Меню
Разработки
Разработки  /  Технология мальчики  /  Уроки  /  6 класс  /  Панно «Нағыз қазақ- домбыра»

Панно «Нағыз қазақ- домбыра»

Қазақтың жазғы жайлауы мен ұлттық саз аспабы домбыра бейнеленген панноны жасау, ағаш өңдеу тәсілдерін үйрену. Әсемдікті сезіну, ою өрнекті бағдарлау дағдырларын қалыптастыру. Балалардың ой қиялының және эстетикалық талғамының арттыруна мүмкіндік жасау. Көркемдік мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

02.01.2018

Содержимое разработки

Мектеп-лицей № 101 Кәсіби бағдарлап білім беру кафедрасы













Шығармашылық жоба

Панно «Нағыз қазақ- домбыра »

(технология)


Орындаған: 9 «Ә» сынып оқушылары

Махмадходжаев Ориф

Тілеуқабыл Серік



Жетекшісі: Молдабаев Т.Ғ.



















Қарағанды 2017 ж


Шығармашылық жоба

Шығармашылық жобаның мақсаты:

Қазақтың жазғы жайлауы мен ұлттық саз аспабы домбыра бейнеленген панноны жасау, ағаш өңдеу тәсілдерін үйрену. Әсемдікті сезіну, ою өрнекті бағдарлау дағдырларын қалыптастыру. Балалардың ой қиялының және эстетикалық талғамының арттыруна мүмкіндік жасау. Көркемдік мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту


Шығармашылық жобаның міндеттері:


  • Жоба бойынша жұмысты жоспарлауға үйрету.

  • Ағашпен таңдалған техника бойынша құралдармен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыны жетілдіру.

  • Панноны көркемдеуде дизайнерлік дағдыларын қалыптастыру .

  • Шығармашылық бастамашылдыққа, өз бетінше әрекет етуге үйрету.

  • Жұмыста қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жұмыс кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру- дайындық кезеңі,

  2. Технологиялық кезең

  3. Қорытынды кезең.


1.Ұйымдастыру- дайындық кезеңі

Тақырыпты таңдауды негіздеу

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойына жинақтаған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз. Ұлттық аспаптардың ішінде қазақтың жүрегіне, жандүниесіне жақыны да домбыра. «Домбыра-қазақ халқының рухымен жаны» -деген нақыл сөз бар. Домбыра асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп, үкі таққан, тас төріне ілген, ең қымбат дүниесі.

Жайлау– жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Іле Алатауы және Тянь-Шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде болды. Қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды.  Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады

Қазақтың тұрмыс салты мен ұлттық аспабын басқа ұлттарға таныстыру үшін, өз халқымның өнерін дәріптеу үшін жайлау мен домбыра бейнеленген панно жасауды ойластырдық.Осы ойымызды жүзеге асыру үшін жетекші ұстазымызбен кеңестім, ұстазымыз осы жұмысты қолға алуға бағыт бағдар берді.

Жобаны орындау кезеңдерінің сызбасы


Тарихи анықтама

Жыл он екі ай — көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстаудеп атаған.
Ертеректе біздің ауыл наурыз, көкек (сәуір), мамыр айларьшда қыстаудан көктеуге көшіп қонып, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп баратын. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізетін. Осы күнгі малшылар да сөйтеді.

Жайлау — қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден тарайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады.
Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті кілем сияқты құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Мұндай атақты жайлаулар Қазақстанда өте көп. Олар — Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б.

Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады. Қар түскен соң қыстауға көшеді.

Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй,терме – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы  және  домбыра күйлері  деп аталады. Домбыра екі, кейде үш  шекті шертіп  немесе  қағып  ойнайтын  музыкалық  аспап  ретінде танымал. Қазақ  жерінін  әр  өлкелерінде тұратын  халық  шеберлері  домбыраны өз қалауынша  әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.

Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады.  Алғашқы кезде перне саны 5-7 дейін болса, кейін 9- 19 дейі жеткен. Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған.

Ертедегі шеберлер жасаған домбыра онша үлкен болмаған ол тоғыз пернелі кейіннен, он төрт пернелі болған. Қазақстанда музыкалық аспаптарды жасауды жетілдіру 1932 жылдан басталды. Домбыралардың 18 пернелілігімен ән айтуға 21 пернелігімен күй тартуға болады.

Домбыра-ішекті музыка аспабы.Ол кебіне ағаштан тұтас ойылып жасалады.Негізінен екі ішекті болып келеді.Ел арасында үш ішекті домбыралар да кезігеді.Домбыра өткен ғасырларда шертер сыбызғы,қылқобыз,шаңқобыз т.б. музыкалық аспаптармен қатар дамыды.

Идеялар қоры

Сыйкәделік домбыраның қай түрін жасайтынымызды анықтау үшін біз бірнеше нұсқасын қарастырдық:







2.Технологиялық кезең


1.Эскизді дайындау, бұйымның түстік шешімі

2.Ағашты дайындау және өңдеу.

3.Суретті ағаш бетінде орналастыру.

4.Cуретті ағаш бетіне көшіру.

5. Бұйымның негізгі және қосымша бөлшектерін кесу.

6. Ағаштың шетттерін тегістеу, бөлшектерін т азалау.

7.Панноны жинау

8.Бояу, лактау





Бұйымды жасау технологиясы.

Домбыраның жасалу технологиясының толық меңгеріп, жұмыс барысында қателіктер жібермеу үшін, оның технологиялық картасын жасадық. Технологиялық картада домбырана жасау технологиясы толық көрсетілген.













Экономикалық есеп.



Атауы

саны,

құны

и/и


метражы


1

Фанера № 4

150х150см.

28х20см.

165 тг.

2

Фанера № 6

150х150см.

30х30см.

200 тг.

3

Егеу құм қағаз

1 бумасы – 5 парақ.

50 тг.

4

Көшіргі қағаз

1 бумасы– 20 парақ.

10 тг.

5

Жапсырма шеге


1 бумасы – 50 дана.

10 тг.

6

Лобзикке арналған ара

1 жинақ-10 шт.

60 тг.

7

Гуашь

12 түс

80 тг.

8

Клей «АТЛАНТ»

Сықпа көлемі 0,25

75 тг.

9

Лак «АК - 199»

көлемі 0.5 литр

150 тг.

10

қылқалам

1 дана

50 тг.


барлығы


850 тг


Экологиялық бағалау

Біздің бұйымымыз экологиялық табиғи, айналаның экологиялық жағдайына, қоршаған ортаға зияны жоқ материалдардан жасалған.


Қорытынды кезең


Жобамен жұмыс істеу барысында біз өте мол жағымды эмоция алдық. Алғаш рет бұйымның жобасын жасадық; жұмысқа деген жауапкершілігіміз артты; жұмыс уақытымызды үнемді пайдалан білуді үйрендік; бұйымның жекелеген бөлшектеріне шығармашылық тұрғысынан қарауды үйрендік.

Өз қолымызбен жасалған кез келген бұйым бұл үздік болмасада біз үшін қайталанбас туынды.


7



-75%
Курсы повышения квалификации

Теория и методика преподавания технологии в условиях реализации ФГОС ОО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Панно «Нағыз қазақ- домбыра» (818 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт