Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  Сабақ жоспары ҚЫЗЫЛ КІТАП

Сабақ жоспары ҚЫЗЫЛ КІТАП

Д?ниетану п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары.

15.01.2017

Содержимое разработки


№142 жалпы білім беретін мектеп







Сабақтың тақырыбы:

Жануарлардың «Қызыл кітабы»








Өткізген мұғалім: Сейсенбаева К. Н.







Алматы 2016



ДҮНИЕТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


33-САБАҚ.

Жануарлардың «Қызыл кітабы»

Үйде ересектерге көмектесемін


Үйде ересектерге көмектесемін





ГДЕ ЖИВУТ ОПАСНОСТИ?


ГДЕ ЖИВУТ ОПАСНОСТИ?

(СЕЛО)?


Мектеп: «№142 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсенбаева Кульшат Нургалиевна

Сыныбы: 2 «Г»

Қатысып отырған оқушылардың саны: 25

Қатыспаған оқушылардың саны: 1

Сабақтың мақсаты

Оқушылар жануарлардың «Қызыл кітабы» туралы мәліметтерді зерттеп, білімдерін тереңдетеді.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: «Қызыл кітап» жайлы ақпаратты оқып, тыңдап, не туралы айтылғанын түсініп және өз сөзімен айта алады

Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтайды яғни, мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, өзгелердің пікірін тыңдап диалогке қатысады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тыңдалған материалдың (бейнежазба) мазмұны туралы өз ойын білдіреді (ұнайды/ұнамайды, себебі...)

  • Кейбір оқушылар:

Иллюстрациялық материалдар, анықтамалықтар, сөздік, энциклопедиялардан берілген сұраққа жауап болатын ақпаратты табады.

Ұйқасқа құрылған өлең жазады

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту:

Топта, жұпта жануарлар туралы білімдерін тұжырымдап айту, түсіндіру; диалогке белсенді қатысу; сөздікті белсенді ету.

Көптілділік:

Қызыл кітап- Красная книга- Red list

  • Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Жан-жануарлар, қамқорлық, Қызыл кітап


Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Адам баласы өз өмірі үшін аса маңызды болып табылатын жан – жануарлардың тіршілігін жақсарту мақсатында қандай іс- шаралар жасай алды деп ойлайсыңдар?

  • Жануарлардың «Қызыл кітабы» олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне қаншалықты әсерін тигізе алады?

Алдыңғы білім

Жануарлардың тіршілігі тарауы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс (төменде көрсетілгендердің орнына өз тапсырмаларыңызды жазыңыз)

Ресурстар

  1. Жағымды көңіл күй туғызу.

0-2 минут



Өмірлік тәжірибені өзектендіру.

2-4 минут

Мақсат қою.


  • (Ұ) Жағымды көңіл күй туғызу.

«Бұл не?» ойсергегін ұйымдастыру. Мұғалім бір жануарды ауызша сипаттайды: түр-сипатын, сыртқы пішінін, тұрқын, дыбысын, мекен ортасын, т.б. келтіреді. Ол жануардың атын атауға болмайды және сипаттардың барлығы түсінікті болу керек. Бір –екі сипаттан кейін «Бұл не?» деп сұрайды. Балалар таба алмаса сипаттауды әрі қарай жалғастырады.

Бұл ойсергек оқушылардың байқағыштық қабілетін арттырып, жан-жануарлар жайлы білімдерін тереңдетеді.

Мұғалім сабақ тақырыбын хабарлап, күтілетін нәтижемен таныстырады.

.












Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс.

6-40 минут












(МК, Т) «Сөздер банкі» әдісі бойынша оқушылар жан-жануарлардың тіршілігі туралы білімдерін ортаға салып, ой қорытады

Әр топқа ішіне сөздер жазылған қима қағаздары бар құтылар беріледі. Оқушылар топ ішінде сол қағаздарды кезектесіп алып, қағазда жазылған сөзді «Жан-жануарлар» деген тақырыппен байланыстырып, білгендерін ортаға салады. Оқушылардың айтылым, тыңдалым дағдылары дамып, тарау бойынша білімдерін бекітуге мүмкіндіктері болады.

І шағын топ- Жабайы, ұрпақ, балықтар, шөпқоректілер, ін, күшік, ауа,

ІІ шағын топ- Сақтандырғыш рең, құстар, қорек, апан, баурыменжорғалаушылар, су,

ІІІ шағын топ- қорғаныш рең, сүтқоректілер, ұя, жарық, қайырымдылық

ІV шағын топ – жыртқыш, жәндіктер, қосмекенділер, төл, жылу, қорғану сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша өзара бағалау жүргізіледі.

(МС) – Адам баласы өз өмірі үшін аса маңызды болып табылатын жан – жануарлардың тіршілігін жақсарту мақсатында қандай іс- шаралар жасай алды деп ойлайсыңдар?

(Т) Әр топ сұрақтың жауабын «Кластер» әдісі бойынша тұжырымдайды. Мұғалім барынша толық орындаған топтың жұмысын ұжым назарына ұсынады. Басқа топтар толықтыруларын енгізе алады.

Қорықтар


Ұлттық хайуанаттар

парктер бағы


Қызыл кітап

(МС) – Жануарлардың «Қызыл кітабы» олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне қаншалықты әсерін тигізе алады?

(Т) Топ мүшелері оқулық, қосымша ақпараттық-анықтамалықтарды және қосымша ақпарат ретінде арнайы даярланған мәтіндерді пайдаланып, зерттеушілік жұмыс жүргізеді.

(МК) Мұғалім оқушылардың сайтының «Қызыл кітап деген не?» фильмін тамашалауларына мүмкіндік тудыру

(Т) Әр топ зерттеушілік жұмыстарының нәтижесін сұрақтары бар кестеге толтырады


Сұрақтар

Жауаптар

1

«Қызыл кітап» жайлы не білесің?


2

«Қызыл кітап» не үшін жазылған?


3

Өз өлкеңнің жануарларымен Қызыл кітаптың түрлі беттерін толтырып көр


4

Неліктен «Қызыл кітап» жан-жануарлардың өсіп, көбеюіне өз әсерін тигізеді деп ойлайсың?



(ЖЖ) «Қызыл кітап» тақырыбына өлең құрастыру ұсынылады.

Мыс; Жәндік, балық, бақаны,

Құстар менен аңдарды

Қызыл кітап қорғайды,

Құруына жол болмайды.

«Қабырғаға оқу» әдісі бойынша жарияланады да, «Кір жайғыш» әдісі бойынша көпшіліктің танысуына қалдырылады.

(Ж) «Көршінің сұрағына жауап» әдісі бойынша әрбір оқушы қарастырылған тақырып бойынша 1 сұрақ жазады да сұрағын сағат тілі бағытымен көршісіне береді. Көршісі сұраққа жауап жазып, топ ішінде оқиды, өзара бағалайды.

Ішіне сұрақтар жазылған қима қағаздар мен пластик құтылар


























Флипчарт, фломастерлер, қарындаштар




Оқулық, ақпарттық-анықтамалық әдебиеттер,

оқуға арналған мәтіндер жазылған парақшалар,

ғаламтор ресурстары (смартфондар арқылы)


«Қызыл кітап деген не?» фильмі



Сұрақтар мен жауаптарға арналған кесте













Флипчарт, фломастерлер, қарындаштар







Ақ парақтар




Сабақтың соңы


Сабақты қорыту. Рефлексия.


40-45 минут

  • Кері байланыс: «Өз жетістігіңді бағала»

Баспалдақтағы адамдар бейнеленген қима қағаздар


Қосымша ақпарат:

І мәтін: Қызыл түс көбінесе тыйым салу белгісінің түсі болып саналады. Сондықтан да сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, айрықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін хайуанаттар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітап «Қызыл кітап» деп аталады.
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Жер бетінде адам баласы қызметінің дамуына байланысты организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Мұнда ең алдымен хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя бастады. Орман-тоғайларды отап, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті. 

ІІ мәтін:
Планета табиғатының жұтау қаупі бірден белгілі бола қойған жоқ. Тек көптеген жануарлар құрып кеткеннен кейін ғана адамдар олардың енді қайтып келмейтінін, ешқандай ғылыми-техникалық прогресс құралдарының оларды қалпына келтіре алмайтындығын байқады. Жануарлардың жойылу қарқыны қауіпті түрде шапшаңдай түсті. Кейбір жойылып кеткен түрлердің саны 10—20 пайызға дейін жетті. Міне, бұл деген кәдімгідей жан түршігерлік жағдай еді. 
Хайуанаттар мен өсімдік түрлері табиғаттың қайталанбас, бірегей туындысы, олардың әрбіреуін құртып алу дегеніміз табиғаттың баға жетпес сыйынан айырылумен барабар болып табылады. Өйткені тіпті ластанған су мен ауаны да тазартуға, қалпына келтіруге болады, ал жойылып кеткен жануарларды қайта тудыру, дүниеге қайта келтіру деген мүмкін емес нәрсе. 
Енді бірнеше мысал келтірелік. 19 ғасырда құстар мен сүтқоректілердің 70 шақты түрі құрыды, ал 20 ғасырдың бірінші жартысында Жер бетінен тағы да 40 түрі құрып кетті. Қазіргі кезде тек омыртқалылардың ғана 600-ден астам түріне жойылу қаупі төніп тұр. 

ІІІ мәтін: Тіпті фаунамыздың (жануарлар дүниесінің) кейбір тамаша өкілдерінің құрып біткен ақырғы уақытын да айтуға болады. Мысалы, 10 ғасырда Европаның ормандары мен орманды далаларында қаптап жүрген жабайы сиырының ең соңғысы 1627 ж. Польша жерінде өлді. 1741 ж. Командор аралдарынан табылған, дене тұрқы 8 м, салмағы 3000 кг шығатын су сиырлар 1768 ж. бүтіндей құрып бітті. 18 ғасырда оңтүстік орыс далаларында тарпан жабайы жылқысы үйір-үйірімен жайылып жүретін, соңғы тарпан 1879 ж. құрыды. Бір кездерде Солтүстік Америкада бірнеше миллиондап колония болып ұялайтын кезеген кептерлерді адамдар бас-аяғы жүз жылдан аз-ақ астам уақыт ішінде қырып жіберді, ақырғы кезеген кептер 1914 ж. АҚШ-та хайуанаттар паркінде өлді. 
Бұл жағдайдан сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерді қорғау қажеттігі туды.


ІV мәтін: 1979 жылғы жағдай бойынша алғанда, халықаралық, Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 305 түрі мен түр тармағы, құстардың 258, бауырымен жорғалаушылардың 98, қосмекенді-лердің 40, балықтың 193 түрі мен түр тармағы енгізілді. 
1978 ж. «СССР Қызыл кітабы» жарық көрді. Бұл өзі еліміздің хайуанаттары мен өсімдіктерін қорғау ісіндегі көрнекті оқиға, СССР-дегі сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген түрлердің жағдайы жайындағы ресми анықтамалық болды. Оған сүтқоректілердің 62, құстардың 63 түрі мен түр тармағы, қосмекенділердің 8 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 21 түрі, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 444 түрі енгізілген. Бұдан кейінгі басылымдарда бұл сандар толықтырылып, басқа да түрлер қамтылды. 


V мәтін: «Қазақ ССР Қызыл кітабының» омыртқалы жануарларға арналған I бөлімі 1978 ж. басылып шықты. Оған омыртқалылардың 78 түрі енді. Олар: сүтқоректілерден — қара кірпі, көк суыр, құндыз, үнді жайрасы, қызыл қасқыр, тянь-шань қоңыр аюы, қара күзен, орта азия сілеусіні, қара-қал, шағыл мысығы, қарақұйрық, үстірт қойы, қызыл-құм қойы, арқар т. б.; құстардан — алтай ұлары, кара ләйлек, қарабай, кәдімгі қоқиқаз, дуадақ, безгелдек, бүркіт, субүркіт, лашын т. б.; балықтардан — сырдария тасбекіресі, арал албырты, каспий албырты және басқалар

Сонымен, балалар, Қызыл кітап белгілі бір түрлердің жойылу қаупін, оларды көздің қарашығындай корғау қажеттігін, оларды аулауға тыйым салынғанын ескертетін белгі және сол түрлерді сақтап, көбейту ісінің программасы болып табылады. Туған табиғатты қорғап, көркейтуді, оны ұрпақтан ұрпаққа жұтатпай жеткізуді көздеген бұл игілікті іс балалардан да аянбай ат салысуын тілейді.

Дифференциация - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрделендіресіз?



Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?

Жоспардағы тақырыпты қиыстырыңыз. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АҚТ-ны байланыстыру.



  • Қабілеті жоғарырақ оқушыларға шағын топтағы шығармашылық жұмыс шеңберінде көшбасшы болу мүмкіндігін, ереже қорыту кезінде басқаларға түсіндіре алу мүмкіндігін беру.


  • Сұхбат кезіндегі белсенділік.

  • Өз бетімен және топта жұмыс істеу білігі.

  • Рефлексиялық бағалау.


  • Интербелсенді тақта арқылы сайтының ресурсын пайдалану









-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ жоспары ҚЫЗЫЛ КІТАП (454.27 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт