Сынып: 2
Мұғалім: Кудабаева М.Е:
Өтетін күні: 10.11.2016ж
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Мәтінге ат қою.
| Сабақтың жабдығы | Оқулық, суреттер, схемалар. |
| ||
| Жалпы мақсаттар | Оқушылардың мәтін туралы алған білімдері бекітіледі. Мәтінге ат қоюды түсіндіру, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту. Пәндік нәтиже: зат немесе құбылысты суреттеп, мәтінге ат қоя аталатынын түсіндіру. Тұлғалық нәтиже. Мәтінін құрастыра білуге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Жүйелі- әрекеттік нәтиже: есте сақтау және сенімділік қабілеттерін, зейіндерін дамыту. |
| ||
| Оқыту нәтижесі |
| |||
| Психологиялық ахуал | Оқушылар мұғаліммен бірге дауыстап оқиды. Екі көзің не үшін керек? |
| ||
| Үй тапсырмасын сұрау
| 3-жат, 70-бетте. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тиінді ақын қалай сипаттаған? | Киімі үлп-үлп Көзі-өткір Жүні-жібек Түлкішектен аумайды Бұрылып билейді. |
| |
| Қызығушылықты ояту. | Сұрақ-жауап өткізу.
3.Мәтін неше бөліктен тұрады? 1.Басы 2.Негізгі бөлім 3.Соңы 4.Өзіңе ұнайтын үй жануарларының бірін сипаттап бер? Мысалы: Күшік Түрі қап-қара, мойны ақ, денесі шағын, үйге бөтен адамды жолатпайды. шәуілдейді. |
|
| |
| Мағынаны тану Жаңа сабақ | Балалар біз бүгін сіздермен мәтінге ат қоюды үйренеміз. Мына әңгімені тыңдаңыздар.Лашын – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Дене тұрқы- 40-50см, қанат құлашы 80-12 см. Ол көбінесе құз жартаста ұя салады 2 немесе 3,4 жұмыртқа басып, 28-29 күн дегенде балапан шығарады. Бір жарым ай дегенде оларды ұядан ұшырады. Мәтін не туралы? Мәтінге қандай ат қоюға болады? ЛАШЫН. 2.Тапсырма. Оқушыларды жұпқа бөлу. Әр жұпқа мәтін беру. Оқушылардың мақсаты мәтінге ат қояды. 1-жұп. Менің отбасым Менің отбасымда анам,әкем,екі апам,жездем бар.Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз.Менің ата-анам менің біліміме риза.Олардың маған тілейтіні ары қарай жақсы оқуым.Менің ата-анам мейірімді.Әжем маған әрқашан мейірімді,сыпайы бол,-дейді. 2-жұп Кітапхана –жеке немесе көптеген адамдар жинаған кітаптар қоры. Кітапхана мыңдаған жылдардан бері бар. Оларда кітап соншама көп болады. 3-жұп. Менің Құтжол деген күшігім бар. Түрі қап-қара, тек мойыны ғана ақ. Денесі шағын, мысықтан аз-ақ үлкен. 4-жұп Орман-орасан зор байлық. Одан қағаз жасау үшін шикізат, құрылысқа керекті ағаш алынады. Орманда саңырауқұлақ пен жидек те өседі. 5-жұп. Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оның тақтасы өзгешелеу болады. Ертеде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнай беретін болған. 6-жұп. Біздің сынып бөлмесі екінші қабатта орналасқан. Сынып бөлмесінде үш қатар парта тұр. Кезекшілер сынып бөлмесін таза ұстайды. Маған біздің сынып қатты ұнайды. |
| ||
| Сергіту сәті
| Видео.Қазақ жігіттері. |
| ||
| Топпен жұмыс. | Суретке қарап мәтін құрастыру және оған ат қою. 1-топ. 2-топ 3-топ
|
| ||
| Сабақты қорытындылау. Дәптермен жұмыс. | 2-жат, 71-бет. Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Мәтінде кітаптың пайдасы қалай дәлелденген.(Екі сөйлемді көшіріп жазу.) |
| ||
| Үй жұмысы: | 1-жат, 70-бет. Мәтінді оқы. Мәтінде не туралы айтылған? |
| ||
| Бағалау Кері байланыс | Кері байланыс (оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады/ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің... |
| ||
1-топ.
1-жұп.
Менің отбасымда анам,әкем,екі апам,жездем бар.Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз.Менің ата-анам менің біліміме риза.Олардың маған тілейтіні ары қарай жақсы оқуым.Менің ата-анам мейірімді.Әжем маған әрқашан мейірімді,сыпайы бол,-дейді.
---------------------------------------------------
2-жұп
Кітапхана –жеке немесе көптеген адамдар жинаған кітаптар қоры. Кітапхана мыңдаған жылдардан бері бар. Оларда кітап соншама көп болады.
3-жұп.
Менің Құтжол деген күшігім бар. Түрі қап-қара, тек мойыны ғана ақ. Денесі шағын, мысықтан аз-ақ үлкен.
--------------------------------------------------
4-жұп
Орман-орасан зор байлық. Одан қағаз жасау үшін шикізат, құрылысқа керекті ағаш алынады. Орманда саңырауқұлақ пен жидек те өседі.
--------------------------------------------------5-жұп.
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оның тақтасы өзгешелеу болады. Ертеде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнай беретін болған.
6-жұп.
Біздің сынып бөлмесі екінші қабатта орналасқан. Сынып бөлмесінде үш қатар парта тұр. Кезекшілер сынып бөлмесін таза ұстайды. Маған біздің сынып қатты ұнайды.
---------------------------------------------------

Сабақ жоспары"Мәтінге ат қою" (2.04 MB)

