« Шынықсаң шымыр боларсың »
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың.
Мақсаты: Денсаулықты сақтау үшін денсаулық ережелерін білу. «Денсаулық –зор байлық», «Дені саудық –жаны сау»-деген қағидаларды бала бойына сіңіру.
Әдіс-тәсілі: сұрақ жауап,әңгімелесу.
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, түрлі-түсті ленталар
Жүргізуші ; Армысыздар ата –аналар әріптестер ,бүгінгі біздің
« Денсаулық күніне орай « ұйымдастырылып отырған
«Шынықсаң шымыр боларсың » атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер !
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар !
Төзім бастар сенімге
Сынға түссең жеңілме
Спорт ашар сара жол
Денсаулық болсын өмірде .- ендеше .топтарды ортаға шақырайық.
1. Ересек топтардың арасында эстафеталық жарыс.
1.Таныстыру , топтың аты , ұранын айту.
Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа
Жүргізуші ; Ал енді ойынымызға кезек берейік.
1.Кім жылдам ойыны
Ойын шарты ; кедергілер арасы мен допты алып келу, екінші адам апары қою.
2.Кубиктар тасу ойыны- шарты бір аяқ пен секіріп барып , келерде жүгіру.
3.Машина ойыны ; Шарты -/обручь/ кедергі арасымен жүру.
4. Кім шапшаң
Шарты ;допты жоғарыдан беру , екінші төменен алу ,ең соңғы адам допты алып келу.
5.Шариктер тасу ойыны.
Жүргізуші ; Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Спортқа баға беріңіз .
Құрметті ; әділ қазылар ,сөз кезегі өздеріңізде.құттықтау марапаттау.
Көп –көп рахмет отбасылар ,сіздердің спорттық өнерлеріңіз өрге жүзсін, әр уақытта осындай үлгілі ұйымшыл көңілді отбасы болуларыңызға тілектеспін. Сау болыңыздар.
№ 39 Меруерт балабақшасы
Шынықсаң-шымыр боларсың
Денсаулық күніне орай ересек топтар арасына
арналған эстафеталық ойын.
Нұсқаушысы : Искакова С.Б
Нұр сұлтан қаласы 2020ж