Меню
Разработки
Разработки  /  Технология мальчики  /  Планирование  /  8 класс  /  Сегізінші сыныпқа арналған жоспар

Сегізінші сыныпқа арналған жоспар

сегізінші сыныпқа арналған сабақ жоспары

ашық сабаққа арналған сабақ жоспары

04.01.2018

Содержимое разработки



Сабақтың тақырыбы: Фольгаға өрнек салу, дюралюминийден бұйымдар жасау. 

Сабақтың мақсаты: Қаңылтыр бетіне әртүрлі ою-өрнектер салу әдістерін үйрету. Фольгаға өрнек салу технологиясын меңгерту. 

Білімділік: Металдардың түрлерін, қасиеттерін еске түсіру, жасалатын

бұйымның эскизін сызып, нұсқау карта бойынша жұмыс жасауға үйрету. 

Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттырып, ой

қиялдарын дамыту. 

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әсемдікке , төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу, кез-келген ісін аяқтауға үйрету. 

Көрнекілігі: Қаңылтыр (бос шырын қорабы), сызғыш, қайшы, шекіме құралдары, ою-өрнек түрлері, т.б. 

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, өзін – өзі тану

Көрнекі құрал-жабдықтар: әртүрлі диаметрлі қаңылтырлар, қайшы, балға. 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, топқа бөлу арқылы, сарамандық жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу:

Сабаққа дайындағын тексеру:

Топқа бөлу (түрлі – түсті қағаздар таңдау арқылы)

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Технология кабинетіндегі ҚТЕ.

  2. Жұмыс барысындағы ҚТЕ.

  3. Жұмыс аяқталғандағы ҚТЕ.

  4. Құрылымдық материалдарды жіктеу.(бұл машина тетіктерін, механизмін, ғимарттарды және басқа технологиялық объектілерді дайындауға қолданылатын материал.)

  5. Құрылымдық материалдар табиғатына қарай қаншаға бөлінеді?(үшке: металл, металл еместер, композициялық материалдар деп бөлінеді)

  6. Машина жасау өндірісінің құрылымдық матеиалдары қаншаға бөлінеді? (екіге: металдар және метал еместер болып)

  7. Металдарға қандай материал жатады? ( қара металл, болат, шойын, түсті, жеңіл, ауыр, сирек, асыл )

  8. Металл емес материалдарға (ағаш, қыш, бояу, сыр, пластмасса, резеңке, шыны, мата жатады)

  9. Металдарды өңдеу дегеніміз. (бұйымға және бұйым тетіктеріне қажет пішінін және өлшем беру үшін металды әртүрлі тәсілмен өңдейді.)

  10. Қысыммен өңдеу дегеніміз.( бұл дайындамалар мен бұйым тетіктерін металға сырттай түсірілген илемділік деформация тәсілімен дайындау.)





ІІ. Жаңа сабақ:

Ал енді алдыңғы сабаққа бір қайталау жүргізіп өтсек.

Металдар дегеніміз электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар.

Металдардың қасиеттері:

  • Химиялық

  • Механикалық

  • Физикалық

Металдардың негізгі механикалық қасиеттеріне:

Беріктілік

Иілгіштік

Қаттылық және т.б жатады

Химиялық қасиеттеріне:

Ерігіштік

Қышқылдану

Физикалық қасиеттеріне:

Түс

Тығыздық

Балқығыштық

Магниттік

Қаңылтыр (Жесть) дегеніміз - суықтай илемделіп жасалған (қалындығы 0,08—0,32 мм) жұқа табақ болат. Табақты орта әсерінен және атмосфералық жегіден қорғау үшін қалайы, хром, арнайы жылтырсыр және т.б. қабаттары жағылады, негізінен, консерві өндірісінде қолданылады.

Қаңылтырдан түрлі ыдыс жасап шығарады, олар консерві банкі сусын банкісі т.б.

Ел арасында «консерві банкі» деп аталып кеткен қаңылтыр ыдысты алғаш рет 1810 жылы Петер Дюран есімді ағылшын азаматы ойлап тапқан көрінеді. Әрине, ағылшын өнер тапқышының бұл жаңалығы уақыт ағымына сай жаңарып келеді. Қазір тұтыну тағамдары түрліше безендірілген жіңішке қаңылтыр ыдыстарда шығарылуда.

Қаңылтырдың бетіне бедер салу мен сым темірді көркемдеп өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді. Мұнда сызықпен бедерлеу, нүктемен көлеңке беру әдістері көп қолданылады (1 – сурет. Қаңылтыр бетіне бедерлеу жұмыстары).



1 – сурет. Қаңылтыр бетіне бедерлеу жұмыстары



Қаңылтырмен көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіздік жұмыс істеу ережелері:

  1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.

  2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.

  3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр.

  4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағыңмен сипама.

  5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір каңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасыңдағы оқушыға қарай сілтеме.

  6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда, оның ұнтағына аса мұқтият бол.

  7. Темір қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.

  8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінші қолыңды соғып алма.

Балға мен бедерлегішті (шекігішті) осылай ұста!(2 – сурет)

2 – сурет

Шекімелеу үшін саймандар. Негізгі құрал-саймандар балғалар мен шекімелер болып табылады.

Балға – нақыштаушының көбіне қолданылатын және негізгі сайманы болып табылады. Ерекше пішінге ие. Оның бір шеті металлды түзетіп, оған бедер салуға арналған соққылар үшін керек. Бедер салудан ауытқып кетулерді болдырмау үшін жеткілікті кең, жазық, дөңгеленген қырлары, төртбұрышты не дөңгелек пішінді болуы қажет. Балғаның басқа шеті сфералық шар тәрізді пішінді, металл жапырағында бедерді ойылдыру үшін керек. Балғаның жұмыс істейтін үстіңгі жағына ұқыпты күтім және ол тегіс, жылтырған болуы қажет, себебі бороздалар жапырылған, қисықтар сұрыпталған металлға басылып жатады. Ол өз кезегінде бұйымды бұзады

(3 - сурет).

3 – сурет. Металда бастыру(металлопластика)



Сарамандық жұмыс: 

12- зертханалық жұмыс

Панно жасау

Панно – картиналар жасау үшін арнайы материал іздеудің қажеті жоқ, металл фольганы немесе босаған шырын құтысын пайдалануға болады. Шырыннан босаған құтыны қайшымен қиып, түзетіп, қажет өлшемдегі тілімше дайындайды.

Қажет құрал – жабдықтар мен материалдар: линолеум кесіндісі, көшіргі қағаз, қалам, қатты қағаз, фольга, қайшы.



1. Қаңылтырға өздері таңдаған ою-өрнектерін салу технологиясын дұрыс меңгеріп жұмыстану. 

2. Әр оқушының жанына жеке-жеке тоқтап іс жүзінде жұмыстың орындалу ретіне көмек көрсету 

3. Дайын бұйымдарды қабылдау 





Қорытынды: 

Сергіту сәті: әр оқушыға бір бос парақ таратылып, сол параққа оқушы өз қолдарын бастыра салады да, әрбір саусаққа бүгінгі сабақтан үйренгендерін жазады.

Екі топқа екі үлкен қағаз таратылып беріледі де, және өздері мұғалімнен смайлдар таңдап алады, сол смайлдар арқылы қарсы топтың бүгінгі сабақтағы әрекетін көрсетеді. Екі топ өздерінің сабақта қалай отырғандарын содан байқайды.



Үйге тапсырма:

Жұмысты аяқтау және алюмий металын алып келу.

Бағалау:

1. Әр оқушының жасаған бұйымын қабылдап, баға беріп, жіберілген қателерін қайта түсіндіру. 

2. Қаңылтырмен салынған ою-өрнектің үйде өздеріне керек екенін түсіндіру. 





-75%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сегізінші сыныпқа арналған жоспар (787.32 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт