Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Уроки  /  5 класс  /  Сырбай Мәуленов"Менің Республикам"

Сырбай Мәуленов"Менің Республикам"

Б?л саба? та?ырыбы Сырбай М?уленов Мені? Республикам.Бесінші сынып?а арнал?ан.

11.05.2017

Содержимое разработки

Пәні:әдебиет

Класы:5 а

Мерзімі:16.03.2017

Сабақтың тақырыбы

С.Мәуленов «Менің Республикам»

Мақсаты

С.Мәуленов шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын ашуға үйрету, өлеңге тоериялық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері

Сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Шығармашылық қабілеттері өседі.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу

Пайдаланылған ресурстар

Сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,жұптық,топтық жұмыс

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

Қазақстан рәміздері арқылы үш топқа бөліп отырғызу

1-топ.Елтаңба

2-топ.Бәйтерек

3-топ.Ту

Бағалау парақшасын беремін

Оқушылар оқу құралдарын алып сабаққа дайындалады.

Үй тапсырмасы

Ар-ұят туралы өлеңді жаттау

Осы өлеңдегі қарт пен жігіттің арасындағы ұят пен ұятсыздыққа байланысты өздеріңнің ойларыңды білдіріңдер

Ақынның «Ар-ұят туралы» өлеңінде жалпы не жайында айтылған?

Қандай ақпарат ала алдың?

Өз ойыңмен «Ұят» деген ұғымға қандай түсінік бере аласың?

Оқушылар тақырыпты қайталап,сұраққа жауап береді

Жаңа сабаққа кіріспе

Ой қозғау

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Жұбан Молдағалиев

- Балалар, тыңдаған әндерің не туралы?
- Отан туралы
- Ал «Отан»дегеніміз не?
- Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері. Туғандарымен, отандастарымен бірге тұратын жері.
- Ал, біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.

Қазақстан қандай мемлекет?
- Олай болса, балалар, біздің көптеген ақын ағаларымыз осы Республика туралы өлеңдер шығарған. Соның бірі С. Мәуленов атамыз.Балалар,біздің класымызда арнайы шығармашылық тобымыз бар.Сол топ шығып жаңа сабақты түсіндірсе.

.Бүгінгі оқитын өлеңіміздің авторы: С.Мәуленовтың өмірі туралы таныстыру.Сырбай Мәуленов 1922ж Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.
Ақынның «Өлеңдер» атты тұңғыш жинағы 1948ж жарық көрді.
«Жолдас», «Жас жүрек», «Жұлдыз жырлар» «Жол үстіндегі жалындар»т. б қырыққа жуық жыр жинақтың авторы.
оқушы.Балаларға арнап «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» «Қорқақ торпақ»т.б жазған- А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, Ә. Науай шығармаларын қазақ тіліне аударған.
«Құрмет белгісі» ордені, Қазақстан Мемлекетінің лауреаты (1970ж), 1 - дәрежелі Отан соғысы(1985ж), «Қызыл Ту», Халықтар достығы(1982ж) марапатталған.

Қосымша мәлімет ретінде Сырбай Мәуленов Сыр өңірі Қызылордада дүниеге келген.Атын Сыр өңірінде туған соң Сырбай деп қойған екен.Ол өзінің алғашқы өлеңдерін Қызылордада бастап жазған.Балалық шағының көбісі Сыр бойында өтеді.Жасынан жыр жаттап өскен ақын он бес жасында алғашқы өлеңін жазып Қызылорда облысындағы Калхозшы газетінде шығады.Сырбай Мәуленов Ұлы Отан соғысы жылдарында дүниеге келен ірі талантты өкілдерінің бірі.

Сонымен қатар Сырбай Мәуленовтың соғыс тақырыбына айналып орала беру себебі соғыс әкесінің інілерін жалмап жанына жазылмас жара салған.

Сол майдан тақырыбындағы өлеңдерінің бірі «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Енді тағы бір бізге беріліп отырған Республика туралы өлеңін оқысақ

Оқушылар өз ойларын ортаға салады

Жаңа тақырыпты меңгерту

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма

Өлеңнен көркемдеуіш құралдарды табу

1-топ.Кейіптеу

Теңізбен қол ұстасқан, гүл мен күн бір жүзген

Теңеу

Қызыл бұлттай (гүл)

Метафора

көгім-аспан

2-топ

Өлеңге талдау жасау

Авторы: Қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, қазақ поэзиясына елеулі еңбек қосқан ірі дарын иесі Сырбай Мауленов.
Тақырыбы: Ұшы - қиыры жоқ ұлан байтақ Республикамыз, тамаша мекеніміз туралы.
Идеясы: Туған Отанына деген сүйіспеншілігін насихаттау, туған жеріміздің әсемдігін дәріптеу.
Жанр түрі: поэзия (өлең)
Шумақ: 3
Тармақ: 12
Бунақ: 3
Буын: 11
Ұйқас түрі: а,а,б,а Ендеше мұндай өлеңнің ұйқасын қалай атаймыз?
-Қара өлең ұйқасы дейміз,-деп оқушылар жауап береді.
Тау/ды көр/сең// күн кө/зі/мен// та/лас/қан. 11б а
Ас/пан көр/сең //Ай мен Күн/ге/ /жол/ ашқан, 11б а
Ме/нің бай/тақ// Рес/пуб/ли/кам// тау/ла/ры 11б б
Ме/нің кө/гім//-мөл/ді/ре/ген// сол ас/пан. 11б а
3-топ

Гимн әнұран мен Менің Республикам өлеңін салыстыру

2-тапсырма

Отан,туған жер,ел туралы мақалдар айту

3-тапсырма.

Шығармашылық тапсырма

1-топ.Туған жер туралы өлең шығару

2-топ.Отан туралы өлең шығару

3-топ.Рәміздер туралы өлең шығару

ұйымдасып жұмыс жасау

Білімдерін бекіту

«Ыстық орындық»әдісі бойынша

Тақтаға әр топтан үш оқушы шығарып сұрақтар қою

1.Сырбай Мәуленов

2.Менің Республикам

3.Ту

Өз болжамдарын келтіру

Рефлексия

«Бес бармақ»әдісі бойынша глобуска жабыстырту


Бағалау

Ауызша бағалау

«Өте жақсы», «Жарайсың»


Үйге тапсырма

өлеңді жаттау





-80%
Курсы повышения квалификации

Эмоциональный интеллект

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сырбай Мәуленов"Менің Республикам" (142.75 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт