Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  5 класс  /  Өзін - өзі тану Сабақтың тақырыбы: "Адамның жан сұлулығы"

Өзін - өзі тану Сабақтың тақырыбы: "Адамның жан сұлулығы"

Өзін өзі тану Сабақтың тақырыбы: Адамның жан сұлулығы

11.12.2017

Содержимое разработки


Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі








Өзін-өзі тану

Сабақ тақырыбы:

«Адамның жан сұлулығы»











Орындаған: Тұңғышбаева Перизат

Сынып: 5 «А»












2017 жыл



Сабақ тақырыбы:Адамның жан сұлулығы



5-т ұстанымдарын еске түсіру

1-тәртіп

2-талап

3-тыныштық

4-тазалық

5-татулық


Тыныштық сәті:

«Нұрға бөлену»

- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.

Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Үй тапсырмасы

Оқулықтың 17-бетіндегі берілген А.Л.Бжисканың «Сұлулық сыры» әңгімесін оқып келу берілген.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Бейбітті қандай ой толғандырды?

2.Бейбіт бос уақытын қайда өткізетін еді?

3.Бейбіт Мақсұт ағайының берген ақылынан қандай ой түйді?

4.Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер кездеседі?

5.Балалар адамның жан сұлулығын қандай құндылыққа жатқызамыз?

слайда 4

Дәйексөз

«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек» /Виктор Гюго/ Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?


Мұғалімнің сыйы

Алтын шекілдеуік

(Ы.Алтынсарин)

Лена қандай жеміске қызықты?

2.Неге Ленаның таңдауы дұрыс болмады?

3. Ленаның атасы қандай кеңес берді?

4. Адамның асылы ішінде болу үшін қандай қасиеттер мен құндылық болу қажет?

5.Қасында отырған сыныптасының бойындағы қасиеттерін ата.

Ол қандай сұлулық түріне жатқызылады?


Шығармашылық жұмыс

1-топ

Әр жаңбыр тамшысына «Адамның жанын сұлуландыратын» қасиеттерді жазыңдар

2-топ «Адамның жан сұлулығы» тақырыбына өмірдегі жағдаятардан мысал келтіріңдер

3-топ «Адамның жан сұлулығы» тақырыбына эссе жазу 4- топ «Мен қайырымды баламын»

4 жол өлең құрастыру

Топпен ән айту

Бала тілегі

Бал-балалық балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел достарым әндетіңдер ,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жерді түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген бата менен көркейсін,

Ұлы отаным тілегім сол менің де.


Үйге тапсырма:

5-сабақ 28-бет Л.Воронкова «Қуаныш» мәтінін оқып келу.

Адам жанының сұлулығы жайлы мақал – мәтелдер жазып келіндер

Назарларыңызға рахмет!



-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Өзін - өзі тану Сабақтың тақырыбы: "Адамның жан сұлулығы" (43 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт