Агрономия орта мектебі

Андриановка ауылы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз елін, жерін сүюге, құрметпен
қарауға баулу, сөздік қорын, тіл
байлықтарын дамыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Көрнекілігі: шарлар,тақтаға жазылған мақалдар,
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ. Негізгі бөлім.
Үлкен Отанның ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар.Бұл оның кішкене Отаны. Осындай кішкентай Отандардан үлкен, кең Отан шығады. Ол сенің Отаның.
Отан адам үшін біреу ғана.Отанды – анаға теңейді.Себебі Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды сүйеміз.Отанды сүю деген, қиындықта да,қуанышта да онымен бірге болу.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Біздің Отанның астанасы қалай аталады?
Мемлекеттік белгілерді ата.
Ту, елтаңба, әнұран - әлемдегі әрбір мемлекеттің рәміздері болып табылады.
Елтаңба – біздің көпұлтты мемлекетімізде өмір сүретін барлық халықтардың бірлігін білдіреді.
Отан туралы өлеңдерді оқу.
Чингиз: Отан – жерім,Отан – суым,
Отан қуат,нәр береді.
Отан – ұран,Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Мәдина: Отан – сенің ата – анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең,астанаң,
Отан – аудан,ауылың.
Таңшолпан: Отан – тарих,Отан – тіл,
Жасаған елің,ер халқың.
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Біздің Отанымыз, Отан анамыз - Қазақстан Республикасы. Біздің бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Біз де осында тудық, ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Қазақстан – біздің Отан анамыз, бізді нанымен, суымен асырайды. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа елдер, мемлекеттер көп. Бірақ ана әр адамда біреу-ақ, ендеше Отан-ана да ол үшін біреу ғана.
Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Сол себепті бұрын біздің елімізді «дала өлкесі » деген. Жеріміз соншалықты бай және алуан түрлі: таулардан буырқанып сулар ағады, бетіне соры шығып жатқан тақырлар айнадай жарқыраған көлдермен алмасады, суы мол өзендер толқи ағып келеді де құмға сіңіп жоқ болады.
Ұлы Отанымыз қандай тамаша! Оның ұшы- қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарқанын ақ нанға толтыратын егістігі, суы мөлдір өзендері, шағын ауылдары мен алып қалалары бәрі-бәрі кімді болсын таңқалдырады. Әрине, сен осындай Отаның болғанын мақтан тұтасың.
Тақтадағы Отан туралы мақал-мәтелдердің мән-мағынасын ашу, сұрақтарға жауап беру.
.
ІІІ. Қорытынды.
Өз Отаныңның қандай әдемі жерлерін білесің?


Отан не үшін қажет? (35.5 KB)

