Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  1 класс  /  Әсеттің роботы.

Әсеттің роботы.

это новая тема для 1-го класса. игрушки Асета и любимая игрушка о роботе

16.02.2017

Содержимое разработки

Күні: 19.10.2015 жыл

Сыныбы: 1

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалімі: Тақсамбай А.Ж

Сабақтың тақырыбы: Құстар
1. Білімділік мақсаты:
Үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тауық, үйрек, қазды айыра білу, балапан мен шөжені айыра білу. Сыртқы түрі, мекені, қорегі. Адамға пайдасы.
2. Түзеу мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру, дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру, салыстыру, үй құстарын дала құстарынан айыра білу.
3. Тәрбиелік мақсаты, Үй құстарына, жабайы құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту, күту, баптау туралы түсінік беру.
Көрнекіліктер: Компьютер, слайд «Құстардың пайдасы», құстардың суреттері, туралған көк шөп, бидай, тары, қарақұмық, қосымша әдебиет «Қазақтың халық ертегісі»
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
.
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Айналамен таныстыру.
- Нешінші сабақ?
- Екінші сабақ.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі. Аптаның үшінші күні.
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктем.

2. Психологиялық сәт.
Мұғалім оқушыларды тақтаның алдына шақырады. Дөңгеленіп қол ұстасып тұрады.
Мұғалім «Мен мейірімді адаммын» дейді.
Ал, сен қандай баласың деп әр баладан кезек - кезек сұрайды. Балалар «Мен ақылдымын, тәртіптімін, әдептімін, жақсымын, әдемімін, тіл алғышпын»- деп жауап береді.
- Міне, тамаша, қандай жақсы балалар, орындарыңа отырыңдар. Сабақ үстінде өздеріңнің дәл осындай тәртіпті, ақылды екендеріңді көрсетуге тырысыңдар.

3. Үй тапсырмасын тексеру:

4. Жаңа сабақ.
- Суреттерде не бейнеленген? Тауық, қаз, үйрек, қораз.
Бәрін бір сөзбен айтыңдар.
- Мен қазір жұмбақ айтамын, сендер шешуін айтыңдар.
1. Дүниеде бір молда
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап
Қайтіп кеп жер шоқиды.
(Қораз)
2. Басында айдары, иекте сақалы бар.
Үстінде күжірейген тоны бар
(Күрке тауық)
3. Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
(Балапан)
4. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені,
Жата қалса орнына
Ақ доп тастап кетеді.
(Тауық)
5. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.(Қаз)
Суға түссе балықтай
Жүзе берер жалықпай
(Үйрек)
Мағынаны түсіндіру:

Тауық, қаз, үйрек, күркетауық - бұлар үй құстары. Адамдар оларды асырып күтеді. Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығын жастық, көрпе, күртеше жасайды. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды. Жылы қорада үй құстарына қорқынышты емес.

5. Дәптермен жұмыс.

Ыы – дыбысы

Іі –дыбысы

Мысалы келтіру:

Жеті, керік, бір, інжу, піл, ешкі, жылқы, тауық, сиыр, ырысбек, қасқыр т.б.

6. Поэзия минуты.
Екі оқушы жаттаған тақпағын айтады. Үйге жаттаға беру.

Оятпа қораз сен бізді,
Өзімде сездім таң атты.
Сенсіз - ақ білем мезгілді
Танимын енді сағатты.
Тауық тары жинапты
Оны ешкімге қимапты.
Бөтегесін толтырып
Қамбасына құймапты.

7. Карташамен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

2 - 3 деңгейдің оқушылары 6 құстың ішінен, 4 - деңгейдің оқушылары 2 құстың ішінен үй құсын белгілеу.

8. Көрмемен жұмыс. / Ыдыстарға туралған көк шөп, бидай, тары, қарақұмық салынып қойылған/
- Мынау не?
- Бұл бидай.
- Мынау не?
- Бұл тары.
- Мынау не?
- Бұл көк шөп.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, қалай ойлайсыңдар бұл ненің азығы?
- Бұл құстардың, олардың балапанының қорегі.
- Адамдар оларды күтіп, баптайды, мәпелеп өсіреді, сондықтан оларды үй құстары дейміз.

9. Сергіту сәті.
Қуыр - қуыр - қуырмаш,
Тауықтарға бидай шаш.
Әжең келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап қаш.

10. Суретпен жұмыс. « Құстардың күтімі туралы»
2 - 3 деңгейдің оқушылары жауап береді.
4 - деңгей қайталайды.

11. Ойын «Анасын тап»
Балапандардан шөжені айыра білу.
Бір қатарда балапандар, екінші қатарға шөжелердің суреттерін таратып, әрқайсы өз анасының жанына келіп тұру. / Үлкен етіп салынған тауық пен қаздың суреттерінің жанына/
12. 3 тапсырма. Суретке қара. Үлгі бойынша сөйле.

Мысалы: үш қызыл әтеш, бес ақ үйрек, төрт қоңыр тауық


13. Қорытындылау.
- Сонымен, біз бүгін қандай құстармен таныстық?
Неге оларды үй құстары дейміз?
Айырмашылықтарын айтайық.
Ұқсастықтарын айтайық
Пайдасын айтайық
- Балалар құстар көп болып өсуі үшін не істеу керек?
- Құстарды күту керек. Уақытында суару, жем - шөп беру.

14. Бағалау.

15. Үй тапсырмасы



-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Педагогическое образование: учитель общеобразовательной организации

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Әсеттің роботы. (19.04 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели