Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  5 класс  /  § 10 Терезелер. Терезенің құрылымы.

§ 10 Терезелер. Терезенің құрылымы.

Windows ОЖ-ны? ??рылымын, бас?ару элементтерін, ??рылымды? элементтерімен о?ушыларды таныстыру, Windows ОЖ-ны? ?ызметімен, ж?мыс айма?ында бас?ару элементтерімен таныстыру.

О?ушыларды? Windows ОЖ-ні ?олдана отырып, компьютермен ж?мыс жасау да?дыларын дамыту.

Топпен ж?мыс жасау?а, ??ыптылы??а, шапша?ды??а, ?згені? ойын ты?дау?а баулу.
13.11.2016

Содержимое разработки


Сынып: 5


Күні: 07.11.2016 жыл

Сабақ: № 10

Пәні: Информатика


Тақырыбы

§ 10 Терезелер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Windows ОЖ-ның құрылымын, басқару элементтерін, құрылымдық элементтерімен оқушыларды таныстыру, Windows ОЖ-ның қызметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру.

Дамытушылық – оқушылардың Windows ОЖ-ні қолдана отырып, компьютермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – топпен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өзгенің ойын тыңдауға баулу.

Құрал-жабдықтар

оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, үлестірмелі карточкалар.


Оқыту әдістері:

сөздік, көрнекі, практикалық


Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, амандасу тренингін өткізу.


Сабаққа дайындықтарын көрсетеді, тренингке қатысады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

  1. мин

Информатикалық диктант:

  1. Программалық жабдықтамалар дегеніміз не ?

  2. Қандай программалық жабдықтаманы білесіңдер ?

  3. Операциялық жүйе дегеніміз не ?

  4. Біз қандай ОЖ-мен жұмыс істейміз ?

  5. Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау,түрлендіру, жөнелту туралы ғылым

  6. Компьютер түрлері

  7. Ақпаратты шығару құрылғысы

  8. Ақпаратты енгізу құрылғысы

  9. Принтердің түрлері

  10. Қағазға басып шығару құрылғысы

  11. Ақпарат тасығыш құрылғы

  12. Суреттерді,сызбаларды және т.б қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы

  13. Компьютердің «миы», ол қай құрылғы

  1. Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын (ПЖ) құрайды.

  2. Жүйелік программалық жабдықтама, қолданбалы программалық жабдықтама.

  3. Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

  4. мысалы, Windows 7, Windows 8.

  5. Информатика.

  6. Сервер

  7. Монитор

  8. Пернетақта

  9. Лезер, матрицалық, сия бүріккіш, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

  10. Принтер

  11. Флешка,

  12. Сканер

  13. Процессор



Бағалау.

«5» - 12-13

«4» - 10-11

«3» - 8-9

«2» - 7, кем

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин

Бүгінгі сабақта терезе құрылымын, терезелердің қандай болатынын,олармен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеміз.

Windows операциялық жүйесінің негізгі нысаны болып табылатын – терезе. Терезелерде қосымшалар, хабарламалар және т.б. ашылады.

Терезенің құрылымы


Артқа (1) және Алға (2) батырмалары бұрынырақ ашылған бумаға, веб-бетке немесе басқа нысанға тез ауысуға мүмкіндік береді. Егер меңзерді алға немесе артқа батырмасына жақындатсаңдар,онда осы батырманы басқанда ашылатын буманың аты көрсетілген қалқып шығатын сілтемені көруге болады. Тақырып жолының оң жағында терезені басқару батырмалары (3,4,5) орналасқан. Олардың көмегімен терезені жиыруға,бүкіл экранға жаюға, жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болады.

Жиыру (Свернуть) батырмасы (3) терезені экраннан алып тастағанмен, программамен орындалып жатқан жұмысты аяқтамайды. Ашылған терезенің белгішесі Есептер тақтасында көрсетіліп қалады.

Жаю (Развернуть) батырмасы (4) – терезенің өлшемін өзгертеді. Терезені экранның бетіне толық жаюға немесе керісінше,оның мөлшерін кішірейтуге болады.

Жабу (Закрыть) батырмасы (5) – программаның жұмысын аяқтайды. Программаның терезесін (мысалы,мәтін немесе сурет бейнеленген) жабар алдында өз жұмыстарыңды міндетті түрде сақтап қою керек.

Терезені Alt+F4 пернелерінің тіркесімдері көмегімен де жабуға болады..

Терезенің ең төменгі жолы жай күй жолы деп аталады. Онда осы сәтте терезеде не таңдалғаны жөнінде қосымша ақпарат жазылады.

Айналдыру жолақтары вертикаль және горизанталь болуы мүмкін.Егер ақпарат терезеге

толық сиып тұрса,онда айналдыру жолақтары болмайды.

Терезелермен жұмыс істеу

Терезенің өлшемін тек терзелерді басқару батырмаларымен ғана өгертіп қоймайды. Терезенің мөлшерін еркін өзгерту үшін тышқанның сілтемесін терезенің шекарасына немесе бұрышына апарып, сілтеме екі бағытты жебеге

( ) айналғанда, терезенің бір немес екі бүйірін жылжытыңдар.

Ашық терезелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.

Түйін

  • Терезе – экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы.

  • Тақырып жолының оң жағында терезені жиыруға, бүкіл экранға жаюға жабуға, оның бастапқы өлшемдерін қайта қалпына келтіруге болатын терезені басқару батырмалары орналасқан.

  • Терезенің түрлері: бумалар терезесі, қосымшалар терезесі, сұхбаттық терезелер, анықтама терезелері.

  • Ашық терзелердің біріншісінен екіншісіне олардың есептер тақтасындағы батырмаларын немесе Alt+Tab пернелерін басып ауысуға болады.

IV. Компьютерде-гі

тәжірибелік жұмыс

8 мин

Оқулықпен жұмыс, компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

Тапсырманы ДК-де орындайды.

А деңгейі

  1. Компьютер нысанының терезесін ашыңдар.

  2. Терезенің мөлшерін айналдыру жолақтары көрінетіндей етіп өзгертіңдер. Айналдыру жолақтарымен жұмыс істеп машықтаныңдар. Терезенің оңтайлы (өз қалауларыңмен) мөлшерін таңдаңдар.

  3. Терезенің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар (49-сурет)

  4. Әртүрлі белгішелерді таңдаңдар.

  5. Терезедегі белгілердің орнын жылжыту арқылы өзгертіңдер.

  6. Анықтама терезесін шақырыңдар.

  7. Есептер тақтасын пайдаланып,ашық терезелердің бірінен екіншісіне ауысыңдар.

  8. Пернетақтаны пайдаланып,терезелерді жабыңдар.

В деңгейі

1. Компьютер терезесін ашыңдар.

2. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар (50-сурет)

3. Дөңгелектің суретін салыңдар.

4. Екі терезенің екеуі де толық көрінетіндей етіп орналастырыңдар.

5. Екі терезені де жиырыңдар.

6. Терезелередің біріншісінен екіншісіне пернетақтаның көмегімен ауысыңдар.

7. Компьютер терезесінде белгішелердің түрлерін әртүрлі тәсілмен өзгертіңдер.

8. Графикалық редакторды жабыңдар.

9. Жұмыстарыңды сақтаңдар.

С деңгейі

  1. Компьютер терезесін ашыңдар. Терезені кейін оның негізгі элементтерінің атын жаза алатындай етіп орналастырыңдар.

  2. Print Sreen перенесімен компьютер экранының фоторграфиясын жасаңдар.

  3. Графикалық редакторды ашыңдар.

  4. Кірістіру бұйрығын таңдаңдар (51-сурет). Графикалық редакторда экранның бейнесін алыңдар.

  5. Алынған суреттегі негізгі нысандардың аттарын жазып шығыңдар.

  6. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіп,оны Құжаттар бумасында өз тектеріңді көрсетіп сақтаңдар.

V. Сергіту сәті

2 мин

Жаттығуды орындарында отырып орындау.


Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту

10 мин

1.Терезенің қандай түрлері бар?
2.Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметін айтыңдар.
3.Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметі қандай?

Оқушылар алған теориялық білім негізінде бекіту сұрақтарына жауап береді. Сыни ойлай отырып ойларын дәлелдейді.


VII. Рефлексия

3 мин

Оқушылар «INSERT- түртіп алу» әдісін негізге ала отырып айтылған ақпараттармен бөліседі.


VIII. Оқушыларды бағалау.

2 мин

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою.

Күнделіктеріне баға қойдырады

ІХ. Үй жұмысы.

2 мин

§10 оқу, сұрақтарға жауап беру.


Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


-80%
Курсы повышения квалификации

Компьютерная грамотность для учителей

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
§ 10 Терезелер. Терезенің құрылымы. (197.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт