Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Мероприятия  /  5 класс  /  Сәндік қолөнер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Сәндік қолөнер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Уважаемые коллеги представляю вашему вниманию доклад на тему которая поможет вам определить возможности развития творческих способностей учащихся для развития творческих способностей учеников

16.12.2016

Содержимое разработки

Қостанай облысы,Наурызым ауданы

Жамбыл орта мектебінің технология

пәнінің мұғалімі Казбекқызы Ардақ



СӘНДІК ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.


Сәндік қолөнер дегеніміз – қолмен немесе құралдармен, техникамен өндірілетін қолданбалы, сәндік, сувенирлік бұйымдар түрлерін ұқсатып жасаудағы ойлардың, материалдар мен көркемдік шешімдердің, техникалар мен технологиялардың, ұлттық нақыштардың жиынтығын құрайтын өнер түрі. [1-әдебиет, 58 б.]

Халықтың сәндік қолөнері оқушылар ұғымына жақындығымен және шығармашылық болмысымен олардың көркемдік шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер етуші құрал болып табылады. [4-әдебиет, 5 б.]

Халық қолөнерін зерттеуші педагогтардың, психологтардың ( В.С.Воронов, А.С.Бакушинский, В.М.Василенко т.б.) бала тек қана ақпараттарды қабылдаушы көрермен емес, ол белсенділікті, жекелікті, қиял мен ойларды жүзеге асыруда талап ететін іспен айналысқанда дәлел бола алады. [3-әдебиет, 83 б.]

Балалардың қабілеттері мен дарындылығының түпкі бастауы – олардың саусақтарының ұшында. Көркемдеп айтқанда саусақтан шығармашылық ойлардың негізін нәрлендіретін жылғалар ағады. Балалардың өз іс-әрекеттерінде сенімділігі мен жасай білу қабілеті артқан сайын, олар еңбек құралдарын қолдануға икемді болады; осы іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті қимылдар күрделенген сайын, баланың рухани өміріндегі қоғамдық еңбекпен, табиғатпен өзара байланыстары күшейеді. Басқа сөзбен айтқанда, баланың қабілеті артқан сайын, ақылыда толыса түседі.[2-әдебиет, 133 б.]

Халықтың сәндік қолданбалы өнері қаншама жылдар бойы жасалып, жетіле түскен аса кәсіби дағдылар мен амал-тәсілдерге негізделген. Олар арқылы қарапайым да көркем мәнерлілікке қол жеткізуге болады. Оларды жұлдызшалар мен айшықтар, иректермен ерекше бедерленген керамикалық ыдыстардан, ағаштан ойып жасалған бұйымдардан, жіптерді өру, айқастыру, шатыстыру арқылы тоқыған тоқыма үлгілерінен, құю, бедерлеу, жапсыру тәсілдерімен, асыл тастарымен, бағалы маталдарымен ерекшеленген зергерлік өнер туындыларынан көруге болады. Осы техникалық әдіс-амалдарды үйрену мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән, және бұл олардың шығармашылық қабілеттерінің байқалуына, дамуына кең мүмкіндіктер береді. [3-әдебиет, 83 б.]

Халықтың сәндік қолданбалы өнер туындыларындағы образдар мен ою-өрнектерде берілген ойлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы аталған сапаларды жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, оларды әсемдігі мен жарасымдығы адамға эстетикалық-эмоционалдық тұрғыдан әсер етіп адамның рухани жан дүниесін байытады. Сан алуан, қиын да күрделі өрнектерді жүзеге асыру шығармашылықты шыңдайды. [3-әдебиет, 82 б.]

М.Мырзаханов сәндік қолөнердің жасалу техникасының, технологияларының алуан түрлілігі оқушылардың өз ісін, кәсібін таңдауына мүмкіндік беретіндігін айтады. Сондай-ақ, ол сәндік қолөнерді жасау барысында зейінділік, ұқыптылық, талаптылық, тәртіптілік, белсенділік, еңбексүйгіштік, ұжымдық сеэім сияқты адамгершілік сапаларды қалыптастыру мүмкіндіктері негізінде оқушылардың шығармашылық белсенділігі дамитындығын көрсеткен.[3-әдебиет, 80 б.]

Балалар халық өнері үлгілерімен таныса отырып, алуан түрлі айшықты бояулар мен бейнелердің, мәнерлі нақыштар мен ою-өрнектердің әсемдігінен үлкен эстетикалық әсерге бөленеді. Халық шеберлерінің туындылар мен балалар шығармашылығынан ұқсастықтар табуға болады. Екеуінде де өмір ерекше қуаныш сезіммен қабылданады және одан түйген түйсік-талғамы да айрықша шаттық сезіммен жүзеге асырылады.

Халықтың сәндік қолөнерін зерттеушілер еңбектерінде халық шеберлері мен балалар жұмыстарындағы ұқсастықтың басты көрсеткіші болып бейнелейтін ойларының сәнділігі мен әдемілігінің жақындығы, ою-өрнектерді ерекше сезіммен және сүйіспеншілікпен орындауы табылатындығы айтылады.

Халық өнерінің шығармашылығын игеру балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеп ғана қоймай, олардың саздан бұйымдар жасау, ою-өрнектер түрін құрастыру, өз ойымен өрбіту, ағаш ұқсату мен ою жұмыстарын орындау, тоқыма, кестелеу әдістерін меңгеру сияқты шығармашылық тұрғыдағы жұмыстармен өздігінен айналысуға құштарлықтарын оятады.

Халық өнері туындыларын меңгеру дегеніміз осы өнердің табиғи өсу кезеңдерімен танысуды, оның көркемдік сапаларының (колорит, пішінінің иілгіштігі, ою-өрнек, композициялық шешім, материалдың фактурасы) белгілі бір мәнерлерін қабылдауды, халық өнерінің дәстүрлі үлгілерінің әр түрлі техникалық амалдары мен дағдыларын, әр түрлі материалдарды өңдеу тәсілдерін игеруді білдіреді. Осы айтылғандар балалар мен жастар үшін барлық уақытта да қызықты әрі әсерлі іс болып табылады. Тек қана халық өнері туындыларын шығармашылық тұрғыдан өзіндік қабылдау, олардың поэтикалық және сұлулық бейнелерін ұғыну, шығармашылық процестің өзіне қатысу деңгейі, дәстүрлі сәндік қолөнердің техникалық амал-әдістерін пайдалану дәрежесі өзгеріп отырады. Бірақ балабақшадағы немесе кіші мектеп жасындағы балаларға, жеке өмір сүруге қадам жасап отырған орта мектеп түлектерінің барлығына тән шығармашылық процеске қатысуға деген құштарлық, шығармашылық тұрғыдағы белсенділік, ынталылық пен дербестік.

Жеткіншектер үшін сәндік-қолданбалы өнердің алуан түрлерін, дәстүрлі үлгілерін сипаттайтын техникалық әдістер мен шеберлік дағдыларын игеру маңызды. Мектеп практикасы жеткіншек жасы тұлғасының қалыптасуындағы маңызды кезең болып анықталады. Баланың осы жасында оның бейнелеу өнері сабақтарына қажетті психофизиологиялық жетілуі аяқталады. Іс-әрекеттерінің көптеген функционалдық көрсеткіштері (көз жұмысы, түр-түсті, көрінетін дүниенің басқа да аспектілері мен кеңістігін қабылдау қабілеті) толық нақтыланады. Олардың көркемдік процестің техникалық әдістерін үйренуге және орындауға белсенді қызығушылықтары пайда болады.[3-әдебиет, 84,85 б.]


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. -Алматы.: Өнер.1987.

  2. Қоянбаев Ж. Педагогика.- Алматы. 2000.

  3. Әбдіғапбарова Ұ. Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің тағылымы: Оқу құралы. - Алматы, 2002.

  4. Әбдіғапбарова Ұ. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін білім беру жүйесіндегі пайдалану тұжырымдамасы. - Алматы, 2007.


-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель технологии

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сәндік қолөнер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту (16.23 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт