстан (67.7 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт