Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  11 класс  /  Популяция тығыздығы, биомассасы

Популяция тығыздығы, биомассасы

Популяция- генетикалық шығу тегі бір, белгілі ортада ұзақ уақыт тіршілігін тұрақты жалғастырып келе жатқан, еркін өсіп көбеюге қабілетті, бір түргежататын организмдер дараларының жиынтығы.

Популяция қарапайым(жергілікті), экологиялық және географиялық болып бөлінеді.

19.04.2018

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Биоценоздар, олардың түрлік әртүрлілігі, популяциялар тығыздығы, биомассасы.

Сабақтың мақсаты.1.Оқушыларға биоценоздар, олардың түрлік әртүрлілігі, популяциялар тығыздығы, биомассасы.деңгейі туралы білім беру.

2. Оқушыларға популяция тығыздығы, биомассасы, туралы білімдерін дамыту

3.Қоршаған ортаны қорғауға,СӨС тәрбиелеу.

С.түрі:Аралас

С.әдісі: түсіндірмелі

С.көрнекілігі: интеракт.тақта,электронды оқулықтан көрсетілім,слайд

С.барысы: Ұйымдастыру

2.Алған білімдерін пысықтау

- Автотрофты және гетеротрофты  организмдер дегенімізне?

- Продуценттер дегеніміз не?

- Консументтер қандай  рөл  атқарады?

- Редуценттердің  зат алмасудағы  рөлін  мысалмен келтіріп түсіндіріңдер.

- Продуценттердің  зат алмасудағы  рөлін  мысалмен келтіріп түсіндіріңде

-Қоректіктізбек дегеніміз не?

-Экологиялық  пирамидалар ережелерін естеріңе түсіріп,  сызбанұсқа түрінде  көрсетіп,  айтып беріңдер.

ІІІ.Жаңа тапсырма. Популяция құрылымы

ПОПУЛЯЦИЯ





өлімі

Особьтар саны ареалы жастық жыныстық туылымы тығыздығы

құрамы құрамы өсу темпі

Популяция- генетикалық шығу тегі бір,  белгілі ортада  ұзақ уақыт тіршілігін  тұрақты жалғастырып  келе жатқан, еркін  өсіп көбеюге қабілетті, бір  түргежататын   организмдер дараларының жиынтығы.

Популяция қарапайым(жергілікті), экологиялық және географиялық болып бөлінеді.

Қарапайым(жергілікті) популяция – табиғатта бірегей кішігірім аумақтарды мекендейтін бүр түрге жататын даралар тобы. Экологиялық популяция – жергілікті популяцияның жиынтығы негізінде қалыптасады.Мысалы, кәдімгі актиін көптеген ормандарда кең таралған.Сондықтан олардың қарағайлық,шыршалық немесе, т.б. экологяилық популяциялары көптен кездеседі.

Географиялық популяция – географиялық жағдайлары бірегей аумақтарды қамитын,даралар топтарының құрайтын экологиялық популяциялар.Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы,даралар формасы,экологиялық қатарлары,физиологиялық мінез-құлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

Популяцияның саны мен тығыздығы оның қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрстекіші болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз – белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы даралардың жалпы саны.

Популяция тығыздығы -  белгілі бір аймақтағы немесе  кеңістіктегі дарлр санының  жиілігімен өлшенеді.Мысалға, 1 га-дағы шыршалардың саны 150 немес 1м3 көлем судағы дафниялардың биомассасы 0,5г. Популяцияның тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Осыған орай популяциялардың кездейсоқ,біркелккі және топтанып таралу жолдары бар.

Кездейсоқ таралу – тек бірегей ортаға тән құбылыс. Оның сбептері көп. Оларға түрдің генетикалық шығу тегі , орта факторлары,өсу жыламдылығы,бәсекелестік,қоректің мол болуы т.б. жатады.

Популяцияға тән қасиеттер  өсу, даму,  көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі,  генетикалық шығутегі, экологиялық жағдайлар жатады. 

4.Қорытынды. А) Деңгейлік  тапсырмаларды орындау. Анықтамасын бер.

1. Популяция   дегеніміз не?..

2.Популяцияға тән қасиеттер   атап көрсет.

3.Популяция тығыздығы дегеніміз не?

4.Элементар популяция дегеніміз не?

5.Экологиялық популяция дегеніміз не?

6.Географиялықпопуляция дегеніміз не? 

Мына кестені дәптерлеріңе толтырыңдар.

Организмдердің тірі қалу мүмкіндігінің үш типі

Анықтамалығы

Жататын  жануарлар

І типі

 

 

ІІ типі



ІІІ типі



5. Бекіту кезеңі.Сәйкестендіру.

1.Популяциядегеніміз  орта жағдайларының   өзгерісіне ұзақ уақыт бойы түрақты санын ұстап, тұратын  бір түрге жататын  организмдердің жергілікті тобы.

2.Белгілібір аумақта мекендейтін, шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы  табиғаттағы  санын тұрақты ұстап келе жтқан  біртүрге жататын организмдер жиынтығы.

3. Белгілібір аумақта мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас  топтары.

  А) М.С. Гияров                 В) С.С.Шварц             С) А.В. Яблоков      

Тест сұрақтары. 1. Белгілі біраймақтағы немесе  кеңістіктегі  дарлр санының жиілігімен өлшенеді. А) Элементар  популяция В) Популяция тығыздығы С) Экологиялық популяция Д) Географиялық  популяция Е) Популяциясаналуандылығы.

2. Популяцияға тән қасиеттер А)Өсу, даму, көбею В) дара саныныңжиілігі С)  біркелкі жіне топталып  таралу Д)популяция   тығыздығы Е) тірі қалумүмкіндігі

3. Генетикалық шығу тегі бір,  белгілі ортада  ұзақ уақыт тіршілігін  тұрақтыжалғастырып  келе жатқан, еркін  өсіп көбеюге қабілетті, бір  түргежататын   организмдер даралрының жиынтығы 

А) эволюция В) популяция С)  экология Д) популяция   тығыздығы Е) биоценоз

Жауаптары. 1.В 2.А 3.В

Үйге тапсырма. § 52  баяндама «Антропогендік факторлар»





-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Воспитатель общежития

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Популяция тығыздығы, биомассасы (33.97 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт