Сабақтың тақырыбы: Шабуылдаудың тактикалық қимылдары
Сабақ/ оқу мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға Шабуылдаудың тактикалық қимылдары техникасын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдық, күш, икемділік т.б. қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларға баскетбол ойнының адам өміріне қажеттілігін түсіндіру
Әдісі: Түсіндіру, жаттығу орындау.
Түрі: Аралас сабақ
Типі: Сабақтың тақырыбын меңгерту
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер: Дене шынықтыру пәнінің оқыту әдістемесі
Құрал-жабдықтар: Волейбол добы , ысқырық
Сабақ/оқу барысы
Реттік № | Сабақ/оқу кезеңі | Мазмұны |
1 | Ұйымдас тыру кезеңі | 1.Сапқа тұру. Рапорт беру, 2. Журналға белгі соғу. 3. Киім үлгісіне назар аудару. |
2 | Дайындық бөлім | 2.Саптағы жаттығулар. «Оңға» «солға» «Артқа» бұрылу командаларын орындау. 3.Жүру. а) қолды жоғары созып,аяқтың ұшымен жүру. б) Қолды белге қойып өкшемен жүру. 4. Жүгіру түрлері: а) Жай жүгіру; б) Сол қапталмен жүгіру; в) Оң қапталмен жүгіру; г) Арқамен жүгіру д) Қатты жүгіру Шеңбер жасап тұрып жан – жақты денені дамытатын жаттығулар жасау. Б.Қ. – қолымыз белімізде. 1-2 басты оңға қарай айналдырамыз. 3-4 басты солға қарай айналдырамыз. Б.Қ. – қол иықта . 1-2 қолды алға айналдырамыз. 3-4 артқа айналдырамыз Б.Қ. негізгі тұрыс. 1-2 оң қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз. 3-4 сол қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз. Б.Қ.негізгі тұрыс. Қолды белге қоямыз, 1 – 2 белді оңға айналдырамыз 3 – 4 белді солға айналдырамыз Б.Қ. негізгі тұрыс. 1- қолды белге қоямыз 2- отырып қолды созамыз 3- тұрамыз. Б.Қ. – екі қолды белге қоямыз. 5 рет оң аяқпен, 5 рет сол аяқпен секіреміз. Жаттығу аяқталды Сапқа тұру
|
3 | Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) |
1. Сеткіге 3-4 адымнан секіріп шабуыл жасау
|
4 | Негізгі бөлім
| Арнайы дайындық. -допты жоғары лақтырып қағып алу -допты жоғары лақтырып отырып тұрып қағып алу -допты жоғары лақтырып айналып қағып алу -қарама-қарсы тұрып доппен шабуылдау әрекетін орындау Шабуыл соққысын орындау. -Тордан 5 – 6 метр жерден жүгіріп келіп қос аяқпен серпіле әуеде секіріп соққы жасау әрекетін көрсету. -Секіру әрекетін көрсеткен кезде адымдап келіп аяқты тізеден бүге, қолды артқа сермей лақтырып екпінмен жоғары серпілу керек. -Әуеде оң қолын жоғары алып білектен соққы беруді көрсету. Осы жаттығуды доппен жасау. -Бір оқушы тор түбінен әуелете допты лақтырады шабуылдаушы жүгіріп келіп бар күшімен секіріп соққы береді. -Ұйымдастырушы арқылы соққыны қайталау. -ереже бойынша волейбол ойынын ойнау |
5 | Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау Үйге тапсырма | Оқушыларды бағалау Үйге тапсырма беру Спорт залдан саппен шығу
|