Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Уроки  /  11 класс  /  Открытый урок по теме: "Электропривод"

Открытый урок по теме: "Электропривод"

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Электр жетек негіздері

Тақырыбы: Электр қозғалтқышы және оны жөндеу

Мамандығы: 1302000 – «Автоматтандыру және басқару»

Курс: ә

Дайындаған: Арнайы пән оқытушысы Нурекешова Алмагуль Бадыбаевна

27.03.2018

Содержимое разработки

«Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК




«БЕКІТЕМІН»

Маңғыстау энергетикалық

колледжі директоры

Б.Т.Ибраев

« » 2017 жыл







АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пәні: Электр жетек негіздері

Тақырыбы: Электр қозғалтқышы және оны жөндеу

Мамандығы: 1302000 – «Автоматтандыру және басқару»

Курс: ә

Дайындаған: Арнайы пән оқытушысы Нурекешова Алмагуль Бадыбаевна























Ақтау – 2018


Пәні: Электр жетек негіздері

Өткізілетін оқу тобы: 2 курс АжБ-21 1302000 – «Автоматтандыру және басқару»

Өткізілетін мерзімі: 10 наурыз 2018 жыл


Сабақтың тақырыбы: Электр қозғалтқышы және оны жөндеу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: білім алушыларға электр қозғалтқышы, атқаратын қызметі және оны жөндеу туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: білім алушылардың ой өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға, өзін - өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру.
3. Тәрбиелік: білім алушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап, ақпараттық технология, симулятор ойын

Пәнаралық байланыс: физика, электрлік машиналар және трансформаторлар, электротехниканың теориялық негіздері және т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Электр қозғалтқышы және оны жөндеу тақырыбына презентация, суреттер, интер белсенді тақта, компьютерлер

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу және сынып тазалығына көңіл бөлу. (2 мин)
2. Өткенді қайталау; (12 мин)
3. Жаңа сабақты түсіндіру. (15мин)
4. Жаңа сабақты бекіту. ( симулятор ойыны арқылы электр қозғалтқышты жөндеу). (12 мин)
5. Сабақты қорытындылау.(1 мин)
6. Оқушыларды бағалау.(2 мин)
7. Үйге тапсырма.(1 мин)


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: 

Сұрақ - жауап арқылы сұрақтар беріп білімдерін тексеру.

1. Электр машиналары дегеніміз не?

(Электр машиналары механикалық энергияны электр энергиясына немесе керісінше, электр энергиясын механикалық энергияға айналдырады)

2. Электр машиналарының жумыс істеу принципі неге негіделген?

(Электр машиналарының жумыс істеу принципі электрмагниттік индукция мен электрмагниттік күштер заңын пайдалануға негізделген )

3. Электр машиналарының түрлері?

(Тұрақты тоқ машиналары және айнымалы тоқ машиналары)

4. Генератор дегеніміз не?

(Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина)

5. Электр қозғалтқыштары дегеніміз не?
(Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын машина)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Электр қозғалтқышы және оны жөндеу.

Электр қозғалтқышы – электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруге арналған машина. Оның тұрақты және айнымалы тоққа арналған түрлері бар.Айналыс жиілігін тиімді әрі бір қалыпты етіп реттей алатындығы тұрақты токқа арналған электр қозғалтқыштарының артықшылығы болып есептеледі. Айнымалы токтың электр қозғалтқышына синхронды электр қозғалтқышы (айналыс жиілігі қоректенетін ток жиілігіне байланысты болатын электр қозғалтқышы), асинхронды электр қозғалтқышы (жүктеме шамасы артқанда айналыс жиілігі кемитн электр қозғалтқышы)және коллекторлы элекетр қозғалтқыш.Тәжірибеде асинхронды электр қозғалтқыш кең тараған. Мұндай қозғалтқыштың құрылысы қарапайым,жүмысы сенімді болып келеді. Асинхронды электр қозғалтқыштың негізгі кемшілігі; реактивті қуатты көп пайдаланады. Айналыс жиілігін бірқалыпты етіп өзгерту қажет болған жағдайда тұрақты токтың электр қозғалтқышы кейде айлымалы тоқтың коллекторлы электр қозғалтқышы пайдаланылады. Электр қозғалтқышының қуаты ваттың ондық үлесін ондаған Мвт-қа дейін жетеді.Электр қозғалтқыштар өнеркәсіпте көлікте тұрмыста тағы басқа салаларда кеңінен қолданады.

Электр қозғалтқыштары сонымен қатар асинхронды және синхронды болып бөлінеді.

Электр қозғалтқыштарының ішіндегі ең көп тарағаны – белгілі орыс электригі М.О. Доливо-Добровольский жасаған үш фазалы асинхронды қозғалтқыш болып табылады. Асинхронды қозғалтқыш құрылысының қарапайымдылығымен және пайдалануға ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Айнымалы тоқтың кез келген машинасы сияқты асинхронды қозғалтқышта басты екі бөліктен: статор және ротордан тұрады. Машинаның қозғалмайтын бөлігі статор, ал қозғалмалы бөлігі ротор деп аталады.

IV. Жаңа материалды бекіту 

Симуляторлық ойындарды сабақта пайдалану технологиясы: «электр қозғалтқышы және оны жөндеу» тақырыбындағы сабақтың жүзеге асуы

Симулятор дегеніміз - шын өмірдегі қандай да бір құрал не техниканы, технологияны дәлме-дәл тек виртуал деңгейде қайталайтын ойын немесе жабдықты айтамыз. Көбінесе қайталанатын құралдар қымбат немесе өте сирек жасалатын заттар болып табылады. Мысалы, зымырандар, ұшақтар, су асты кемелері, хирургиялық жабдықтар және т.б. Ғарышкерлер ғарышқа ұшуды үйрену үшін бірнеше рет ғарышқа ұша алмайды. Олар ғарышқа ұшпастан бұрын бірнеше жылдар бойы симулятор кабиналарда дайындалады. Ол симулятор кабиналар ғарыштағы жағдайларды қайталайды. Шарттар мен жағдайлар компьютерлік бағдарламалар арқылы беріліп отырады. Мысалы температура, қысым жағармай көлемі және т.б.

Симуляторларда дайындалу маманның кәсіби шеберлігін дамытады, өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, ақша үнемдейтіні сірә да белгілі.

Сол сияқты кейде біз студентеріміздің барлығын тәжірибеде жұмыс жасауы тиіс құралдармен қамтамасыз ете алмай жатамыз. Әсіресе, техникалық мамандықтардың көптеген құралдар оқу орнында тек 1-2 дана болуы, кейде тіпті болмауы да мүмкін.

«Электр қозғалтқышының құрылымы және оны жөндеу» тақырыбын өткенде студенттердің әрқайсысы электр қозғалтқышының құрылымын көріп, жұмыс жасауын ұққаны жөн. Олай болса сабақтың теориялық бөлімін түсіндіріп болғаннан соң, мен оқушыларға компьютерлік сыныпта төмендегі сайттағы өз қолымен виртуал электр қозғалтқыш жинайтын ойынды ойнауға шақырамын. «Смартфон заманының» жастарының көңілінен бұл ойынның шығатыны анық.

Сайт «Ең мықты электр қозғалтқышыңды жина!» деп мақсат тастайды.

Ең әуелі біз теориялық бөлімде танысқан электр қозғалтқышынң құрылымымен орыс тілінде танысамыз. Бұл өз кезегінде ойынға кіріспестен бұрын, теорияны қайталауға, ұғуға шақырады.



Қозғалтқыштың бөлімін таңдаған сайын ойын бізге сол жерді сары түспен белгілеп,ол туралы қысқаша ақпарат береді. Оған 5-10 минут арнай отырып біз ең қызықты ойынға кірісеміз.


Ойынды бастайық!Алғашында бізде 2000 ұпай болады. Біз сол ұпайдың шегінде электр қозғалтқышын жинап шығуымыз керек.

я

Бірінші қозғалтқыш түрін таңдаймыз. 6 цилиндрлі түрін таңдасақ, бізден 400 ұпай алынады. Сәйкесінше қуаты да жоғары болады. Одан соң поршеньді топты, газ таратушы механизмді, таратушы валдарды, үрлеу жүйесін, шығу жүйесін, кіру жүйесін, қоректендіру жүйесін таңдаймыз.

Ал құрметті әріптестер, сіздер де өздеріңіздің ұпайларыңызды пайдалана отырып, өз электр қозғалтқыштарыңызды құрастырыңыздар! Нәтижесінде кімде қандай қуатты электр қозғалтқышы жиналғанын салыстырайық!

Ал енді ақаулар және оны жөндеу туралы айтар болсақ, ол тақырыптың да теориялық түсіндірмеден соң, «Engine repair» яғни «Қозғалтқышты жөндеуші» ойынын студенттерге смартфондарына немесе үйлеріндегі планшеттеріне жүктеп алып, танысуға кеңес беремін. «Car mechanic Simulator»ойыны тек компьютерге арналған өте керемет симулятор ойынын жүктеп алып, электр қозғалтықын жөндеуге тапсырма беремін.

Әрине, құрметті әріптестер, бұл симуляторлық ойындар дәстүрлі оқыту жүйесіндегі макетпен жұмыс, теориялық білімді тексеру сынды әдістердің орнын баса алмайды. Алайда оларды толықтырып, «компьютермен, телефонмен дос» жастардың материалды толық меңгеруіне, қызығушылық танытып,тіпті бос уақытында материалмен тікелей не жанама байланыста болуына көмектесетіні сөзсіз.

Сөз соңында ізденіп қарасақ, мұндай симулятор ойындардың физика, химия және биология салаларына қатысты сабақтарға қатысты түрлерінің көптігін айтқым келеді. Бұл ойындардың әзірше тек орыс, ағылшын тілінде болуы тіпті техникалық атаулардың үш тілдегі аудармаларын біліп, оқушылардың кругозорларын дамытуға да үлес қосатыны анық.

VI. Қорытынды 

а) Бағалау

VII. Үйге тапсырма

Қозғалтқыштың 2 немесе 4 цилиндрлі түрлерін таңдап, нәтежиесінде кімде қандай қуатты электр қозғалтқышы жиналғанын салыстырамыз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ж.Жәнібеков, Б.Дурманов, Б.Тобжанова «Электромонтер», «Фолиант» баспасы, 2010

  2. Хожин Г.Х. «Электрстанция жабдықтарын пайдалану, пайдалану және реттеу» Алматы, АЭЖБИ,2005

  3. http://mobil1.motor.ru/

  4. Симулятор ойындар





-80%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Открытый урок по теме: "Электропривод" (2.52 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт