Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  10 класс  /  Сабақ жоспары 10 сынып

Сабақ жоспары 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын

ұйымдастыру.

Сабақтын мақсаты: компьютермен жұмыс істеу барысындатехника қауыпсіздігі ережелерін сақтауға үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: техника қауіпсіздігі ережелерін, компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелерін, көз талғанда жасалатын жаттығуларды.

Оқушылар үйрену тиіс: техника қауіпсіздігі ережелері сақтауды, көз жаттығуларын жасауды.

Сабақтын барысы: 1) Үйымдастыру кезеңі:

2)Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

3) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын

ұйымдастыру.

Сабақтын мақсаты: компьютермен жұмыс істеу барысындатехника қауыпсіздігі ережелерін сақтауға үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: техника қауіпсіздігі ережелерін, компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелерін, көз талғанда жасалатын жаттығуларды.

Оқушылар үйрену тиіс: техника қауіпсіздігі ережелері сақтауды, көз жаттығуларын жасауды.

Сабақтын барысы: 1) Үйымдастыру кезеңі:

2)Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

3) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақ.

22.02.2018

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын

ұйымдастыру.

Сабақтын мақсаты: компьютермен жұмыс істеу барысындатехника қауыпсіздігі ережелерін сақтауға үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: техника қауіпсіздігі ережелерін, компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелерін, көз талғанда жасалатын жаттығуларды.

Оқушылар үйрену тиіс: техника қауіпсіздігі ережелері сақтауды, көз жаттығуларын жасауды.

Сабақтын барысы: 1) Үйымдастыру кезеңі:

2)Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

3) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақ.

Компьютер түсінігі қауіпсіз жұмыспен тығыз байланысты. Ата-аналарың сендерге компьютер алдында ұзақ отыруға болмайтынын үнемі айтып отыратын шығар.

Қалай ойлайсындар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?

Компьютерде жұмыс істеу ең алдымен көзге күш түсіреді. Компьютерлік программалармен айналысқанда сендер жұыстың қызығына түсіп кетесіндер. Көздеріңнің жыпылықтауы біртіндеп азая бастайды. Сондықтан көз жаспен аз ылғалданады. Ал бұл көздің көру қабілеттерің нашарлауының бір себебі болып табылады.

Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай? Ол үшін мына талаптарды орындауға керек:

1. Мониторға дейінгі арақашықтық 55-65 см-ден болмау керек ( созылған қолдың ұзындығындай).

2. Компьютер алдындағы жұмыс 25 минуттан аспау керек.

3. Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.

4. Экранның ортасына қарау керек (1-сурет ).

5. Жұмыс істеу үшін дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар компьютер алдында міндетті түрде көзілдірік киіп отырулары керек. Ол көру қабілетін одан әрі нашарлатпауға көмектеседі.

Көзге арналған гимнастика.

Жаттығуларды 4-5 реттен қайталау керек.

1. 1-ден 4-ке дейін көзді күшпен қатты жұмып, одан кейін көздің бұлшық еттерін босатып, 1-ден 6-ға дейін алысқа қарау керек.

2. Мұрынның ұшына қарап, 1-ден 4-ке дейін назарыңды алма. Көзіңді шаршатуға болмайды. Егер көзің талса, жұмып отыра тұор. Онда кейін көзіңді ашып, 1-ден 6-ға дейін алысқа қара.

3. Көздің бұлшық еттерін босатып, 1-ден 4-ке дейін көзді жұмып, одан кейін көзіңді айқара ашып, 1-ден 6-ға дейін алысқа қара.

4. басыңды бұрмастан ( тік ұстап ), көздеріңмен жоғары-оңға-төмен-солға қарай және кері: жоғары-солға-төмен-оңға қарай дөңгелете қимылдар жаса. Одан кейін 1-ден 6-ға дейін алысқа қара.

5. Көздеріңді күш түсірмей 10-15 рет жыпылықтат.

6. 1-ден 4-ке дейін көздеріңнен 25-30 см қашықтықтағы сұқ саусағына қарап, одан кейін, 1-ден 6-ға дейін алысқа назар аудар.

7. Орташа жылдамдықпен оң жаққа қарай 3-4, одан кейін сол жаққа қарай 3-4 рет дөңгелете қимылдар жасап, көздің бұлшық еттерін босатып, 1-ден 6-ға дейін алысқа қара.

Компьютердің қауіпсіздігі.

Компьютермен жұмыс істегенде тек өз денсаулығынды қауіпсіздендіріп қана қоймай, қымбат тұратын компьютерлік техниканы да бұзып алмауың керек.

Компьютерде жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтандар!

1. Компьютерде таза қолмен жұмыс істеу.

2. Компьютерге ылғал тимеуін қадағалау.

3. Мониторды қолмен ұстамау.

4. Компьютерді қосу және ажырату ережелерін сақтау.

5. Компьютердің шаңын уақытында сүртіп отыру.

6. Компьютердің жүйелік блогын, мониторды және басқа да құрылғыларын бөлшектемеу.

7. Компьютерге қосылған сымдар мен құрылғыларды ажыратпау.

Ақпаратты сақтау қауіпсіздігі.

Компьютердің жұмыс қабілеті оның құрылғылары бүлінгеннен ғана бұзылмайды, сондай-ақ компьютерде сақталған ақпаратпен дұрыс жұмыс істемегеннен де төмендеуі мүмкін. Сендер операциялық жүйелердің компьютерге келтіретін ақауларын, вирустардың компьютердегі ақпараттарыңды өзгертіп қана қоймай, орнатылған программалардың бұзылуына әкелетін зиянды әрекеттері туралы да естіген шығарсыңдар.

Компьютерлеріңде ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін қандай ережелерді ұстанған жөн?

1. Ақпаратты қатаң белгіленген жерде сақтау.

2. Компьютерлеріңе вирусқа қарсы программа орнатып, вирусқа қарсы қорларыңды тұрақты жаңартып отыру.

3. Компьютердің дұрыс өшірілуін қадағалау.

4. Өздеріңе қатысы жоқ программалар мен құжаттарды жоймау.

5. Мұғалімнің рұқсатынсыз Интернет желісін пайдаланбау.

6. Флешкаларды, дискілер мен басқа да құрылғыларды компьютерге тек мұғалімнің рұқсатымен ғана қосу.

Сонымен сендер осы қарапайым ережелердің бәрін сақтай отырып, өздеріңе де. Техникаға да зиян келтірмей жұмыс істей аласыңдар.

4) Бекіту: Материалды игеруді тексеру «Өзіңді тестер» бөліменде берілген.

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

В

С

А

А

D

А

D

В


5) Қорытындылау:

Оқушыларға: « Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар? » деген сұраққа жауап беру ұсынылады.

Тест жұмысы үшін оқушылар білімі бағаланады.

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау журналы толтырылады.

6) Үй тапсырмасы: Оқұлықтан § 1 мазмұнын қайталау.



-80%
Курсы дополнительного образования

Создание динамических веб-страниц с помощью PHP и MySQL

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ жоспары 10 сынып (16.58 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт