Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  4 класс  /  Отбасылық сайыс

Отбасылық сайыс

Тұңғыш Президент күніне орай сайыстың жүрісі

22.12.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» атты отбасылар сайысы
Мақсаты: Ата - ана мен мектеп, бала арасындағы сыйластықты, ауызбіршілікті, жауаптылықты, ұйымдастырушылықты қалыптастыру. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңайма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар бүгінгі 9 - шы қыркүйек Отбасы күніне арналған «Әкем , анам және мен» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!

Сөз: мектеп директоры Титанов Қайрат Үсенұлына беріледі.

Ән: «Алға Қазақстан» Орындайтын: Нурбай Жасулан
Сайысқа қатысқан отбасылармен таныс болыңыздар: 1.Баженовтер отбасы 2.Боранбаевтар отбасы 3.Қуатбаевтар отбасы 4.Мукановтар отбасы 5.Телесиновтер отбасы 6. Шамильовтер отбасы 7.Елубаевтар отбасы 8.Искендировтер отбасы 9.Мықтыбаевтар отбасы 10.Жолдасбаевтар отбасы 11.Муратовтар отбасы.


Жүргізуші:
Тәлім тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы жарқын болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі берік күші. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
Енді сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Әділқазы мүшелері құрамына дене тәрбиесінің мұғалімдері:


1. Хангельдиев Сабит Мамутович

2. Янтудина Гулмира Ержановна

3. Турбаев Майлыбай

Спорттық сайысымыз 1-2-3-4-5- балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың негізгі шарттары:
1. Эстафета таяқшамен жүгіру. (әр отбасы мүшелері таяқшаны келесі адамға беру арқылы сап бойынша отбасын жинайды)
2. Қап арқылы жүгіру. (әр отбасы қап арқылы межелеген жерден айналып келіп, келесі адамға қапты кигізеді)
3. Обруч арқылы жүгіру. (екі обручты алма кезек алмастырып секіру арқылы межелеген жерден айналып өтіп келесі адамға береді)
4. Дротик. (әр адам бір орнында тұрып көздеп лақтырады)
5. Арқан тарту. (екі отбасы арқан тартысады, тағы екі отбасы да солай арқан тартысады содан кейін жеңілген отбасылар арқанды қайта тартысады. Осылай қайта екі жеңген отбасылар тартысып біреуі жеңімпаз болады)
6. Отбасымен топтасып жүгіру. ( бір адам жүгіріп келіп кеінші адамды өзінің белінен ұстатып паровоз сияқты жалғап бәрі бірге жүгіріп қайтып келеді)
Сайыста ең бастысы қойылатын талап отбасындағы әкесі, анасы, балалары спорттық киім киюі қажет.
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз!
Сайыста ең бастысы қойылатын талап отбасындағы әкесі, анасы, балалары спорттық киім киюі қажет.
Жүргізуші: Сайыс соңында әділқазылар ойынның шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап қатысушыларға төмендегідей орындарды атап көрсетті.

1. Қуатбаевтар отбасы - 1орын
2. Баженовтер отбасы - 2орын
3. Телесиновтер отбасы - 3орын

4. Шамильовтер отбасы -3орын
5. Муратовтар отбасы - 3орынға ие болды, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет!


















Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастыырылған спорттық эстафеталық жарыстың ақпарламасы

9-қыркүйек Отбасы күні және денсаулық фестиваліне орай отбасылық эстафеталық жарыс өтті. Елбасының Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Қазақстанның Отбасы күні. Бұл мереке біздің мектебімізде жалғасын тапты. «Әкем, анам және мен – тату отбасы» атты спорттық эстафетасының негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің бірлігін, ұйымшылдық, сыйластық, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата – ана мен бала, мектеп арасындағы байланысты нығайту. Сайысқа бастауыш сыныптың он отбасы қатысты. Олар: Баженовтер отбасы, Боранбаевтар отбасы, Қуатбаевтар отбасы, Мукановтар отбасы, Телесиновтер отбасы, Шамильовтер отбасы, Елубаевтар отбасы, Искендировтер отбасы, Мықтыбаевтар отбасы, Жолдасбаевтар отбасы. Сайыс сегіз турдан өтті. Әрбір отбасы мүшелері сайыстың турларына бірлігін, татулықтарын көрсетті. Әділ қазылар алқасының шешімімен сайысқа қатысушы отбасылар арасынан бірінші жүлделі орынды - Қуатбаевтар отбасы. екінші жүлделі орынды – Искендеровтер отбасы, Баженовтер отбасы. үшінші жүлделі орынды – Шамильовтер отбасы, Телесиновтер отбасы, Мұратовтар отбасы иеленді. Олар медальдар мен арнайы дипломдармен марапатталды.Шара соңында ата – аналар мектеп ұжымы мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» демекші, салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіп, болашақтары нұрлы болғай!



-80%
Курсы дополнительного образования

Ландшафтный дизайн

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Отбасылық сайыс (251.43 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели