Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Отбасы - тәрбие бастауы

Отбасы - тәрбие бастауы

оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

24.12.2017

Содержимое разработки


Тақырыбы: «Отбасы – тәрбие бастауы»

Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру.

Көрнекіліктері: слайд, отбасы туралы, ана, әке туралы нақыл сөздер, мақалдар мен суреттер.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру

Психологиялық сәт. «Еркелету» жылулық шеңбері. (ата-аналарыңның өздеріңді еркелеткен сөздерін айту)

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үштағаны іспеттес.

- Оқушылар, отбасы дегенде көз алдарыңа не елестейді?

- (оқушылардың жауабы тыңдалады)

Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.

Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар Аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл Ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты Ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, Ана құшағы ғана. (Қыз балалар аналары туралы айтады).

Бала үшін әкенің де орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. (Ер балалар әкелері туралы айтады).

«Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.

Ойқозғау.

Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан тұтасыздар? Соларды атап өтсеңіздер.

Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып, бақытты өмір сүруі үшін қандай

болуларың керек?

Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балалрды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала- солардан».


Топтастыру

О Т Б А С Ы

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.


Топпен жұмыс.

Сыныпты екі топқа бөлу. Екі топқа А3 форматтағы қағаздар, маркер, фломастер, бояулар беріледі. Екі топқа «Отбасы бақыты» тақырыбын демонстрациялау арқылы көрсету тапсырылады. Уақыт регламенті – 10 минут. Кейін екі топ кезегі мен өз жұмыстарын қорғайды.

Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы.

 Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.


Отбасылық галерея

Қоғамдық тәрбие отбасынан басталады, әсерлеп айтқанда, әуелі отбасында тамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп шығады.

Оқушыларға алдын-ала отбасымен түскен (мерекеде, туған күнде, саябақта) фотосуреттерін алып келу тапсырылды. Сол фото суреттерден көрме ұйымдастыру.


Ертеде бір кісі балалы болып, баласы алты ай толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан: «Егер балаң алты айлық болса, онда сен тәрбиелеуді бастауға алты айға кешігіпсің» - деген екен.

Кейде кейбір ата-аналар баласы кішкентай кезінде дегенін беріп, айтқанына көніп, «Өскенде өзі-ақ біледіге» салынып, кейіннен тәрбиеде жіберген қателігін кеш түсініп, опық жеп жатады.

Ситуациялық сұрақтар
«Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік...
Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?

Суреттерден мақал құрау

Оқушыларға қиылған суреттер тарату. Олар суреттерді құрастыруы керек. Осы суреттерге байланысты мақал шығару.

«Әке – асқар тау, ана – ағып жатқан бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген мақал шығу керек.

Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.

Қорытынды.

Әке, Ана – үш-ақ әріп тіршілік, Үш әріптен үлбірейді гүл шығып... . Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Ата-аналарымызды сыйлап, құрметтейік. Олар мақтан тұтатындай етіп өмір сүрейік. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғысым шексіз.

-70%
Курсы повышения квалификации

Методы решения функциональных уравнений и неравенств

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1200 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Отбасы - тәрбие бастауы (254.29 KB)