Хайрушев Нурлан Адильбекович
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пән мұғалімі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: | Мектеп:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Расторлық және векторлық бейнелелерді салыстыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.2. Расторлық және векторлық бейнелелерді салыстыру Төменгі деңгей(білу, түсіну, қолдану) Жоғарғы деңгей(талдау,жинақтау, бағалау)
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: 1.Компьютерлік графика және оның түрлері туралы мәлімет алады. 2. Біліп үйренгендерін қолданып практикалық түрде берілген тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың басым бөлігі: Түсінеді,талдайды,білімін өзгертілген жағдайда қолданады:графикалық редакторды пайдалана отырып, сурет салып өңдеуді үйренеді. Кейбір оқушылар: Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: Оқып үйренгендерін практикада қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Растрлық кескінді құрады; Растрлық кескінді өңдейді; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Модельдеудің мүмкіндігі туралы жеткізе білу; Пәндік лексика мен терминология: 1.Екі өлшемді графика; 2.Үш өлшемді графика; Сұхбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Ағылшын тілі, бейнелеу өнері, геометрия. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім
| Оқушылар нені біледі? - Ақпараттың түрлерін білу; - Ақпаратты ажырата білу; - Күнделікті өмірдегі ақпараттың түрлеріне мысал келтіре білу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 13 | Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» орналастыру; - әртүрлі кескіндер арқылы үш топқа бөлу; І топ: «Төртбұрыш» ІІ топ: «Үшбұрыш» ІІІ топ: «Жұлдызша» - Оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау мақсатында үш топқа әр түрлі сұрақ беріледі; («Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы жүргізіледі) Өткен ақпаратты қайталау. Лездік сұрақтар,
Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған.
Бейне көрсетілім (Растрлық гарафика,артықшылықтары мен кемшіліктерін) | білу Оқулық, көрсетілім дер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 23 Растрлық графика | №1 тапсырма(ТЖ): Ребусты шешіңдер ,, ,,, Графика
Ф
,,,,,,,,
Компьютерлік графика
Екі өлшемді графика Үш өлшемді графика
Вектрлық графика
3D графика
Фракталды графика
Дескриптор: Ребустың жауабы арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады. Компьютерлік графикадан түсінік алады;
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады). Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады. Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады. Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады. Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
№2 тапсырма(ТЖ): СТО «Т кестесі» Артықшылығы Кемшілігі
Дескриптор: Графиканың артықшылығы мен кемшілігін жазады;
№3 тапсырма(Ж) : 1.Paint графикалық редакторды іске қосу. 2. Эллипс құралының көмегімен салу. Құю құралымен бояу
3. Эллипс құралының көмегімен салу. Құю құралымен бояу 4. Ерекшелеу, көшіру батырмаларының көмегімен сурет бөлігін көшіріп біріктіру. 5.Суретті «Есепшот» атауымен сақтау.
Дескриптор: Сандық ақпараттың мысалы болып табылатын кескінді салу. Есепшоттың суретін салу.
№ 4 тапсырма (Ж) Графикалық ақпараттың мысалы болып табылатын кескінді салу. «Қыс бейнесі» тақырыбында сурет салу. Суретті «Қыс» атауымен сақтау.
Дескриптор: Білім алушы - сурет сызықтарының қалыңдығы мен түсін таңдайды; үшбұрыш, дөңгелек және т.б. стандартты фигураларды салу үшін құралдарды қолданады; ауыстыру амалын қолданып растрлық кескінді өңдейді; көшіру амалын қолданып растрлық кескінді өңдейді; өшіру амалын қолданып растрлық кескінді өңдейді. Сәйкестендіру кестесі
Графикалық файлдардың кеңейтілімдері: BMP GIF PNG JPEG
Семантикалық карта
IV. Ой қорыту.Сабақты бекіту
| АКТ Үлестірме қағаздары флипчат Тілдік мақсатқа түсінік беру қолдану түсіну талдау Үлестірме қағаздар ДК | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 9 мин | Кейінгі тапсырма Компьтерлік графика туралы қосымша мәлімет іздеу. Кері байланыс: Формативті сұрау: Мұғалім Неге? Қалай? Қайтіп? -деген қосымша нақтылау сұрақтарын қояды. -Ол несімен ұқсас әлде айырмашылығы қандай? -Мінездемесі қандай......? -Ондағы негізгі идеясы, тұжырымдасасы қандай? -Сіз қандай идея немесе қосымша мағлұмат қосар едіңіз? -Сіз қандай қорытынды жасай аласыз? -Сіз не істеуді ұсынасыз? -Қандай әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады? Қалыптастырушы бағалау жүреді. (жұлдызшалар мен кесте толтыру,мадақтау сөздер арқылы) Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: Поезд тәсілімен стикер жабыстыру арқылы
1-вагонға; Бүгін не үйрендің? 2-вагонға; Бүгінгі сабақта не ұнадыма? 3- вагонға; Бүгінгі көңіл-күйің қандай болды? 4-вагонға; Басқаларға көмегің тидіма?
| Оқушыларға үй тапсырмасын орындауға нұсқау жасау Жинақтау
Бағалау |