Жаңа 2016 жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші:Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Сәлеметсіздер ме, Құрметті ата-анлар, балалар! Біз сіздерді Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Балалардың орындауында «Шырша жыры»
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін? Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар.
Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар? Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі. Сиқыршы біздің балаларымыздың сізге арнаған керемет биі бар«Сиқыршылар» биі.
Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек. Орманға біз шаңғымен барамыз.
(Балалар жұп болып қатарға тұрып шыршаны айналады) Балалар орындықтарға отырады, әуен шырқалады, Қоян секіреді.
Жүргізуші: Ой мынау не?
Балалар: Мынау, Қоян.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші:Сәлеметсің бе Қоян бізде сені жаңа жыл мерекесімен шың жүректен құттықтаймыз!Қоян сен мына кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың ба?
Қоян: Жоқ, көрген жоқпын.
Жүргізуші: Енді, не істейміз? Кіммнен көмек сұрасақ екен
Қоян:Мен білемін біздергеменің досым Аққала көмектеседі.
Жүргізуші:Қандай керемет ендеше балалар ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көңілді Аққаламын. Ойын - күлкі әкелдім, Бақыт, қуаныш сыйлаймын. Мықты денсаулықпенен. Жүргізуші: Қош келдің, Аққала! Біздің басымызға қиындық түсіп, көмек керек. Кебістің бір сыңары жоқ.
Аққала: Мен сендерге көмектесемін, бірақ бір би тамашалап алайық.
Жүргізуші:Қандай керемет Аққала біздің балалардың орындауында«Сағаттар биін» қабыл алыңыз
Жүргізуші:Биімізді биледік енді ары қарай саяхат жасайық
Жүргізуші: Ой, балалар мына үйді караңдар.Жарығы жанып тұр, Терезесін қағайын. Кім тұратынын сұрайын.
Сиқыршы: Кім екен? Мұнда Ақшақар тұрады.
(Үйінен Ақшақар шығады).
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Құрметті Ақшақар, сізді Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз. Ақшақар: Мен ән айтқанды ұнатамын. Орманда түлкімен серуендеп жүріп кебісімді жоғалтып алдым.
Сиқыршы: Ақшақар,мен Балаларға қонаққа келе жатып, кебіс тауып алдым, кебісіңді ала ғой.
Ақшақар: Көп рахмет сіздерге балақайлар.
Жүргізуші: Ақшақар, балаларымыздың дайындап келген әсем әні бар, соны бирге қосылып шырқайық. «Қыс келді» әні
Ақшақар: Балалар, Аяз ата әлі келген жоқ па?
Сиқыршы: Мен білемін, Аяз ата балабақшаға келеді. Біздің шаңғыларымыз қайда екен? Үйге қайтатын кез болды.
(Балалар жұптасып қатарға тұрады да шыршаны айналады).
Аяз ата: Мен көңілді Аяз атамын. Құрметті балалар Сәлеметсіздер ме
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Аяз ата біздің мерекеге қош келдіңіз біздің балалардың сізге арнаған тақпақтары әсем әндері,билері бар соны тамашалауға шақырамыз
Тақпақтар:Елдана,Али,Сания,Қадыр,Амина,Э.Арнур,Айару
Жүргізуші:Тақпағымызды айттық Мүмкін Аяз атаны би билеп қуантамыз, өнерімізді көрсетерміз. «Ұлпа қарлар » биі
Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане барлығымыз бірге үрлеп шыршаның шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп шыршаның шамдарын жағады).
Тақпақтар:Е.Арнур,Айзере,Алихан,Данара,Тамир,Айша,Әділжан,Амира
Аяз ата: Ақшақар қызым менің қолғабымды көрген жоқсың ба? Сиқыршы: Қолғап тауып Аяз атадан сұрайды: Аяз ата мынау сіздің қолғабыңыз ба?
Аяз ата: Иә қолғап менікі (Балалар бір - біріне қолғапты беріп, Аяз ата балалардан алуға тырысады).
Ойын: «Қолғапты қуып жету».
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, жылдам екенсіңдер.
Тақпақтар:Мақсат,Махаббат,Чингиз,Аксенья,Илияс,Іңкәр,Аңсат,Алинур
Жүргізуші: Қане, балалар барлығымыз бірігіп ән айтайық. Ән: «Жаңа жыл» Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді.
Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын таратады). (Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді). Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Залға үш бала кіреді.
Али: Саған не болды?
Әділжан:Мен ауырып тұрмын
Э.Арнур:Ендеше дәрігер шақырайық
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме балалар мен сендерге көмектесейін /телефонмен дәрігерді шақырады/
Айболит:Сәлеметсіңдер ме балалар,кәне қай бала ауырып тұр?
Әділжан:Мен
Айболит:Кәне Әділжан сенің денсаулығынды тексерейін /градусник қояды/
-Әділжан сенің еш қай жерін ауырып тұрған жоқ.Саған тек дәрумендер жетпей тұр
Жүргізуші: рахмет дәрігер Айболит ендеше мен шұғыл түрде Жүргізуші ағайға звондап бізге қоймадан көкөністерді жеткізсің деп көмек сұрайын
Жүргізуші ағай: Сәлеметсіңдер ме балалар балалар мен сендерге қоймдан ең дәмді дәрумені көп көкөністерді әкелдім.Соларды жеп иммунитететерінді көтеріңдер.
Би: «Көкөністер полькасы»
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші:
Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар
жарайсындар!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән «Күз жомарт»
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Ойын «Кім жылдам»
Би:
«Алтын күз» өленің тамашалыныздар
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Күз:Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!