Пәні:Өндірістік оқыту
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың тақырыбы: «PowerPoint туралы негізгі түсінік. PowerPoint көмегімен презентациялау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: PowerPoint туралы мағлұматтар бере отырып, іскерлік пен дағдыларын, тапсырмалар беру арқылы білімдегі жетістіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Білім алушылардың оқуға белсенділігін, оқитын пәніне қызығушылығын, өзгенің пікіріне құрметпен қарауға, тыңдауға, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білім алушылардың танымдық қабілетін, жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін өз саласында пайдалана білуді дамыту.
Оқыту әдісі: «Сәттілік шеңбері», «Кім білімді, кім жылдам?», «Бумеранг», «Ой қозғау» әдістерінен пайдалану
ОТҚ: интерактивті тақта, дербес компьютер.
Әдістемелік қамтамасыз етілуі: басылым материалдары, слайдтар, кеспелер, үлестірмелер, бағалау топтамалары.
Пәнаралық байланыс: Информатика
Қолданылатын әдебиеттер:
О. Камардинов «Информатика»-Шымкент 2000
Е. Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев «Информатика 30 сабақ»
Сабақтың әдісі
І. Ұйымдастыру кезеңі(5 минут)
Оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару мақсатында «Сәттілік шеңбер».әдісін қолдану.
II. Сабақтың мақсатын және жұмыс жоспарын хабарлау (2 минут)
Бүгін біз сендермен PowerPoint көмегімен слайдтар жасаймыз.
Сабақ басталған сәттен бастап сабақтың соңына дейін әрбір дұрыс жауап берген білім алушыларға бағалау топтамалары беріледі. Сабақтың соңында жинаған топтамаларына қарай білім алушылар бағаланады.
III. Жаңа тақырыпты хабарлау және оның жоспарымен таныстыру (2минут)
Біз сендермен МS Word, MS Excel бағдарламаларын үйрендік. Бұл бағдарламалар Мicrosoft office пакетінің бағдарламалары еді. Бүгін біз және осы Мicrosoft office пакеттерінің бірі PowerPoint бағдарламасын өтеміз. Бүгінгі тақырыбымыз «PowerPoint туралы негізгі түсінік. PowerPoint көмегімен презентациялау».
IV. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту (20 минут)
«Кім білімді, кім жылдам?» ойынын қолдау.
Ойынның шарты: алдын ала дайындалған сұрақтарға тез жауап беру керек. Әр сұраққа бір ұпай беріледі.
«Кім білімді, кім жылдам?» ойынның сұрақтары
Бағана мен жолдың қиылысқан жерінде орналасқан топ не деп аталады?
(Ұяшық)
Ms Excel електрондық кестесіне неше типтегі мәлімет енгізуге болады?
(Үш типтегі)
Ұяшықтар жиыны қалай аталады?
(Блок)
Компьютерге берілген командаларды енгізу құрылғыс ...
(Пернетақта)
Кішігірім текстік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор...
(Блакнот)
Информатцияны қағазға басып шығару құрылғысы
(Принтер)
Компьютер іске қосқанда шақырылады. Компьютер жұмысын басқарады.
(WINDOWS операциялық жүйесі)
Сым жолдарының жиынтығы қалай аталады?
(Шина)
Компьютер жұмыс барысында қолданылатын ақпараттарды сақтап отыру құрылысы
(Қаттық диск)
Позициялық емес санау жүйелерінің бірі.
(Рим цифралары)
Процессор жады, адаптер, таймер, қоректену блогы мен енгізу, шығару порттары орындалған компьютердің негізгі бөлігі
(Жүйелік блок)
Сандарды бейнелеу және өрнектеу тәсілдері
(Санақ жүйесі)
Телефондық канал бойынша бір компьютерді екіншісімен қосуды қамтамасыз ететін құрылғы
(Модем)
Windows ортасының ағымдағы уақыт пен мерзімді көрсету үшін қолданатын ең қарапайым программасы.
(Сағат)
Ms Excel электрондық кестесінің файлдық атауы
(Книга)
Ms Excel электрондық кестесі неше режимде жұмыс істейді.
(Үш режимде)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
(Бит)
Белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асырылатын командалық файл
(Ярлық)
Жойылған файлды уақытша сақтау
(Корзина)
Жүйелі блок, пернетақта,монитор қай архитектураға негізделген?
(Нейман архитектурасына негізделген)
Кішкентай екі пернесі бар пласмассалы коропка ретінде болатын құрылғы?
(Тінтүір)
Ms Word редакторының файлдық атауы
(Документ)
Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
(Динамика)
Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы.
(Сканер)
Корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады
(Порт)
Компьютердің жедел жадында өңделіп жатқан ақпаратты экранда көруге мумкіндік туғызады
(Монитор)
«Бумеранг» әдісі арқылы білім алушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.
WORD (Excel) редакторына дайындалған құжаттың шарт белгісіне тінтүір курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы.
Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD (Excel) шарт белгісінде тінтүірды екі рет шерту арқылы.
Басқару тақтасындағы Пуск менюінің Все программы-Microsoft Office- Microsoft Word (Microsoft Excel) командалары көмегімен іске қосуға болады.
Бағана мен жолдың қиылысқан жерінде орналасқан топ ұяшық деп аталады.
Ұяшықтар жиыны блок деп аталады.
Кез келген ұяшыққа мәтін ,сан формула енгізуге болады.
Файл- Сохранить-жұмыс кітабын файл түрінде ағымдық дискіге жазып сақтау:
Файл-Открыть-дискіде жазылған жұмыс құжатын (Документ 1) ашып, экранға шығарады.
Файл-Закрыть-жұмыс кітабін (Книга1) экраннан алып, оны жауып тастау:
Файл-Сохранить как...-файлдың атауын өзгертіп, басқа дискге де жазу мүмкіндігін береді:
Файл-Создать -жаңа жұмыс құжжатын (Документ1) ашу:
Файл-Создать -жаңа жұмыс кітабын (Книга1) ашу:
Файл-Создать -жаңа жұмыс Презентатция1 ашу:
Мәзірлер жолағы – мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады.
Мәзірлер жолағы – мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады.
Тақырып жолағы – онда терезені басқару батырмалары
және құжаттың атауы орналасады.
Сызғыш –құжаттың өрістерін және өрістердің шегіністерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Айналдыру жолақтары- файл ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.
Күй жолағы- Файл қай күйде тұрғаны жайлы мәлімет береді
Баған атауы:
Формулалар қатары:
Microsoft Office фирмасының қайсы программасы бір режимде жұмыс істейді?
Microsoft Office фирмасының қайсы программасы үш режимде жұмыс істейді?
Microsoft Office фирмасының қайсы программасы бес режимде жұмыс істейді?
V. Жаңа тақырыпты баяндау (30 минут)
1. PowerPoint программасы жайлы мәлімет
Microsoft PowerPoint – Microsoft Office – тің құрамындағы, презентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint прогаммасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.
Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірліген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме.
Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.
2. PowerPoint программасын іске қосу
PowerPoint-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған PowerPoint программасын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады
Басқару тақтасындағы Пуск менюінің Все программы-Microsoft Office- Microsoft PowerPointкомандалары көмегімен іске қосуға болады.
Программалардың Microsoft Office тобындағы PowerPoint шарт белгісінде тінтүірді екі рет шерту арқылы.
PowerPoint редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тінтүір курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы.
Windows жүйесінің Сұхбат менюсі көмегімен. т.б.
3. PowerPoint программасының интерфейсі
PowerPaint бағдарламасының терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Тақырып жолағы – онда терезені басқару батырмалары
және құжжаттың атауы
орналасады.
Мәзірлер жолағы – мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады.
Айналдыру жолақтары- құжат ішінде қозғалып жүруге мумкіндік береді.
Терезенің негізгі бөлігін жұмыс алаңы алған.
Күй жолағы- слайд бетінің номерін, бөлім номерін, слайд санын және т.б. көрсетеді.
PowerPoint програмасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы,бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:
Слайдтар режимі (режим слайда)
Құрылымдық режим (режим структуры)
Слайдтарды сұрыптау режимі (режим сортировщика слайдов)
Бетке ескерпе жазу режимі (режим страниц заметок)
Слайдтарды көрсету режимі (режим показ слайдов)
Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.
Слайдтар режимі-презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өндеуге өте ыңғайлы.Осы режимде мәтін енгізуге және өндеуге,графикалық объектілер мен кестелер енгізуге болады.Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер,мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.
Құрлымдық режимі-презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді.Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады.Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай аламыз
Слайдтарды сұрыптау режимінде – презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны, түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып, болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы. Нақты бір слайдтың мазмұныцн өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.
Бетке ескертпе жазу режимі – презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көщкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігіне орналасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.
Слайдтарды көрсету рекжимінде – дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді ( графикалық объектілер немесе мәтіннің әріптері бірінен кейін бірі жоғарғы, төменгі немесе т.б жақтан ұшып келуі, өзгеруі т.б)
Осы режимдердің біріне көшу үшін, Түр (Вид) командасының ішкі менюіндегі қажетті режимнің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының тиістісін шерту жеткілікті.
Ескерту: Файлдарды іске қосу, сақтау, ашу, нусқасын алу, қырқып алу, гиперсілтеме орнату, керекті объектті белгілеу т.б.с жұмыстар алдынғы MS Word, MS Excel программаларындағы сияқты орындалады.
VI. Жаңа тақырыпты бекіту (25 минут)
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында слайдтар жасаймыз.
Сендер Саңырауқұлақты үйшік ертегісін білесіндер.Осы ертегіден 8 слайд жасап беріндер. Ең бірінші болған білім алушыға 5 ұпай беріледі.
VII. Сабақты қорытындылау, түсінік бере отырып бағалау (4 минут)
Қазіргі таңда қай салада жұмыс істемейік компьютерді білу өте қажет және оны әрбір маман иесі дұрыс қолдана білу керек. Power Point программасын келешекте өз салаларыңда дұрыс қолдана алуларың керек. Power Point программасы жайлы қысқаша мәлімет беріп өткенімде «Бұл бағдарлама әр түрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мұмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады»-деген едік. Біз сендермен бүгінгі сабағымызда ертегіні көрме көмегімен балаларға баяндауды жолға қойдық. Келесі сабағымызда осы ертегіге дыбыстық және мултимедиалық мумкіндіктерді пайдаланып жандандырамыз.
Білім алушылар сабақтың басынан соңына дейін әр-бір дурыс жауап бергені үшін және «Бумераң», «Кім білімді кім жылдам», слайттарды дайындауда жинаған топтамалар санына қарай білім алушылардың білімі бағаланады.
VІІІ. Үйге тапсырма беру (2 минут)
«Наурыз» тақырыбына слайд құру үшін материалдар жинап келу.


«PowerPoint туралы негізгі түсінік. PowerPoint (6.36 MB)

