Меню
Разработки
Разработки  /  Русский язык  /  Разное  /  Дошкольникам  /  "Орыс тілі арқылы баланың сөздік қорын дамыту"

"Орыс тілі арқылы баланың сөздік қорын дамыту"

Орыс тілі арқылы баланың сөздік қорын дамыту

09.04.2018

Содержимое разработки

Тіл - қоғамдағы адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым -қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екні мәлім.

Баланың мектепке дейінгі кезі - оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын кезеңі. Бұған ата - аналар да ерте бастан көңіл бөлгені жөн. Баланың жағымды мінез - құлық әрекеттері 3-4 жасқа дейін-ақ қалыптасып, тұрақтала бастайды. Күнделікті өмірде өзіне қажетті заттарды білуге деген баланың ынтасы артады.

Баланың сөздік қорының молайып жетілуі, оның физиологиялық дамуына (есту, сөйлеу мүшелерінің) байланысты психологиялық процестері де (ой қызметі, сезім, қабылдау, зейін, қиял, еліктеу т.б.) жақтарының дамуына әсер етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың орыс тілін дамытуда төрт негізгі мақсаттар қарастырылады.

- Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту

а) Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін таңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету.

б) Заттың атын (ойыншық, гүл, кітап) т.б. сөздерді үйрету.

в) Заттың сынын, сапасын, түр - түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.

г) Заттың іс - әрекетән білдіретін сөздерді әрі қарай кеңейту (жүрді, жүгірді, келді т.б.) меңгерту.

- Сөз дыбыстарын дұрыс айту.

Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып дұрыс, анық айтуға үйрету 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату.

- Грамматикалық категорияларды меңгерту.

Зат есімге іс - әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату.

- Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін ойын, серуен кезінде көргенін, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету.

- Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері: Баламен әңгімелесу; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу , көрген - білгені туралы әңгімелеп беруді үйретіп отвру, сөздік қорын дамыту.

Сөйлеу тілі мен сөздік қорының жетілуіне байланысты балалар айналасындағы адамдармен тікелей қарым - қатынасқа түседі.

Мектеп жасына дейінгі баланыі тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады.

Бала тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады.

- Айналада бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек - одежда, ыдыс-аяқ - посуда, тағам - продукты) көрсету, баланың өолына беріп, атын сұрап айтқызу.

- Баланы белгілі атына байланысты сөздерден сөйлем құрап айтуға үйрету.

- Балалар сөзді, сөйлемді дүрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын әңгіме құрастырып айтуға үйрету керек.

Балалардың сөздік қорын дамытуда дидактикалық ойнның орны ерекше. Ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің ашылуына жол ашады.

Балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қаситтерді бойына сіңіреді. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде " Ойын баланың жетекші әрекеті" екендігі, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, ойын өрбітіп, бойын өсіреді.

Оқу іс - әрекетінде ойын элементтерін мұғалімнен аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Ойынға балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымның, білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қара ғана үлкен мақсатына жете алады.

Қазіргі уақытта педагогика даму үстінде. Педагог тәрбие және оқыту барысындағы өзінің іс - әрекетінің нәтижелерін әрбір баланың қалай дамып келе жатқандығынан, оның шығармашылық потенциалынан байқайды.

Тілдің дамуы тек мазмұны ғана емес, сонымен қатар, образдық, эмоционалдық жақтарын да меңгеруді қажет етеді. Баланың ақыл - ой дайындығының компоненттерінің бірі - жеткілікті дамыған тіл. Баланың тілін жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сойлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оның құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оның сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет.



Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы шарттарын айта отырыпта, байытуға болады. Мысалы: " В гости к кукле - Қуыршаққа қонаққа бару" , " Одеваем куклу - Қуыршақты киіндіреміз" деген секілді көптеген ойын түрлерін қолдануға болады.

Ұстаз ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымның, білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете алады. Сабақта ойынды дұрыс қолдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әрбір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланың танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.



Отбасында болсын, әсіресе, балабақшада бүлдіршіндердің ойлы да, өнерлі тіл байлығы мол болып өсуіне мүмкіндіктерін аша білуге, оларды ізгі мақсаттар арнасында өрбітуге күш салу игі мақсатымыз.

-80%
Курсы повышения квалификации

Морфология современного русского языка

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Орыс тілі арқылы баланың сөздік қорын дамыту" (19.06 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт