Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  9 класс  /  Сперматогенез. Овогенез. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

Сперматогенез. Овогенез. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

Сперматогенез. Овогенез. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

05.12.2017

Содержимое разработки

Күні:

Пән: Биология

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Сперматогенез. Овогенез. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды сперматогенез, овогенез жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану, ұрықтанудың биологиялық маңызы туралы білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Елбасының «Мәңгілік ел идеясының 7 құндылығы» сперматогенез, овогенез, жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану, ұрықтанудың биологиялық маңызы, оқушыларға өз бетімен жұмыс жасауға алған білімдерін іс -жүзінде қолдана білуге, сабақ процесінде ақпараттық- коммуникациялық технологиямен тиімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: аралас

Сабақтың түрі: түсіндірмелі сипатта

Көрнекілігі: интерактивті тақта, білім лэнд, слайд, суреттер,

Пәнаралық байланыс: биохимия, биология, генетика

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Алған білімдерін пысықтау тест

1.Организмдердің көбею формалары.

2.Жыныссыз көбеюдің түрлері.

3.Жынысты көбею.

Денгейлік тапсырмалар А,В,С бойынша қорытындылау. Мейоз.

ІІІ.Жаңа тапсырма.

  1. «Дана үкі» әдісі - мәтінмен жұмыс (10 мин)

1 – топ баяндау

2 – топ –термин сөздерімен түсіндіру

3- топ “Синтез кестесі” арқылы түсіндіру

Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады. Аталық жыныс жасушаларының (сперматозоид) даму процесін сперматогенез, ал аналық жыныс жасуаларының (жұмыртқа) дамуы мен қалыптасуын овогенез деп атайды. Жалпы жыныс бездерінде аналық пен аталық гаметалардың дамып жетілуін гаметогенез деп атайды.

Сперматогенез 4 аймаққа бөлінеді: көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу немесе сперматогенездердің пайда болуы. Сперматогенездің көбею кезеңінде гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді. Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың дигогоидты (2п) жиынтығы болады. Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНК мен протеиндердің мөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзак бірінші кезеңі — профазадағы лептотен, зиготен, пахитен және диплотен сатылардан өтіп, олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді.

Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) - жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады. Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды. Аналық жыныс жасушаларының көбею кезеңі эмбриогенез кезінде жүріп, диплоидті овоциттер түзіледі.

Ұрықтану дегеніміз — жұмыртқа жасушасымен сперматозоидтің бір-бірімен қосылу процесі. Олардың ядролары бірігіп, диплоидті зигота түзіліп, одан жаңа организм дамиды. Сперматозоид және жұмыртқа жасушасының ядросында хромосома жиынтығы гаплоидті болады.

Толық пісіп жетілген жұмыртқа жасуша қабықшамен қапталады және оның сперматозоид енетін кішкене тесігі болады. Ұрыктану кезінде жұмыртқа жасушасының ядросы мен сперматозоидтің ядросы қосылады. Жұмыртқа жасушасына бір немесе бірнеше сперматозоидтер енеді. Бірақ жұмыртқа жасушасының ядросымен тек бір ғана сперматозоидтің ядросы қосыла алады. Ұрықтанған жасушаны зигота деп атайды, оның ядросында хромосома жиынтығы диплоидті болады. Зиготаның ядросында барлық хромосомалар қайта жұптасады: гомологиялық хромосоманың әр жұбында бір хромосома — аталык, ал екіншісі — аналық. Соған байланысты организмдердің әрбір түрінің соматикалық жасушасына тән диплоидті хромосома жиынтығы тек ұрықтану кезінде ғана қалпына келеді. Ұрықтану аякталған соң ДНҚ синтезі жүріп, хромосомалар екі еселенеді және митоз жолымен жүзеге асатын зигота ядросының бірінші бөлінуі басталып, жаңа организмнің даму бастамасын береді. Ұрықтанған кезде: Спермий + жұмыртқа жасушасымен қосылады зигота түзеді. Гүлді өсімдіктердің қосарлана ұрықтануы. Жануарлар мен жоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуы мейоз жолымен бір диплоидті жасушадан 4 гаплоидті жасуша түзіледі, олардың үшеуі өліп, қалған біреуі митоз жолымен үш рет бөлінеді. Осылай ұрық қапшығын түзетін 8 гаплоидті жасуша түзіледі. Осы 8 жасушаның бесеуі ұрық капшығының кабырғасын түзе отырып, көмекші рөл аткарады, ал оның үшеуінің біреуі жұмыртка жасушаға айналады. Екі гаплоидті хромосома жиынтығы бар жасуша қосылып, диплоидті хромосома жиынтығы бар жасушаға айналады. Диплоидті жасуша — ұрық қапшығының қосалқы ядросын түзеді. Осындай жолмен пісіп-жетілген гаплоидті және диплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы ұрықтануға дайын тұрады. Ұрықтану бомаса тірі ағзалардың ұрпақтары жалғаспас еді, жерде тіршілік болмас еді. Гүлді өсімдіктерде, егер тозандану үдерісі жене қосарынан ұрықтану болмай қалса, тұқым және жеміс түзілмейді. Сондықтан қолайсыз жылдары, мысалы, көктемде суық түссе, алма, алмұрт, шабдалы немесе кез келген жемісті дақылдарда түсім болмайды. Атап айтқанда, жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктердің алға басуына жәрдемдесетін себептерінің бірі, міне, осы. Мысалы, балықтарда және қосмекенділерде осылай өтеді. Аталықтар шәует шашқаннан кейін сперматозоидтар кептеген уылдырықтарға кездеседі. Мұндай үдерістердің іштей ұрықтану кезінде де болуы мүмкін. Жыландар және кесірткелер әдетте бірнеше жұмыртқа туады. Ірі қағанақты жануарларда бұл үдеріс - сирек, ал ұсақ жануарларда жиірек өтеді. Әдетте пілдер ешқашан екіден тумайды, ал тышқантектес кемірушілерде әдетте бірден көп болады. Адамда да бір жұмыртқалы (әр жынысты немесе біріне-бірі ұқсамайтын) егіздердің болуы мүмкін.


4.Қорытынды. Мына кестені дәптерлеріңе толтырыңдар

Сперматогенез

Овогенез

Айырмашылығы








Термин сөздермен жұмыс

Сперматогенез -

Овогенез -

Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану -

Ұрықтанудың биологиялық маңызы -


5.Бекіту кезеңі

- Мейоз және оның биологиялық мәні.

- Мейоздың фазалары.

- Сперматогенез.

- Овогенез

- Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану.

- Ұрықтанудың биологиялық маңызы.


Үйге тапсырма.§19 27-28,29 сурет дәптерге салу 85 -87 бет. Денгейлік тапсырмалар А,В,С сұрақтарға жауап жазу – 88 бет.№4 кесте дәптерге жазу -87 бет. Жасушалардың көбею типтері – 89 бет.. Баяндама «Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі.»



-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сперматогенез. Овогенез. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы. (23.18 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт