Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Мероприятия  /  7 класс  /  Шынығып, ширап өсеміз

Шынығып, ширап өсеміз

Оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылық тудыру.

01.02.2018

Содержимое разработки

Шынығып, ширап өсеміз

Тақырыбы: «Шынығып, ширап өсеміз»

Мақсаты: Оқушылардың ұлттық ойындар туралы білімдерін жинақтау, бекіту. Олардың қимыл-қозғалыс әрекеттерін жан-жақты дамыта отырып, ұлттық ойындарға дамыта отырып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырып, денсаулығын нығайту. Төзімділікке, ептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Керекті құрал-жабдықтар: плакатқа жазылған сөздер, асық, арқан, т.б.

Сайыстың өткізілуі:

Сайысқа қатынасқан мұғалімдер мен ата-аналардан әділқазылар алқасы құрылды.

Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:

1. Сәлем – сөздің анасы.

2. Шынықсаң, шымыр боласың.

3. Жеребе өткізу.

Командаларды сапқа тұрғызу, командаларды ортағы шақыру.

Команданың аты: «Өркен».

Команданың ұраны:

Біз – Өркенбіз,

Шынығып алда боламыз.

Біріміз үшін, бәріміз

Жаттығамыз шынығып.

Сәлемдесуі: «Өркен» командасының жетекшісі:

Армысыздар, «Жас талап», көрермендер,

Мың сәлем, туған өлке, егемен ел.

Біліммен ел көгерер, гүлменен жер,

Сіздерге сәлем берген өркендіктер.

Команданың аты: «Жас талап».

Команданың ұраны:

Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз біріміз үшін.

Үйренеміз спортты

Бұл спорттың мерейі.

Сәлемдесуі: «жас талап» командасының жетекшісі:

«Жас талаппыз», «Өркеге» сәлем береміз,

Ағалардан үйреніп, еріп келеміз.

Туған елге, Жасталап керек шыныққан

Армысыздар! Ертеңгі күнге сенеміз.

Шынықсаң шымыр боласың.

Шалма салу (Бұғалық тастау)

Ойын шарты: ойыншылар бір-бірінің артына сапта тұрады. Ойынды бастаушы бастайды. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады. Қай команданың ойыншылары шалманы көп салса, сол команда жеңіске жетеді. (1 салған шалма 5 ұпай)

Жаяу аударыспақ.

Ойын шарты: әр командадан екі ойыншы шығып отырады. Әр команда бір-бір ойыншыны ат қылып мінеді де, соның үстінде отырып тартысады. Астындағы ойыншы қозғалмай тұруы тиіс. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сол жеңілген болып есептеледі. (10 ұпай)

Омпы.

Ойын шарты: шеңбердің ортасындағы сызыққа әр команданың ойыншылары өз асықтарын тігеді. Асықтардың дәл ортасына бір асықты омпысынан тігеді. Асықтарды атқан ойыншы омпыға тигізсе 5 ұпай, асыққа тигізсе 1 ұпай алады. Ойыншылар бір-бірінің артына сапта тұрады. Ойынды бастаушы бастайды. Ойыншылар кезек-кезек асықты атып, ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Жаяу көкпар.

Ойын шарты: жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар 2 топтан бір-бір ойыншы шығып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды (түйілген оралды) кім бұрын алып, жеткізсе, сол ұтқан болып есептеледі. (10 ұпай).

Арқан тартыс.

Ойын шарты: әрқайсысының аралығы бір метрден үш қатар сызық сызылады. Арқанның тең мөлшерде бөлінгенін көрсететін шүберек байланған бөлігі орталық сызыққа дәл келтіріледі. Екі команда арқанның ортасынан бір метр қашықтықтан бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі бойынша әрбір команда арқанды өз жағына қарай тартады. Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі.

Жаяу тартыс.

Ойын шарты: әр командадан бір-бір ойыншы ортағы шығады да, екі ұшы біріктіріп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Қайсысы бұрын межеге жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Осылай ойын жалғасады.

Кірпіше қарғу.

Ойын шарты: еңкейіп тұрған алдындағы баланың арқасына қолын тіреп, аяғын тигізбей, үстінен қарғып өтеді. Кезек бастапқыда қарғыған бастаушы қайта айналып келгенде, ойын аяқталады. Қай команда бұрын аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.

Қорытынды:

Сайыс аяқталған соң әділқазылар алқасы белгіленген тәртіпке сай сайыстың қорытындысын бағалау парағы арқылы шығарды. Жеңімпаз команда тиісті сыйлықтар мен мадақтау қағазымен марапатталады.

Мұғалім сайысқа қатысушы командаларға алғыс айтып, сайысты аяқтады.

















Өлеңді орта мектебі











Тақырыбы:

«Шынығып, ширап өсеміз»

Мұғалімі: Буханов Н.Е.







2015 -2016 оқу жылы

-80%
Курсы повышения квалификации

Формирование психологических компетенций учителя физкультуры

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Шынығып, ширап өсеміз (35.03 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт