Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Презентации  /  7 класс  /  "Спорт – денсаулық кепілі!» тәрбие сағаты

"Спорт – денсаулық кепілі!» тәрбие сағаты

Ал, сайыскер балалар, Ешкімің жоқ алалар «Жеңімпаз» болу үлкен ерлік Оны әділқазы бағалар. (әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Қазылар алқасымен таныс болайық.

09.06.2017

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ШҚО облысы білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК




«Бекітемін» __________

Әдіскер: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» __________

Сынып жетекшісі: Қожахметова Ж.Ф.

Тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: « Спорт – денсаулық кепілі!»

Өтетін орны: «№ 4. ЖОББМ» КММ

Сынып: 7 «а»

Мерзімі: 13.02.2017ж.

Тобы: 26 «ә»

Машықкерлер: Төлеуханова Б.

Баға: « ___ » ___________________

« ___ » ___________________



Семей, 2017 жыл



Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға баулу.

Міндеті:
Білімділік:   Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: Дұрыс күн тәртібімен жүруге, жарыс кезінде әділдікке, жолдастық сезімге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс (эстафеталық ойын)

Формасы: топтық

Әдіс-тәсілдер: ой толғаныс, сұрақ-жауап

Техникалық құрал-жабдықтар: әуен

Көрнекілігі: қапшық, бел айналдыратын, доп, шелек

 

Тәрбие сағатының кезеңдері:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- жаттығу жасау

- топтарды таныстыру
ІІ. Сайыс кезеңдері
1. Таныстыру

2. «Епті де, жүйрік» сайысы.
3. «Кім шапшаң» ойыны

4. «Кедергілер» ойыны

5. «Өрмекші» ойыны

6. «Қаппен секіру» ойыны

ІІІ. Қорытынды

Тәрбие сағатының барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер «Спорт– денсаулық кепілі» атты спорттық сайысын тамашалауға жиналып отырсыздар! Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Сыныптан тыс іс-тәжірибе жетекшісі – Кабимолдина А.К.
2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Айсұлу Өркеновна
3. 26 «ә» топ машықкері – Аймаханова Аңса

Енді топтарды ортаға шақырамыз.
1. «Күншуақ» тобы

2. «Жұлдыз» тобы

3. «Денсаулық» тобы

Қош келіпсіз, бүгінгі көрерменім
Жиналып отырсыздар топтардың өнерлерін
Сергітер деп ойлаймыз, бүгінгі кеш
Тамашалап отырсаңыз спорттық бөлімдерін
Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!
Сайысымыздың басталуы.
1.Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.
«Күншуақ» тобы
Ұраны: Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.

«Жұлдыз» тобы
Ұраны: Бүгін жарыс бақшада
Қуанады бар бала
Бүгінгі спорт ойыны
Шаттық сыйлар баршаға.


«Денсаулық» тобы

Ұраны: «Дені саудың – жаны сау!»

2. «Епті де, жүйрік» сайысы.

Шарты: Сіздер 1 қатарға тұрасыздар. Алдыда тұрған топ басшысы допты аяқтарынан астынан допты береді. Ең соңғы оқушы допты алып жүгіріп, қабырғада ілулі тұрған жұмбақтың шешімін табуларыңыз қажет. 1,2,3 дегенде бастайсыздар.

Іске сәт!

1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
6. Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
7. Көзінен жас кетпейді
Балалардан шеттейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
8. Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)

9. Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)

10. Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да Бұл не? (сүлгі)

11. Ақ қарда тек тұрмадым,
Қос тақтаймен зырладым. (шаңғы)
12.Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды,
Бір – бірінен озбайды. (коньки)
13.Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады (сабын)
14.Дәмі де жоқ ,Түсі де жоқ (су)
15. Ұрып қалсаң кері атып,
Оралады өзіңе,
Көрсе досың бері атып,
Қайтып барар өзіңе (Доп)

3. «Кім шапшаң» ойыны
Шарты: Қолдарыңызда 1 қасық суды ұстайсыздар. Отырып алдыға жүріп жеткеннен кейін қасықтағы суды шелекке құясыздар. Артқа қайтып келесі қатысушыға қолыңызды пергеннен кейін ғана жүгіре алады. Әділ-қазы алқасы шелектегі су мен ең бірінші жеткен топтың бағасын қорытындылап шығарады.

4. «Кедергілер» ойыны

Шарты: Екі бала допты арқаларыңызға қойып жүресіздер. Одан ары қарай орындықты айланып қайтадан солай қайтасыздар. Ең соңғы қалған бала баскетбол добымен жүгіріп барып қайтады.

Ескерту: допты түсірмеулеріңіз керек.

5. «Өрмекші» ойыны
Шарты: Ойыншы өрмекші сияқты өрмелеп ортаға дейін барып, ортадағы секіретінмен 10 рет секіріп орындықты айналып, кері қайтқан кезде өрмекші болып қайтасыздар. Әділ-қазы алқасы топтардың қорытынды бағасын шығарады.

6. «Қаппен секіру» ойыны

Шарты: Қатысушы қаппен мәреге дейін секіріп барып, орындықты айналып, кері қайтқанда дәл солай қайтасыздар.
Қорытынды: (марапаттау)

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар - деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!









Таныстыру


«Епті де, жүйрік» сайысы.

«Кім шапшаң» ойыны

«Кедергілер»

«Өрмекші» ойыны

«Қаппен секіру»

«Күншуақ» тобы







«Жұлдыз» тобы







«Денсаулық» тобы








5 – өте жақсы

4 – орташа

3 - төмен




















1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады.

________________


2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ.

___________________


3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында.

_____________________



4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе.

___________________



5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр.

________________












1. Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді?

__________________


2. Көзінен жас кетпейді
Балалардан шеттейді
Бұл баланы кім дейді?

___________________


3. Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді?

___________________



4. Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі.

____________________


5. Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да Бұл не?

___________________












1. Ақ қарда тек тұрмадым,
Қос тақтаймен зырладым.

______________________


2.Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды,
Бір – бірінен озбайды.

_______________________
3.Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады

__________________



4.Дәмі де жоқ ,Түсі де жоқ

____________________


5. Ұрып қалсаң кері атып,
Оралады өзіңе,
Көрсе досың бері атып,
Қайтып барар өзіңе

________________


-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Спорт – денсаулық кепілі!» тәрбие сағаты (270.87 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт