Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Разное  /  11 класс  /  « Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану- білім сапасының кепілі»

« Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану- білім сапасының кепілі»

пппппппаааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа

14.01.2018

Содержимое разработки

« Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану-

білім сапасының кепілі»


Латын тілі пәнінің оқытушысы

Аменова М.М.


«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті керек» Ел президенті

Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.


Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі білім беру ұйымдарына ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыруу, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.

Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беруу процесі.

Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.









Жаңа ақпараттық технология құралдары:


















Білім теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай адамдарды оқытушылар ғана тәрбиелеп, дайындайды. Оқытушы білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру- барлық оқытушыларды толғандыратын маңызды мәселе.

Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар білім алушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз деп ойлаймын.

Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір оқытушы оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет.

Сабақ барысында білім алушының білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушының басты талабы.

Интербелсенді тақта оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда, сонымен бірге оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Білім алушының қызығушылығы мен іскерлігін, белсенділігін мұғалім бір ғана сабақ арқылы жүзеге асыра алады. Міне ақпараттық технологияның басты тиімділігі оқушыны өзіне баурап алуында.

Электрондық оқулықтарды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Біз , әсіресе оқытушылар кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамыту жолдарында көрнекі құралдарды пайдалану арқылы ғана сабақтың тиімділігін артырамыз.

Біріншіден, материалды түсіндіруде оытушы қатты қиналмайды.

Екіншіден, білім алушыға жаңа материалды меңгеруде жеңілдік туғызады.

Үшіншіден, білім алушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.

Төртіншіден, білім алушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.

Менің ойымша өзінің оқушысын ақпараттық технологиялар арқылы өз бетінше оқып үйренуге, білім алуға үйретпеген оқытушы қазіргі кезде түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды.

Оқытушы тек қана күнделікті сабақ берумен ғана шектеліп қоймай, білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, елдің тарихына, салт-дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілікті туғызу үшін аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы қажет.

Оның ең тиімді жолы-сайыс, интеллектуалды-шоу ойындарын компьютердің көмегімен өткізу.

Бұл арқылы білім алушыларға күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көрсету арқылы естерінде мәңгі қалдыруға мүмкіндік туады.

Ал мұның барлығы да оқытушылардың іскерлігі мен білімі, ой ұшқырлығы мен біліктілігі арқылы жүзеге асады.
















Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу, білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жаңа ақпараттық технология әдістерін пайдалана отырып, мемлекетіміздің ертеңі-бүгінгі ұрпақтың еңбексүйгіш, ақыл-ойы жан-жақты дамыған, өздігінен ізденгіш, өз ойын ашық айта алатын жеке тұлғаның қалыптасуына өз үлесімізді қосуымыз ұстаздық қабілетіміздің міндеті мен абыройы деп есептеймін. Ал саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.







 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан -2030 Жолдауы- Алматы: Білім – 1997. 59б..

  2. Шардарбекова Д.Н. Білім берудің жаңа технологиялары.А:

Қазақстан мектебі № 9.

  1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003

Сапарова Айдана Асқарқызы Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық

Колледжі

  1. Интернетке кіріспе (әдістемелік құрал) Алматы – 2004

  2. Информатикадан 30 сабақ. Б. Б. Бӛрібаев., Е. Қ. Балапанов, А. Б. Дәулетқұлов Алматы – 2004

  3. Интернет желісі және «Информатика» журналдары.


  1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  2. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

-75%
Курсы повышения квалификации

Методика обучения химии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
« Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану- білім сапасының кепілі» (63 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт