
Жинақтық сан есімдер мағына жағынан заттық қасиеті бар сөздер болғандықтан, түрлендіруші қосымшаларды,яғни көптік, септік, жіктік жалғауларының бәрін қабылдай береді.
Мысалы: Менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе берейін.
Беременде бесеусің, аларманда және алтау.
Біреулер аңын,терісін әкеп, Күзеген байталының біреуі жалын.

Бөлшектік сан есімдер негізінде заттанған сандар тіркесінен құралған сөздер болғандықтан, әр түрлі септік жалғауларының бәрін қабылдай береді.Бірақ көптелмейді,өз құрылысы тәуелді болғандықтан, тәуелдік жалғауларын қабылдамайды. Жіктік жалғауларын қабылдаса, заттық ұғымда жұмсалады.
Мысалы:
Сен төрттің бірісің десек , төрт кісінің біреуі сенсің деген ұғымға ие болып кетеді.

Сан есімнің түрлену кестесі
Сан есімдер
Көптелуі
миллион
Септелуі
Миллион-дар
үшеу
Тәуелденуі
Үшеу-лер-і
Миллион-ның
Екінің бірі
Миллион-ы
-
Жіктелуі
Үшеу-ден
Үшеу-іміз
Екінің бірі-не
Миллион-быз
Үшеу-міз
-
Екінің бірі-сің