Тақырыбы: «Мен - патриотпын»
Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болу керек:
Отанға деген сүйіспеншілік;
Отанға деген адал сезім;
Отанын қорғауға дайын болу;
Мен өз елімнің патриотымын!
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».
Сабақтың мақсаты:
Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында
патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар және мектеп есігін оқушы болып ашып келіп отырған бүлдіршіндер сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек білім күнімен және 30 тамыз Конституция күнімен құттықтаймын.
ІІ. Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын Отанымыз жайлы видео ролик көрсету 2-3 мин.
ІІІ. Негізгі бөлім. Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға Мемлекетіміздің рәміздері жайлы слайдтар көрсету, түсіндіру.
1-оқушы: Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
2-оқушы: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
3-оқушы: Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі
4-оқушы: Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
5- оқушы
Отан деген –Атамекен,
Отан деген – Туған жер.
Отан – ана, Отан –үлкен,
Қазақстан – туған ел.
Мұғалім сөзі: «Өз елінің патриоты болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету»
Маңғыстау - Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік батысындағы ірі аймақтардың бірі. «Ұйқыдағы ару» атанған бұл өлке еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі. Бұл өлкеде әр шаңырақ, қуанған кезінде де, құлазыған кезінде де, алдымен Бекеттің атын ауызға алған. Өйткені, ол тірісінде елінің жел жақтағы Панасы, ық жақтағы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қазы. Әлсізге медет, Күштіге Айбат, Зарыққанға Жебеу, Тарыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа Ұран, Ел иесі Жер киесі Пір ата Бекеттің отаны.
ә) Слайд көмегімен мұнайдан өндірілетін заттар туралы айту.
б) Жаңаөзен 1961 жылы қыркүйекте тұңғыш газ фонтаны атқылаған жер.
(Сұрақ – жауап)
1. Маңғыстау облысының қалалары (Ақтау, Жаңаөзен, Форт – Шевченко).
2. Маңғыстау облысының құрамына кіретін аудандарды ата (Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы).
3. «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінің авторы кім? (Әбіш Кекілбаев).
4. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды? 1973 жылы 20 наурыз).
5. Маңғыстау облысында орналасқан қорық қай қорық? Нешінші жылы құрылды?
(Үстірт қорығы, 1984ж.)
6. Дүние жүзіндегі ең үлкен ағынсыз көл (Каспий теңізі).
7. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін емдік шөптерді ата? (адыраспан, бәйшешек, бозжиде, жантақ, изен, сүттіген).
8. Түпқараған ауданының орталығы (Форт – Шевченко)
9. Маңғыстаудан шыққан батырлар Иса, Шотан, Құлбарақ, Досан батырлар.
10. Маңғыстаудағы қандай тауларды білесің? (Айрақты, Шерқала, Ақмыштау, Ақтаулар, Отпан, Бесшоқы, Қаратау, Оғыланды, Маната, т. б)
6-оқушы
Астана-арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады жап-жас болып
Мен үлкен болғанда да.
7-оқушы
Елім деп, жерім деген,
Адымдап сенімменен.
Халқымның көшбасшысы
Еңбектен ерінбеген.
8- оқушы
Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімніңкүштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын.

Тәрбие сағаты "Мен -патриотпын" (19.74 KB)

