Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Уроки  /  6 класс  /  План және карта Жергілікті жерді бағдарлау.Азимут.

План және карта Жергілікті жерді бағдарлау.Азимут.

Саба?ты? ма?саты: Азимут т?сінігін ?алыптастыру.О?ушылар?а азимутты таба білуді ?йрету.

Т?сба?ар, топографиялы? план материалдары ?лестіру,транспортир,интерактивті та?та?а ?ажетті тапсырмалар.

01.02.2017

Содержимое разработки

Кенжебаева Жанна Онгарбековна

КГУ «Средняя общеобразовательная школа-комплекс №3»

Восточно-Казахстанская область, город Семей


План және карта

Жергілікті жерді бағдарлау.Азимут.

Сабақтың мақсаты: Азимут түсінігін қалыптастыру.Оқушыларға азимутты таба білуді үйрету.

Тұсбағар, топографиялық план материалдары үлестіру,транспортир,интерактивті тақтаға қажетті тапсырмалар.

Сабақ барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Ежелгі географиялық ілімдер туралы айту.

  • Орта ғасырда географиялық білімдер қалай өзгерді?

  • Жер пішіні жайлы мәліметтер қалай өзгерді?

  • Х. Колумб және Ф.Магеллан жолдарын картадан көрсету.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Бүгінгі сабақта біз сендермен көкжиектің қандай тұстарын білетіндеріңді еске түсіреміз,оны қалай табатындарыңды және табудың басқа да жолдарын анықтаймыз.

  • Сонымен көкжиектің қандай тұстарын білесіңдер?

Мұғалім көкжиек тұстарын көрсететін сызбаны сызуға бір оқушыны тақтаға ш

С С

СБ Сш

Б Ш Б Ш


Об Ош

О О





- Солтүстік -шығыс, солтүстік- батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік – батыс бағыттарын көрсетіңдер.

- Ал енді жергілікті жерде көкжиек тұстарын қалай анықтау керектігін тексеріп көрелік.

Оқушылар көбіне: а) құмырсқа илеуі арқылы ( құмырсқалар көбіне өз илеулерін ағаштың оңтүстік жағына орналастырады)

ә) Темірқазық жұлдызы арқылы ( оқушылардың Темірқазық жұлдызын қалай табатындығын тексеру қажет). Табу жолдарын айтады.

Сабақтың келесі кезеңінде жұмысты топпен жүргізген абзал.( Интерактивті тақтадан құмырысқа илеуі,жеке ағаш, жылдық сақинаны көрсететін ағаш діңінің кесіндісі,төбе беткейіндегі , үй шатырындағы еріген қар,Темірқазық жұлдызы бейнелері көрінеді).

Әрбір топ берілген тапсырма бойынша көкжиек тұстарын табу жайлы әңгіме құрастырады.

Естеріңізде болсын!

Кей кезде С-Норд, О-З Нейд, Б-Вест, Ш-Ост – деп аталады.

Тапсырма.

( Тапсырма сызбалары интерактивті тақтаға немесе алдарындағы компьютерде шығып тұруы қажет).

Ормандағы кәрі еменнің бұтақтары желдің әсерінен күннің батысына қарай иіледі.Өз тұрағына келе жатқан жорықшы орман ішімен келе жатты.Қарама-қарсыдан соққан жел оның бас киімін жұлып кетпекші болғандықтан,оны үнемі қолымен ұстап жүру керек болды.Біраз қашықтықты жүріп өткен соң, жорықшы-турист солға қарай бұрылып, өзі жүрген жолға перпендикуляр қозғалып,өз жолын әрі қарай жалғастырды.Біраз уақыттан кейін өзінің адасқанын біліп, тоқтап жан-жағын бағдарлай бастады.Қолында тұсбағары жоқ еді.Біраз ойланған жорықшы өзіне-өзі: «Мен неге оңтүстікке қарай жүріп барамын?Лагерь меніңше осы жерден батысқа қарай орналасқан еді ғой »- деді.Сондықтан ол оң жаққа тура 90 ◦ бұрылып,батыс бағыттың осы жақта екеніне күмәні болмағандықтан шешім қабылдады.


-Жорықшы өз жолының бағытын дұрыс тапты ма?( Жел шығыстан батысқа қарай соққан.Жорықшы желге қарсы –шығысқа қарай жүріп,солға қарай бұрылып солтүстікке қарай жүрді.Тағы бір рет оңға бұрылып,батысқа қарай жүрудің орнына шығысқа бағыт алды.Демек жорықшы қателесті).

Жарайсыңдар! Көкжиек тұстарын таба білесіңдер,енді тақтадағы сызбаға көз салыңдар.


- Сендерге ( X- сызбадағы ) темір жол станциясына дейін қылқан жапырақты орманмен өтетін болу керек.Қандай бағытқа қарай қозғалар едіңдер? (Солтүстік шығыс бағытқа)

- Дұрыс дәптерлеріңе осы сызбаны сызып,станцияға қарай және солтүстікке қарайғы бағытты көрсетіңдер ( Тақтаға бір оқушы шығып көрсете алады)

-Бірақ солтүстік шығысқа темір жол көпірі де бар ғой.Қалай қарай баратындарыңды қалай білуге болады? ( Оқулықтан -19-бет) азимут дегеніміз не екенін тауып оқыңдар. ( Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш,ол сағат тілінің айналу бағытымен (0 ◦- 360 ◦ дейін ) анықталады,)

Сызған сызбаларыңнан азимутты көрсетіңдер.

- Азимуттың мәнін транспортирдің көмегімен анықтаңдар.

- Жергілікті жердің планында азимут транспортир арқылы,ал жергілікті жерде тұсбағармен анықталады.

Азимутты жергілікті жердің планы арқылы анықтау.

1.Солтүстік бағытты анықтау.

2.Өзің тұрған жерден ойша солтүстік бағытқа қарай сызық жүргізу.

3.Транспортир арқылы сағат тілінің бойымен мәнін табу.

Топографиялық план бойынша тапсырма

-Сендер 30 ◦ азимутпен қозғалдыңдар,кейін қарай қандай азимутпен қайтып келесіңдер? ( 210 ◦ )

-Топографиялық план бойынша 1,2 объектіге дейінгі азимутты анықтаңдар.

-Сонымен планнан азимутты анықтауды білдік,енді жергілікті жерде тұсбағар арқылы азимутты үйрену қажет.

Тұсбағармен танысу

Алдын ала тапсырма алып дайындалған оқушы әңгімелейді. Тұсбағар ( компас)- магнитті меридиан бағытын көрсететін аспап.Көкжиек жақтарын анықтап, жергілікті жерде азимутты анықтауға көмектеседі. Магнитті тұсбағар Қытайда ойлап табылған.Қытайдың 4000 жыл бұрынғы жазбаларында ақ саздан жасалған қыш құмыралары туралы айтылған.Оны керуеншілер ең қымбат заттардай көздерінің қарашығындай сақтайтын.Ол құмыраларда ағаш қалқымада темірді жақсы көретін қоңыр тас жататын.Ол бұрылу арқылы, үнемі керуеншілерге оңтүстік бағытты көрсетіп отыратын, ол Күн көрінбеген кезде, не жұлдызсыз қараңғы түндерде жолаушыларды көп апаттан құтқарып, құдықтарға жол тауып, дұрыс жолға бағыттайтын.

Біздің эрамыздың басында-ақ Қытай ғалымдары темір инені магниттеу арқылы жасанды магнит жасап шығарды.Тек мың жылдан кейін ғана европалықтар магнитті инені тұсбағарға қолдана бастады.XII ғасырда араб теңізшілері біздер үшін тұсбағар арқылы дәстүрлі бағдарлауды кіргізді.

XIV ғ.басында тұсбағарда шкала ( белгілі бір меже) пайда болды. Итальян шебері Флабио Жиойя қағаз шеңбердің ортасына магнитті бағдаршаны бекітіп,шеңбердің шетіне градус бөліктерін жазып,ортасынан 32 румбаға сәйкес келетін сәулелер жүргізді.Бұл сәулелер аспаптың көмегімен жел бағытын анықтағанда қолайлы бақылау жасауға ыңғайлы болатын.Шеңберге шебер сонымен бірге « Жел кестесін » бейнелейтін сурет салды, ол алыс жерлерге саяхат жасаушыларға эмблема (нысанды белгі) болды.

Румбының суреті 14-бет.( Жер ғаламшарынан алу керек.)

Румб суретіТұсбағармен қалай жұмыс істеу керектігін география мұғалімі өзі түсіндіреді,ал тұсбағар туралы оқушылар өздері оқып алады.( 19- бет,оқулық)

Тұсбағармен жұмыс ережесі.

1.Тұсбағарды тегіс жерге горизонталь қою керек.

2.Тұсбағар бағдаршасы тынышталғанша тоса тұру қажет.

3.Бағдаршаның солтүстік ұшы нөлмен сәйкес келгенше бұру қажет.Осы қалыпта тұсбағарды жұмысқа пайдалануға дайын деп атауға болады.

4.Тұсбағардың үстіне ортасынан бағдарланған затқа бағыттап жіңішке таяқшаны қояды.

5.Азимут солтүстіктен таяқшаға дейін сағат тілінің бағытымен анықталады.

Азимуттарды анықтауға арналған жаттығу

а) Солтүстік бағыт пен телеграф бағаны арасындағы

ә) Солтүстік бағыт пен фабрика арасындағы

б) Солтүстік бағыт пен стадион арасындағы

в) Солтүстік бағыт пен жеке ағаш арасындағы азимуттарды анықтау.

Сурет. Ескі 5 класс 11-бет.

IV.Сабақты бекіту үшін тапсырма.

Суреттегі заттарға байланысты азимутты анықтау.

( Интерактивті тақтаға сурет шығады немесе компьютерде)

-1000 ◦ - Азимут қаншаға тең? ( 280 ◦ )

- Серуен кезінде сендердің тұсбағарларыңның бағдаршасы дамылсыз қозғалып, бір орында тұрмай қойды.Бұл неден болды деп ойлайсыңдар?

( Тұсбағардың бағдаршасы магнит аномолиясы бар жерде тұрақтамай қояды.Аномолияның болу себебі,ол жерде темір қоры болуы мүмкін.Бұл ауданды картаға түсіріп,үйге қайтып келген соң жақын жердегі геологиялық басқармаға хабарлау қажет.Үйге қарай жергілікті белгілерді пайдалана отырып қайтуға болады.

V.Үйге тапсырма

§ 7.Мазмұндап келу.

21 -беттегі 3- тапсырманы дәптерге орындау.




-80%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
План және карта Жергілікті жерді бағдарлау.Азимут. (54.97 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт