Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  4 класс  /  Өзін - өзі танудан: "Құрметтей білеік"

Өзін - өзі танудан: "Құрметтей білеік"

Өзін өзі тану пәнінен Сабақтың тақырыбы: "Құрметтей білейік"

07.11.2017

Содержимое разработки



Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласы

Құрманғазы Сағырбайұлы

атындағы жалпы орта мектебі









Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы:



«Құрметтей білейік»





















2017-2018 оқу жылы





Күні: Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы Сабақтың тақырыбы: «Құрметтей білейік» Құндылық: Ақиқат, құрмет, сыйластық. Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б Мұғалім: Г.Абуева Сынып: 4 «в» Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

Жаңа сабақты түсіндіру, үлкенге құрмет көрсетуге итермелеу.

Білімділігі: құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылығы: ізетті қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілігі: үлкендерді құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, дәйексөз, маркер, ақ қағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару.

б) Тыныштық сәті

- Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз... Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар... Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен»,-деп қарайды. Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір, екі, үш » деп, бұрынғы қалпымызға келейік.









Оқушылар көңіл - күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру





Дәйексөзге тоқталу

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый»

М.Әуезов

1. Дәйексөз туралы өз жеке көзкарастарын айтқызып, тұжырымдарын жасату. 2.Жұмыс дәптерге жаздыру.


Жаңа ақпарат «Адамның адамгершілігі үлкенді сыйлау, адамдарды ардақтау, елі мен жерін, ана тілін құрметтей білуінен танылады».


Әңгімелесу мәтінді сахналап құрып көрсету.

«Төле би»

аңыз

«Үш пайғамбар» кітабынан

  • Данагүл адамдарға қандай құрмет көрсетті?

  • Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасындар?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Шығармашылық жұмыс:

Кімдерді құрметтеу керек?












Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Топпен ән айту

Бала тілегі

Сөзін жазған: С.Молдасанұлы Әнін жазған: Ф.Жолдасова

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.


Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту


Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.


Оқушылар көздерін жұмып демалады.

Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева































-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Өзін - өзі танудан: "Құрметтей білеік" (47.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт