Меню
Разработки
Разработки  /  Логопедия  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Сабақтың тақырыбы: "Ойыншықтар"

Сабақтың тақырыбы: "Ойыншықтар"

Түзете — дамытушылық мақсаты:сөзді түсінуін арттыру,

сөздік қорын толықтыру.

Сұраққа жауап беруге үйрету.

Фонематикалық есту қабілетін және ұсақ

моторикасын жетілдіру.

15.09.2017

Содержимое разработки

Сабақтың  тақырыбы:    « Ойыншықтар»

Тобы: «Айгөлек»

Түзете — дамытушылық мақсаты:сөзді түсінуін арттыру,

сөздік қорын  толықтыру.

Сұраққа жауап беруге үйрету.

Фонематикалық есту қабілетін  және ұсақ

моторикасын жетілдіру.

Керекті құралдар:  ойыншықтар ( қуыршақ – Буратино, юла,

көкөніс, машина, доп т.б.), сиқырлы дорба.

Кубик, пирамида.

Әдіс- тәсілдер:  сұрақ- жауап, түсіндіру, практикалық,

М.Монтессори элементтерін қолдану.

Жүру барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

баланың  үлкендермен  сәлемдесуі.

2. Өткен сабақты қайталау:

—         Логопед: біз өткен  сабағымызда қандай  саусақ жаттығуларын орындап  үйрендік?

Бала саусақтарын көрсетеді.

—         Логопед:  Иә, дұрыс, олай болса қайталайық.

1. Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек

Шылдыр шүмек, кішкентай бөбек

Құр,құр,құр!

2. Мына саусақ – менің атам

Мына саусақ – менің әжем

Мына саусақ – менің әкем

Мына саусақ – менің анам

Мына саусақ – мен

Менің  бәрі  жанұям!

3.Негізгі бөлім:   Ұсақ моторикаға  жаттығу .

Ал бүгін біз жаңа бір жаттығу үйренейік.

Қоңыр аю баласы ( бас бармақ пен ортан теректі біріктіреді)

Апаңа сен қарашы( біріктірген саусақты өзіне қарату)

Ойынның жоқ керегі ( шайқап, қозғау)

Бал жегісі келеді ( біріктірген саусақтың аузын ашу) ( 2 рет қайталанады)

 Логопед:

Менің мына ғажайып дорбамда керемет сыйлықтар бар.

Саусақтарыңды біріктір де, алып қарап айтшы  неге керек екенін?

Балаларға кезекпен  ойыншықтарды ала бастайды.

Логопед :  Бұл не?

Балалар : Бұл Зырылдауық.

Логопед : Зырылдауық?! Қалай зырылдайды, көрсетші , а?

Балалар көрсетеді.

Логопед кезекпен кезек ойыншықтарды көрсетеді.

«Көкөністі тураймыз» Ой, мынау көкөніс қой, қане салат дайындайық.

Үрмелі аспап   — сырнайды   үреді,  допты лақтырып ойнайды.



Ойыншықтармен көп ойнасақ, біз білгіш боламыз.

Оларды сындыруға болмайды. Ойыншықтар ағаштан, пластмастан, резенкеден жасалған алуан түрлі болады. Тіпті музыкалық ойыншықтар да болады.

Логопед: қазір  сергіту жаттығуынан кейін ойыншықтармен ойнымызды жалғастырамыз.

4.Сергіту жаттығуы:   Күнде аспанға қараймын (   қолды жоғарыға көтеру)

Қайтқан құсты санаймын ( қанатын  қағу)

Үшбұрыш боп тырналар  ( қолдарын артқа қайыру)

Көк жүзінде сырғанар ( қолдарын жоғары-төмен  қозғау) 

5. Сөйлеу тілінің дыбыстық жағымен жұмыс:    

мен кішкетай баламын

айтқан тілді аламын.

апам нанға кеткенде

үйде ойнап қаламын.

6.Дидактикалық ойын:  « Не өзгерді»?

Логопед үстел  үстіне кубик, көпіршік, пирамида ойыншықтарын қатар қойып, неден жасалғанын айтып, енді содан ойын құратынын айтып, түсіндіреді.

Ойыншықтар қатарынан 1-ін жасырып, не жоғалғанын сұрайды.

7.Дидактикалық компьютерлік ойын: « қай аспаптың даусы»?

Логопед: Міне балалар бұларда ойыншықтар.  Айырмашылығы музыкалық ойыншықтар.  Ойыншықтармен ойнаймыз. Ойыншықтар көп нәрсеге үйретеді.

8. Қорытынды: Баланы мадақтау, үйде осылай ойыншықтармен ойнау ұсынылады.



-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақтың тақырыбы: "Ойыншықтар" (15.69 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт