Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара қаласы
Құрманғазы Сағырбайұлы
атындағы жалпы орта мектебі
Дөңгелек үстел
Тақырыбы:
«Руханилық мөлдір бұлағы»
Орындаған:Ғани Садықбеков
2018 оқу жылы
Күні: 17.05.2018 жыл
Тақырыбы : Руханилықтың мөлдір бұлағы
Орындаған : Ғани Садықбеков Тексерген : Р. Исаева
2 ЖОСПАРЫ Рухани тәрбиенің маңыздылығы Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамзаттың жаһандық мәселелерінің рухани-адамгершілік сипаты .
3 « Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарында үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен - жүрекке жетсе, қандай ғанибет.» Сара Алпысқызы
4 Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық – деп атап көрсеткен болатын. Рухани тәрбиенің маңыздылығы Василий Сухомлинский жж
5 Руханилықтың негізінде адамның мінез - құлқы қалыптасады, ар - ұят, өзін - өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
6 Абайдың адамгершілік, әдептік нормалары І - талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады. ІІ - талабы - тұрақтылық, " Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын " дейді. ІІІ - талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Абай Құнанбаев жж
7 Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
8 « МЕН ҮШ ҚАСИЕТТІМДІ МАҚТАН ТҰТАМ » Олар : жалған айтпадым ; жақсылықты сатпадым ; һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
9 Рухани – адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет. С. А. Назарбаева
10 « ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ТАНЫСАҢ ІСТІҢ БАСЫ...» Ш. Құдайбердіұлы ( ) Ол бүкіл батыс Европа, Шығыс елдері ғалымдарының, философтарының еңбектерін зерттейді және өз тұжырымын жасайды. Мысалы : « Үш анық » еңбегінде, жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар – ол бірінші анық - дейді. Ал, рух өлмейді, жан мәңгілік - бұл екінші анық - деді. Үшінші анық - ар - ұждан деп, оны білімнен де, ғылымнан да, бәрінен де жоғары қояды. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы.
11 Жалпыадамзаттық құндылықты оқыту Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі. МЕЙІРІМДІ МІНЕСІЗ АДАМ БІЛІМДІ АДАМ БОЛЫП САНАЛМАЙДЫ.
22 Көңіл бөліп тындағандарыңыз үшін рахмет !