Тақырыбы: Отбасы жарастығы
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты : Балаларға отбасындағы жарастық туралы түсінік бере
отырып, сүйіспеншілік құнды сезім екенінің мәнін
ұғындыру
Міндеттері:
- отбасы жарастығы , татулығы туралы түсінік қалыптастыру
- отбасында жағымды қарысм-қатынас жасау іскерліктерін
дамыту
- өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Түрі: Аралас
Әдіс –тәсілдер : әңгіме , сұрақ-жауап, шығармашылық , ойын,
Көрнекі –құралдар : үнтаспа , оқулық, жүрекшенің үлгісі, слайдтар
Шаттық шеңбері
Шаттық шеңбері : Оқушылар шеңбер құрып тұрады. . - Балалар, бүгін сендер сондай әдемісіңдер, мен сендерді
көргеніме қуаныштымын. Мен барлығыңды жанымдай, бауырымдай жақсы көремін.
-Біз бүгінгі сабақта отбасы жарастығы туралы әңгімелесеміз. Әрбірің өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып шығыңдар.
М. Қуанышбеков.өлеңін оқу. Анаң-күнің жүрегің, Әкең -өмір тірегің. Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын. Әжең- асыл ардағың, Атаң- дана қорғаның Сен бақытты ұлансың, бәрі саған қуансын. Ағаң –қамқор асқарың, Інің- мөлдір аспаның. Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын .
Отан отбасынан басталады. Ал, отбасы неден басталады?
Отанға деген ыстық сезімнен, жақындарына , туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы .
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
Отбасы татулығы
Аңыз әңгіме
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар
саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Олар отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таңды қалдырады. Оларды ұрыс-керіс дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған.
Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік» деп қағазға мұқият қағазға жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалады.
-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қояды.
Сұрақтар.
1. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет?
2. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме?
Дәйек сөз
«Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің»
Ата-ана –туралы қандай дана сөздербі
білесіңдер?
Жаңа ақпарат.
Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.
Мақалдың жалғасын тап.
1топ
1.Атаға қарап-...
Анаға қарап-...
2.Ананың көңілі балада,...
3.Ата-ананың қадірін ...
4.Атаның баласы болма ...
5.Анаңа ауыр .....
2 топ
1.Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас. 2.Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы. 3.Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет. 4.Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал. 5.Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда .
3топ
1.Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. 2.Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа!
3.Ұядан не көрсе,...
4.Ағайын — алтау, Ана — біреу. 5.Ақ жаулығы ананың — Ақ көрпесі баланың.
Түйіндеме
- Отбасы – сүйіспеншілікті сезіне білуге үйретеді жақсылыққа жетелейді
- үлкендерді құрметтеуге , кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді
Қорытынды:
Көзімізді жұмып: өтке тақырыпты музыка әуенімен елестету.
Балалар ,бүгін біз не жайлы әңгімелестік?
Сабақ сендерге ұнадыма?
«Жүректен –жүрекке» шеңберіне шақырамын.Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін «Әкем -әнім» әнін айтумен жалғастырып сабақты аяқтайды.


Отбасы жарастығы (175.7 KB)

