Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Уроки  /  8 класс  /  "Сауыр-Тарбағатай" ашық сабақ (8 класс)

"Сауыр-Тарбағатай" ашық сабақ (8 класс)

8 клас?а арнал?ан саба? жоспары. Та?ырыбы: "Сауыр - Тарба?атай".

11.04.2017

Содержимое разработки

Сабақ № 54 Сыныбы 8 «А» Күні: 08.03.2017 Бекітемін________


Тақырыбы: §47. Сауыр – Тарбағатай.

Мақсаты:

Білімділік: Caуыр-Тaрбaғaтaй тaуын білу, Caуыр-Тaрбaғaтaй тaуының бacты ерекшеліктері мен aйырмaшылықтaрын түcіну және тaбиғaт бaйлықтaрын өз қaжетіне қолдaну, кaртaмен жұмыc жacaу дaғдыcын қaлыптacтыру.

Дамытушылық: Қазақстанның ең биік таулар туралы білімдерін салыстыруарқылы,білім дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Туған жердің табиғи кешендерінің табиғатын қорғауға, Отанға, жерге деген сүйінпеншілігін арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікір алмасу, топпен жұмыс, сайыс, картамен жұмыс, «Кубизм әдісі», Bilimland.kz сайтын пайдалану.

Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, атлас, кескін карта, сұрақ қағаздары, оқулық, карточкалар, бағалау парақшалары.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі.

3 мин.


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

«Күн шуағы» әдісін өткізу. Шаттық шеңберін құрып қасындағы көршілеріне күннің шуағын сыйлай отырып тілек тілейді.



Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Топқа бөлінеді.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

10 мин.

Оқушылар орындарына отырады.

Мұғалім: - Оқушылар бүгін бізде ерекше сабақ өткелі отыр. Олай болса сабағымызды бастамас бұрын табиғатқа байланысты қанда мамандық түрлерін білесіздер? (оқушылар жауап береді.)

Ендеше бүгін сіздер әрқайсыларыңыз бір мамандық иесі боласыздар. Партада карточкада мамандық атаулары берілген. Сол бойынша 3 топқа бөлінесіздер.

1-топ: Географтар

2-топ: Геоморфологтар

3-топ: Биологтар.

Оқушылар топқа бөлініп отырады. Топ басшысын сайлайды. Әр топқа бағалау парақшасы беріледі.

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Алтай.

Әр оқушыға үйден 2 сұрақ дайындап келу беріледі. «Допты ұста» әдісі арқылы оқушылар бір-бірлеріне доп лақтырып, сұрақ қояды. Қағып алған оқушы допты қағып алып сұраққа жауап береді де, келесі оқушыға сұрақ қояды.

Мұғалім қосымша сұрақ қояды.

Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.

15 мин.

Осымен оқушылар Алтай тақырыбын аяқтадық. Енді оқушылар бүгінгі жаңа тақырыбымызды ашу үшін видеороликке назар аударайық.

Тақырып бойынша видеоролик көрсетіледі. (3 мин.)

Енді оқушылар жаңа тақырып оқи отырып біз не білуіміз қажет? Тақырыпты меңгеру барысында қандай сұрақтарға жауап бере алуымыз қажет? Соны барлығымыз бірге анықтайық.

  1. Сауыр – Тарбағатай тауының географиялық орны.

  2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

  3. Климаты, өзендері, табиғат зоналары, жануарлары мен өсімдіктері.

Тақырыпшалар топтарға бөлініп береді.

1-топ.Картамен жұмыс. Сауыр-Тарбағатай тауының географиялық орны.

2-топ. Жер бедері, пайдалы қазбалары.

3-топ. Климаты, өзендері, жануарлары мен өсімдіктері.

Сабақ басында бөлінген мамандықтар бойынша тақырыпшаларды бөліп алады. Мәтінмен танысады. (5 мин.уақыт берілді). Алған мәліметтерін қорытып, плакатқа түсіреді. (3 минут ). Әр топ жеке шығып қорғайды. Картадан аталған объектілерді көрсетеді. Мұғалім қосымша сұрақтар қойылып отырады.

-Көп рахмет! Өз жұмыстарыңызды жақсы атқарып, өте жақсы қорғап шықтыңыздар. Енді сіздерге тағы тапсырмалар беріледі, сол бойынша жұмыс жасайсыздар.

Тапсырмаларды орындайды.

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.

15 мин. 

Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1-топ: «Иә немесе жоқ» әдісі.

1.Сауыр-Тарбағатай тауы Қазақстан, Қытай, Ресей территорияларынан өтеді.

Жоқ

2. Сауыр-Тарбағатай қатпарланған таулы өлке.

Иә

3. Сауыр – Тарбағатай мезозой жыныстарынан түзілген.

Жоқ

4. Тарбағатайдың ең биік нүктесі – Мұзтау.

Жоқ

5. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылған.

Иә

6. Сауыр – Тарбағатай тауында Қазақстанның қызыл кітабына енген жануарлар жоқ.

Жоқ

7. Сауыр мен Тарбағатай тауларын Өандысу өзені бөліп жатыр.

Иә

8. 1998 жылы Зайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді.

Жоқ


2-топ. Семантикалық карта.

Сипаттама

Сауыр

Тарбағатай

Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің ең биік бөлігі

+


Орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м.


+

Мұздықтар жоқ


+

Маңырақ жотасына ұласатын тау жүйесі

+


Солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіретін бөлігі.

+


Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км.

+


Биік нүктесі – Тастау.


+

Мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте орналасқан жота.

+



3-топ. Сандар – сөйлейді.

2000-2100 м. –

2992 м. –

1990 ж. –

700 м. –

350-500 мм. –

3816 м. –

300 км. –

60-65 км. –

«Кубизм» әдісі. Қазір мына кубикті әр топтан бір оқушы шығып лақтырады. Түскен сандар бойынша тапсырмалар беріледі. Әр топқа екі тапсырмадан.

1. Ұсыныс. Сауыр –Тарбағатай табиғатын қорғау үшін не істер едің?  

2. Суреттеу. Ақын немесе суретші болсаң Сауыр-Тарбағатай табиғатын қалай суреттер едің?

3.Сарыарқаның пайдалы қазбаларын қарқынды игеру сіздің ойыңызша дұрыс па? (талдау)

4. Дәлелдеу. Сауыр - Тарбағатай қазақтың ең әсем тауы ма?

5. Ассоциациялау. Сауыр-Тарбағатай - бай өлке.

6. Салыстыру. Алтай мен Сауыр - Тарбағатайдың қандай ұқсастықтары бар?


Bililand.kz сайтынан тапсырмаларды орындау.

«Пікір кілемі». Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін, не үйренгендерін жазып кілем секілді жабыстырады.

Тапсырмаларда орындайды.



5. Бағалау кезеңі

Бағалау парақшасы.

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

1 сұрақ – 2 балл.

Постер қорғау

0-5 балл

Топпен жұмыс.

Әрбір дұрыс жауап 1 балл.


«Кубизм» әдісі

3-5 балл.
















Бағалау критерийлері.

«5» - 17-20 балл

«4» - 14-16 балл

«3» - 7-13 балл

«2» - 0-6 балл


Смайликтер тарату.

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі

§47. Сауыр – Тарбағатай. Кескін картаға түсіру.

 Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.




-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Сауыр-Тарбағатай" ашық сабақ (8 класс) (23.39 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт