«!Отбасы ,бала, балабақша!»
Ата –аналардың бала тәрбиесіне көзқарастарын өзгерту және балабақша арасындағы тығыз қарым- қарым қатынасты нығайту, өзара тәжірибие алмасу мақсатында «Қызғалдақ» тобында ата –аналармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бала «ұяда не көрсе ,ұшқанда соны іледі», демекші, дені сау бала тәрбиелеу отбасымен мектепке дейінгі мекеменің басты міндеті болып табылады. Осы тақырып бойынша баяндама оқылды. Дөңгелек үстел бірнеше кезеңдерден тұрды. Пікірталас кезеңінде аналар белсеңділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Сұрақ жауапқа келгенде әрқайсысы балаға дұрыс тәрбие беру жолдарын айтып өтті. Венн диаграммасында ,отбасы мен балабақшаның ұқсастықтарын жарыса жазды. Соңғы болған жағдаят кезеңінде бала өмірінде отбасыдан кейін ,балабақшаның маңызын және қандай орын алатының аналар түсінгендей болды. Дөңгелек үстел соңында сауалнамалар таратылып, ата -аналар шынайы жауаптарын жазып, балабақша қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Біз баланың отбасында алған тәрбиесін толықтырып, бағыт бағдар береміз. Отбасы мен балабақша бірлесіп, болашағы жарқын , тәрбиелі ұрпақ тәрбиелейміз!
Сабитбекова Айшолпан Ерланқызы
«Балапан» балабақшасының тәрбиешісі

«Отбасы,бала, балабақша!» (15.85 KB)

