Меню
Разработки
Разработки  /  ОБЖ  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  От - тілсіз жау! (Психологиялық тренинг)

От - тілсіз жау! (Психологиялық тренинг)

Мақсаты:балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

07.06.2017

Содержимое разработки

ҚМҚК № 31 «Балапан» бөбекжай балабақшасы















Тақырыбы: От - тілсіз жау!

(Психологиялық тренинг)





Өткізген: Оразәлі Г.М.

Педагог-психолог














Сәтбаев қаласы, 2017жыл

Тақырыбы: От - тілсіз жау! 
Мақсаты:балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу. 
Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім, қызыл,көк лента, телефон, т.б. суреттер, бейне көрсетілім.
Әрекет кезеңдері: Психологтың іс-әректі, Балалардың іс-әрекеті 

Күтілетін нәтеже: 
Болу керек:. Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға 
Білу керек: Өрт пен ойнамауға 
Баланыңың қолынан келуі: Сұраққа-жауап,ойынды қызыға ойнау. Психологиялық көңіл күй.
Мотивациялық  қозғаушы :

Балалар шеңбер бойына тұрып, шаттық шеңберін орындайды. 

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Жарқырап күнде ашылды.

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!.


Психолог: Балалар біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білеміз. Бүгінгі тренингті бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады.

Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз. 

Балалар қазір біз өрт сөндіру бекетіне қонаққа барамыз. Ол жерде өрт болған жағдайда не істеу керектігін көріп өрт қауіпсіздігі туралы көптеген мағұлматтар білетін боламыз. Қане бәріміз ұшаққа отырып, өрт сөндіру бекетіне қарай ұшайық.


Ойын: Ұшақ пен ұшқыш

Ойынның шарты: Баллар тез тез орындықтарын бірінің артына бірін қойып, Ұшқышты сайлап, ұшуға дайындалып отырады. Ұшқыш ұштық дегенде балалар ұшқыштың қимылын қайталап қолдарын екі жаққа созып ауада қалқығандай әсерде болады. Өрт сөндіру бекетіне жеткенде біз жеттік деп ойынды аяқтайды.


Психолог: Міне балалар біз өрт сөндіру бекетіне жеттік. (Өрт сөндіру заттарымен танысу)

«Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі) 
Өрттің шығу себептері:

1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса; 
2.Шырпымен ойнаса; 
3.Үтікті қосып кетіп қалса; 
4.Газды ашық қалдырып кетсе; 
Өрт қауіпсіздігін білу- әр баланың міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте балалар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізеді. 

Психолог: Олай болса, балалар мен сендермен «Қателеспе» деген ойын ойнайық.  

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды алыңдар. отта жанатын заттарды айтқанда жасыл түсті жоғары көтереміз, отта жанбайтын заттар айтылғанда қызыл түсті көтереміз.

Сөздер: қағаз, терезе, жапқыш, дәптер, киімдер, жиһаздар, шөптер, бензин, жапырақтар, ағаштар, кітаптар, шеге, әйнек, қасық, металл, мұз, қар, тас, су.

Қимылды ойын: «От пен су»

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірі қызыл лентаны тағып, от болып қашады. Ал көк лента таққан балалар су болып қуалайды. Ойын 2-3 рет қайталанады. ПсихологЖарайсыңдар, балалар! Ойынды тамаша ойнадыңдар. Тағы да бір ойынға кезек берейік.

Психолог: Балалар сендермен тағы да бір ойын ойнап, от, өрт туралы қаншалықты білетіндеріңді тексерсем деймін.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

  • Өрт сөндіретін адамды қалай атайды? (өрт сөндіруші)

  • Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар? (олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді)

  • Олардың жүмысы қандай? (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)

  • Өрт сөндірушілер қандай болу керек? (батыл, өжет, щапшаң, епті)

  • Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткені өрт кезінде адамдарды, т.б. қүтқарады)

  • Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек? (101)

  • Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлүматтар беру керек? (не болғанын, мекен - жайын айту).

Қимылды ойын:

1 тапсырма:

Сендер бір-бірден телефон аппаратына дейіе жылдам жүгіріп барып,101 номерін тересіңдер және кері жүгіріп келесі тұрған баланың қолынан ұстау керек.Бұл бала эстафетаны жалғастырады.Осылайша топтың соңғы баласына дейін ойын осылай жалғаса береді. 

2 тапсырма: 

Ал,балалар,жарайсыңдар,сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар.Өрт шыққан кезде 101 номеріне хабарлау қажеттігін білдік,ал енді телефон соққаннан кейін өрт болып жатқан жердің нақты мекен-жайын,өзіміздің аты-жөнімізді және не өртеніп жатқанын жылдам айтуымыз керек.Мұнда уақыт есепке алынады.Әр топтың балалары телефонға неғұрлым жылдам жүгіріп келіп,тұтқаны көтеріп,қатты дауыстап өрт болып жатқан жердің мекен-жайын,өзінің аты-жөнін және не өртеніп жатқанын үш рет қайталап айтуы керек.Осыдан кейін уақыт тоқтатылады. 
Сонымен,дайынбыз ба?Ұмытпаңдар,сендер неғұрлым неғұрлым жылдам әрі дәл мәліметті айтсаңдар,өрт сөндірушілер оқиға орнына соғұрлым тез жетеді.

Дидақтикалық ойын: Кім жылдам

Ойынның шарты: Екі балаға өрт қауіпсіздігіне байланысты екі мазайканы тез тез құрастырып шығып, оны түсіндіру қажет.


Жағдаяттық сұрақтар. 
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз. 
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің? 
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің? 
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің? 
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің? 

Психолог: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгінгі тренингте өрт қауіпсіздігі туралы қаншалықты деңгейде білгенімізді мына бейне баяннан қайта көрейік.

Психолог: Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын:«Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт - тілсіз жау» деген, отпен аса сақ болу керек және үлкендермен бірге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек !


-75%
Курсы повышения квалификации

Профилактика негативного влияния субкультур на становление личности школьника в условиях информационного общества

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
От - тілсіз жау! (Психологиялық тренинг) (22.37 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт